Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде жою және консервациялау



бет7/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
#19851
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде жою және консервациялау




  1. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою туралы жалпы ережелер


  1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы өзіне берілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға міндетті.

  2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін жою, теріс( экологиялық салдардың ең төменгі ықтимал деңгейіне жеткізу, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бұзылған жерлерді оларды одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіру мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені жою болып табылады.

  3. Жою жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған және консервациялауға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.

  4. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына әкеп соқпайды.

  5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою ерекшеліктері оның барлық түрлері ескеріле отырып, осы Кодекстің тиісті ережелерінде айқындалады.



  1. Жоюды қаржыландыру


  1. Жою жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия немесе келісімшарт тоқтатылғанға дейін тікелей жер қойнауын пайдаланушы болып табылған тұлға есебінен жүргізіледі.

  2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді беруге міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді беру жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

  3. Жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының пайдасына жүзеге асырылады.

Осы Кодекске сәйкес белгіленген мерзімде жою бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, мұндай жоюды жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі оператор (жою жөніндегі оператор) жүргізеді. Бұл жағдайда оператордың жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою бойынша шығыстары тиісті қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеледі.

Егер тиісті қамтамасыз ету сомасы нақты бір жою жобасы бойынша шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, жою жөніндегі оператор жетпеген соманы жоюды жүзеге асыруға міндетті болған тұлғаның мүлкінен алуға құқылы. Мұндай адамның мүлкінен жетпеген соманы алу мүмкін болмаған кезде жетпеген сома бөлігіндегі жою бойынша шығыстар бюджет есебінен қаржыландырылады.



  1. Жер қойнауын пайдаланушының жою бойынша міндеттемелерді орындауы кепілдікпен, банктік салым кепілімен және (немесе) сақтандырумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

  2. Егер қамтамасыз ету сомасы уәкілетті тұлға шеккен жою шығыстарының нақты мөлшерінен асса, туындаған айырмашылық бюджетке аударылады.

  3. Қамтамасыз ету пайдалануға берілген әрбір жер қойнауы учаскесі бойынша жеке беріледі.

Салдарын жоюды талап ететін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды осы Кодекске сәйкес берілетін қамтамасыз етусіз жүргізуге тыйым салынады.

  1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) үшінші тұлғаға иеліктен шығаруы оны жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алушы осы Кодексте сәйкес айқындалған мөлшерде қамтамасыз етуді бергенге дейін жою бойынша міндеттемелерден босатпайды.

  2. Егер жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша өзі берген қамтамасыз ету осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе немесе сәйкес келуін тоқтатса, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұруға және күнтізбелік отыз күн ішінде мұндай қамтамасыз етуді ауыстыруды жүргізуге міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жаңартуға қамтамасыз етуді қалпына келтіргеннен немесе ауыстырғаннан кейін ғана жол беріледі.



  1. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі оператор


1. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі оператор (жою жөніндегі оператор) жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарын жою саласында қызметті жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған мемлекеттік заңды тұлға болып табылады.

2. Жою жөніндегі оператор:

1) пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялар салдарын жою жоспарына кешенді сараптаманы жүзеге асырады;

2) мемлекет атынан жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары бойынша құқықты іске асырады;

3) мемлекет атынан жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарын жоюға міндетті борышкердің мүлкіне жаза қолданады;

4) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен мердігерлерді тарту арқылы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарын жоюды ұйымдастырады;

5) міндетті адам жүргізген жоюды аяқтау кезінде құзыретті орган құратын комиссияның жұмысына қатысады.

3. Жою жөніндегі оператор ұйымдастырған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялардың салдарын жою құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық және жер ресурстарын басқару жөніндегі қызметтің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құрған комиссия және егер жою жеке меншікте тұрақты немесе ұзақмерзімді уақытша қайтарымды жерді пайдалануда болса, жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы жою актісіне қол қойғаннан кейін ғана аяқталды деп есептеледі.



  1. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі кепілдік


  1. Кепілгер кепілдікке орай Қазақстан Республикасының алдында осы Кодекске сәйкес айқындалатын ақшалай сома шегінде жер қойнауын пайдаланушының жер ойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемесін осы Кодекске сәйкес толық немесе ішінара орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді.

  2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, шетелдік банк не акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналатын ұйым кепілгер бола алады. Егер шетелдік банк немесе акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналатын ұйым кепілгер болса, мұндай кепілгерлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктер заемдар мен банктік кепілдіктер берген кезде шектеу мақсаттары үшін айқындайтын шетелдік валютада мейлінше аз жеке кредитік рейтинг бойынша талаптарға сәйкес келуге тиіс.

  3. Банктің осы бапқа сәйкес өзі берген кепілдігі бойынша міндеттемесі жою аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

  4. Кепілдік құзыретті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

Шетелдік тұлға берген кепілдік мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасымен шет тілде жасалуы мүмкін, оның дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс.

  1. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік жарна кепілі


  1. Жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда, банктік жарнаның кепіліне орай Қазақстан Республикасының кепілге салынған банктік жарна сомасынан жер қойнауын пайдаланушының басқа кредиторлар алдында басым қанағаттануын алуға құқығы бар.

  2. Осы бапқа сәйкес кепіл нысанасы екінші деңгейдегі банкте орналастырылған банк салымы ғана болуы мүмкін.

  3. Салым теңгемен немесе шетел валютасымен салынуы мүмкін.

  4. Қамтамасыз ету болып табылатын банк салымының мөлшеріне қойылатын талаптар осы Кодексте белгіленеді.

  5. Қамтамасыз ету болып табылатын салымды қайта кепілге салуға тыйым салынады.

  6. Заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының банкроттығын қоса алғанда, ол таратылған жағдайда, кепіл нысанасы конкурстық массаға қосылмайды, ал кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдаланушының өзге де мүлкі есебінен өз талаптарын қанағаттандыруға қатысатын кредитор болып табылмайды.



  1. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру


  1. Жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы, оған сәйкес осы Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушының жою бойынша міндеттемелерін орындамауы (сақтандыру жағдайы) Қазақстан Республикасының (пайда алушы) пайдасына сақтандыру сомасын төлеуге әкеп соғады.

  2. Осы бапта көзделген сақтандыру бойынша қатынастар азаматтық заңнамада реттеледі.



  1. Жер қойнауы учаскесін консервациялау


  1. Жер қойнауы учаскесінде пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды уақытша тоқтату немесе өндірістік құрылыстарды және өзге де объектілерді пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялары жаңарту кезінде келешекте оларды пайдалану үшін, сондай-ақ қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін қысқарту және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жарамды жай-күйге келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жер қойнауы кеңістігін пайдалану кезінде өткізілетін іс-шаралар кешені жер қойнауы учаскесін консервациялау болып табылады.

  2. Жер қойнауы учаскесін консервациялау құзыретті орган белгілеген тәртіппен осы Кодекстің Ерекше бөлімінің ережелерінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.

  3. Жер қойнауы учаскесін консервациялау жер қойнауын пайдаланушы әзірлейтін консервациялау жоспары негізінде жүргізіледі.

Консервациялау жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты құзыретті орган бекітеді.


  1. Каталог: sites -> default -> files -> pages
    pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
    pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
    pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
    pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
    pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
    pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
    pages -> Конкурс туралы хабарландыру
    pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған