Коммерциялық емес акционерлік қоғам «алматы энергетика ж ә не байланыс институты»

Loading...


бет7/12
Дата07.04.2020
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


7 №7 – дәріс. Цифрлық аспаптар

Дәрістің мазмұны:

1.     Цифрлық өлшеуіш аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу схемалары.

2.     Уақытпен кванттау және деңгеймен дискреттеу принциптері.

Дәрістің мақсаты: кванттау және дискреттеу принциптерін білу; цифрлық өлшеуіш аспаптарды қолдана білу.



Цифрлық өлшеуіш аспаптар (ЦӨА) деп өлшеудің нәтижесі сан түрінде берілетін аспаптарды айтады. Олардың көп түрлілігіне қарамай негізгі құрылыстары бірдей болып келеді (7.1 сурет).

 

 

 



КҚ – кіру құрылғысы; Тр1, Тр2, Тр3 – бір шаманы басқа шамаға түрленгіштер; АСТ – аналог-сандық түрлендіргіш; ИС – импульсты санағыш; СИ – сандық индикация (дисплей); БҚ – басқару құрылғысы.

7.1 Сурет – Цифрлық аспаптың функциялық сұлбасы

Кіру құрылғысы кернеуді не токты өлшеу шегін кеңітуге арналған. Ол ішіне кіру құрылғысы қосымша резисторлар мен шунттардың жиынтығын қолданады. Цифрлық өлшеуіш аспап басты сигнал көп рет келгеннен кейін өлшей бастайды. Бұл аспаптардың өлшейтін сигналдарды түрлендіретін бөлшектерін өлшеуіш түрлендіргіштер деп атайды. Егер аналогтық сигнал басқа аналогтық сигналға өзгерсе, онда өлшеуіш түрлендіргіш аналогтық деп атайды, егер аналогтық сигналды сандық түрге не керісінше өзгертсе, өлшеуіш түрлендіргішті аналог-сандық не сандық – аналогтық деп атайды.

Егер ақпараттық параметр бірнеше бекітілген шамада болса, бұл сигналды дискреттелген не кванталған деп атайды. Квантталу Тр1 – түрлендіргіштің арқасында жасалады, сонда өлшейтін сигнал t уақыт аралығында әртүрлі деңгейде дискреттеледі (7.2 сурет).



7.2 Сурет – Уақытпен кванттау және деңгеймен дискреттеу

7.2 суретте көрсетілгендей аналогтық сигнал U(t) уақыт бойынша бірінен кейін бірі болатын дискреттелген шамалармен Ui (ti) ауыстырылады. Цифрлық өлшеуіш аспап ақпаратты тек қана дискреттелген уақыт кезінде сезе алады. Бұл уақыттың кезі басқару құрылғысы арқылы белгіленеді. Енді алынған дискретті сигналды (тұрақты кернеу) аралық (промежуточный) параметрге түрлендіру керек. Бұл параметр ретінде Тжа уақыт аралығы алынған, мұны жүйелік, аралық деп атайды. Бұл аралыққа қоятын міндет, ол әр уақытта өлшейтін кернеуге пропорционал болу керек.

Бұл түрлендіру кернеу-уақыт аралығы (санайтын уақыт) Тр2 екінші түрлендіргіште жасалады. Санайтын аралық уақыт, салыстырмалы әдіспен, өлшейтін кернеуді уақытпен бір келкі (пропорционал) өсетін тіректі (калибрленген) кернеумен салыстыру арқылы табылады (7.3 сурет).



Салыстыру құрылғысы

СҚ

 

 



 

 

 



 

 

 



 

а) жұмыс істеу сұлбасы;

б) кернеулердің уақыттық диаграммасы

7.3 Сурет – кернеуді уақыт аралығына түрлендіргіш аспаптың схемасы

Тіректі кернеу G1 генератормен жасалады. Бұл генератордың шығыс кернеуі U0 (t) сызықшамен біркелкі өседі. Ара тәрізді кернеу уақытпен біркелкі өседі, оның басқы бұрышы . Түрлендіру процесі басқару құрылғының (БҚ) арқасында бір уақытта t1 басталады. Егер U =U0 болса, салыстыру құрылғы t2 уақытында сигнал береді. Осыдан кейін екі күйі бар триггер Uтр строб (тіректі) импульс жасайды, оның уақыт ұзындығы санайтын уақытқа тең

Тси = t2 – t1.

Уақыттық диаграммадағы үшбұрыштан табатынымыз.

Тси = U tga                                                 (7.1)

егер = const болса, онда tg = C1, сондықтан

Tси = C1 U.                                                (7.2)



Үшінші түрлендіргіш ТР3 Тси уақыт аралығын N санды импульстерге түрлендіреді. Бұл үшін электрондық жүйелі әдіс қолданады. Бұл әдіс бойынша өзгеріп тұратын санайтын уақыт (Тси) үлгілі генератордан G2 алынған үлкен жиілікті төртбұрышты импульстермен толтырылады. (7.4 сурет).











 

 

 



 

 

 



 

 

 











 

 

 



 

 

 



 

 

 а) Түрлендірудің жұмыс істеу сұлбасы.



б) Кернеулердің уақыттық диаграммасы.

7.4 сурет – Кернеуді түрлендірудің жұмыс істеу сұлбасы

ЦӨА 220В электр желісіне қосқанда жиілігі 1мГц үлгілі генератор жұмыс істей бастайды. Генератордың импульстері электрондық кілтке келеді, оның ашық уақыты Тси. Импульсті санағыш ИС импульстерді санап, оларды бірі-бірін қоса бастайды

N = Тси / Тго.                                                       (7.3)

(7.2) өрнекті қолдансақ

U = NТго / С1                                                                                          (7.4)

егер Тго = сonst, онда Тго1 = С2



U = C2 N                                                           (7.5)

Сөйтіп, өлшейтін кернеу импульстың санына пропорционал болады. Бұл импульстардың ИС тағы жиынтығы кодтарды түрлендіргіште түрлендіріп эпидтық-кристалдық, алфавиттік-сандық индикаторға кіреді, сонда өлшеу нәтижесін сан жүзінде көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...