Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


СТАРАТЕЛЬДІК 34-тарау. Старательдікті жүзеге асыру шарттары



бет22/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
#19851
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

СТАРАТЕЛЬДІК




34-тарау. Старательдікті жүзеге асыру шарттары

  1. Старательдікке арналған лицензия


1. Старательдікке арналған лицензия бойынша оның иесі пайдалы қазбаларда, аршылым жұмыстарын, құм мен топырақты жуу жұмыстарын, сондай-ақ бағалы металдар мен бағалы тастарды өндіру технологиясымен байланысты басқа да жұмыстарды қоса алғанда, қолмен немесе механизация құралдарын қолдана отырып, түйіршіктеу кен орындарында және техногендік сипаттағы кен орындарында жүзеге асырылатын (тау өндірісі мен металлургияның үйінділері мен қоймаланған қалдықтары) бағалы металдар мен бағалы тастарды старательдік өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға айрықша құқыққа ие.

Көрсетілген бағалы металдар мен бағалы тастар тізбесі «Бағалы металдар мен бағалы тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.

2. Старательдікке арналған лицензия иесі тек жеке тұлға ғана бола алады.

3. Бір адам старательдікке бір ғана лиценцияға ғана ие бола алады.

4. Старательдікке арналған лицензия бойынша құқықтың (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына немесе жүктелуіне тыйым салынады.

  1. Старательдік үшін аумақ


1. Старательдік үшін лицензия Қазақстан Республикасының барлық аумағында беріледі, мыналарды:

1) қорықтық режим орнатылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын;

2) сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер аумағын;

3) ғарыштық қызмет қажеттіліктері, қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік үшін жерлер аумағын;

4) елді-мекендер аумақтарын (қалалар, кенттер мен ауылдық елді мекендер) және оларға бір мың метр қашықтықта жақын орналасқан аумақтарын;

5) жануарларды жерлеуге арналған жерлер, зираттар мен қорымдар аумағын және пайдалы қазбаларды барлау және өндірумен байланысты емес жерасты имараттары орналасқан аумақтарды;

6) геологиялық қорықтар жерлерінің аумағын қоспағанда.

2. Жеке меншік иелері мен жер пайдаланушыларына тиесілі жер учаскелерінде, сондай-ақ басқа тұлғалардың пайдалануындағы жер қойнауы учаскелерінің аумағындағы старательдік тек қана олардың келісімімен жүзеге асырылады.



  1. Старательдікке арналған лицензияны беру


1. Старательдікке арналған лицензия алуға мүдделі адам облыстың жергілікті атқарушы органына белгіленген нысанда жазбаша өтініш береді.

2. Өтініш мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) Өтініш берушінің тегі және әкесінің аты (бар болға жағдайда), өтініш берушінің тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер;

2) Бұрыштық нүктелердің географиялық координаттарымен шамада және жалпы ауданды көрсете отырып, өтініш беруші пайдалануға беруді өтінетін старательдік учаскені айқындайтын старательдік аумаққа нұсқау;

3. Өтінішке мынадай құжаттар:

1) Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасымен көзделген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелері;

2) Осы бөлімге сәйкес старательдік салдарларын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Өтініш берген кезде егер өтініш беруші тағайындаған болса, оның атынан әрекет ететін адамның өкілеттігін растайтын құжат;

4) өтініш беруші бекіткен және старательдік кезінде пайдалану жоспарланатын механизмдеу құралдары мен жабдықтардың тізімін, сондай-ақ старательдік учаскесінде жүргізу жоспарланатын старательдік бойынша жұмыстар түрлері мен тәсілдерінің тізімдемесін қамтитын құжат;

5) аумақтарына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жеке жерді пайдаланушының немесе жер учаскесінің меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;

6) старательдік жоспары қоса беріледі.

4. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

5. Өтініш мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе қазақ тілдерінде жасалған болуы тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттар көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасымен ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариуспен куәландырылады.

6. Өтінішті беру сәті өтінішті облыстың жергілікті атқарушы органына түскен күнімен және уақытымен айқындалады және есепке алуға жатады.

7. Берілген өтініш туралы мәлімет облыстың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында өтініш берілген сәттен бастап екі күн ішінде жариялауға жатады және мыналарды қамтиды:

1) Өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

2) Өтініш беруші пайдалануға беруді өтінетін старательдік учаске аумағының координаттары;

3) Өтініш келіп түскен күні мен уақыты.

8. Облыстың жергілікті атқарушы органы өтінішті оның түскен күнінен бастап үш күн ішінде қарастырады және лицензияны береді немесе оны беруден бас тартады.

9. Старательдікке арналған лицензия алған адам лицензиялық алымды салық заңнамасында көзделген көлемде төлеуге міндетті.



  1. Старательдікке арналған лицензия берудің басымдығы


1. Облыстың жергілікті атқарушы органына берілген бір аумақты қамтитын старательдікке арналған лцензия беруге өтініш олардың түсу кезегі тәртібінде қарастырылады.

2. Кезекті өтініш осының алдында қарастырылған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана қарастырылады.

Кезекті өтінішті қарастыру осының алдындағы қарастырылған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

Егер бас тарту туралы шешімге өтініш беруші сотта дау айтса, кезекті өтінішті қарастыру туралы мәселені сот шешімі күшіне енгеннен кейін облыстың жергілікті атқарушы органы шешеді.

3. Жер қойнауы кеңстігін пайдалануға арналған лицензия өтініші қарастырылған өтініштердің ішінен бірінші болып осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.

4. Лицензия беру туралы шешім қабылданған өтініштен кейін түскен өтініштер бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.



  1. Старательдікке арналған лицензия беруден бас тарту


1. Облыстың жергілікті атқарушы органы келесі негіздемелер болған жағдайда:

1) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

2) өтінішке осы Кодексте талап етілген құжаттар қоса берілмесе;

3) өтініш бергенге дейін екі жыл ішінде өтініш берушіден осы Кодексте көзделген негіздемелер бойынша старательдікке арналған лицензия кері қайтарылған болса;

4) сұралатын аумақ немесе оның бөлігі басқа адамға берілген старательдікке арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесіне немесе осы Кодекске сәйкес старательдікке арналған лицензия беру тыйым салынған аумаққа жататын болса;

5) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде сұралатын аумақ немесе оның бөлігі немесе соған сәйкес келетін жер қойнауы учаскесі өтініш берушімен кері қайтарылған болса;

6) сұралатын старательдік учаске аумағы бес гектардан асатын болса, лицензия беруден бас тартады.

2. Лицензияны беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, негізделген болуы тиіс және құрылысқа лицензияны қарастыру және беру үшін көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге берілуі тиіс.

3. Лицензияны беруден бас тарту өтініш берушімен бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей сот тәртібінде шағымдалуы мүмкін.

4. Лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіні өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.



  1. Старательдікке арналған лицензия мерзімі


1. Старательдікке арналған лицензия үш жылға мерзімімен беріледі. Аталған мерзім лицензия иесінің өтініші бойынша үш жылға бір рет ұзартуға жатады.

2. Старательдікке арналған лицензия берген жергілікті атқарушы орган өтінішті қараған күні старательдік учаскесінің аумағы шекарасы басқа адамға жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша, құзыретті орган берген жер қойнауын пайдалану пайдалануға лицензия бойынша пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағына орналасқан болса, оның әрекет ету мерзімін ұзартудан бас тартады.

Осы тармақтың қағидалары старательші осындай адамнан старательдіктің жалғасуына келісімін алған болса қолданылмайды.

  1. Старательдікке арналған лицензияның жалпы шарттары


1. Старательдікке арналған лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 217-бабының 1-тармағының екінші абзацында көзделген тізім бойынша бағалы металдар мен бағалы тастардың кез келген түрлерін старательдік өндіруді жүргізуге құқылы.

2. Старательдік учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы механизмдеудің мынадай құралдарын:

1) жүк көтергіштігі он тоннадан көп емес жүк машиналарын;

2) шөмішінің көлемі бес текше метрден көп емес экскаваторлар мен бульдозерлерді пайдалануға құқылы.

3. Старательдік учаскесінде жүргізілетін бұрғылау және басқа да жер жұмыстары старательдік учаске аумағының жер бетінің ең төменгі нүктесінен үш метрден аспайтын тереңдікте жүргізіле алады.

4. Старательдікті жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушы мыналарға:



    1. қолданылатын техника құралдарының оңтайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

    2. су ресурстары старательдік мақсатында пайдаланылатын су тоғандары мен өзендердің табиғи жағалау бедерлері мен түбінің бұзылуын болдырмауға;

    3. старательдік кезінде бүлінген жерлерді қалпына келтіруге;

    4. осы баптың 2-тармағында көзделген механизмдеу құралдарын пайдалану бойынша шектеулерді сақтауға;

    5. экологиялық заңнама талаптарымен көзделген басқа да шектеулерді сақтауға міндетті.

5. Егер өзгесі экологиялық немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарынан туындамайтын болса, старательдік барысында орын ауыстырылатын топырақ пен жыныс көлемі шектелмейді.

6. Старательдікті жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы су ресурстарын еркін пайдалануға құқылы.

Су ресурстарын пайдаланған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы суды қорғау іс-шараларын орындауға, сондай-ақ су және экология заңнамасымен белгіленген су объектілерін қорғау бойынша өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

7. Старательдікті жүргізу кезінде мыналарға:

1) химиялық реагенттерді және жарылғыш заттарды қолдануға;

2) күрделі құрылыстар тұрғызуға және салуға тыйым салынады.



  1. Старательдік жоспары





  1. Механизациялау құралдарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы старательдік жоспары болған кезде ғана старательдік бойынша операцияларды жүргізуге құқылы.

  2. Старательдік жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

Старательдік жоспарында старательдік бойынша жұмыстардың түрлері, әдістері мен тәсілдері, шамамен көлемі және оларды жүргізу мерзімі сипатталады.

Старательдік жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты құзыретті орган әзірлейді және бекітеді.

Старательдік жоспарының мазмұнын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық қауіпсіздіктің талаптарын ескере отырып, дербес айқындайды.


  1. Старательдік жоспары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. Жер қойнауын пайдаланушы старательдік жоспарына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда ғана механизациялау құралдарын пайдалана отырып, старательдік бойынша операцияларды жүргізуге құқылы.



  1. Старательдік салдарын жоюды қамтамасыз ету


Жер қойнауын пайдаланушының старательдік салдарларын жою бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін банктік салым немесе банк берген кепілдеме түрінде ұсынылады.

Қамтамасыз етудің жалпы сомасы старательдік учаске аумағын құрайтын гектарлар саны және старательдікке арналған лицензия беруге өтініш берген тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі. Бір гектарға қамтамасыз ету көлемі құзыретті органмен айқындалады.

Қамтамасыз ету сомасы жер қойнауын пайдаланушымен мемлекетке қайтарылған старательдік учаске аумағының тиісті бөлігі гектарының санына мөлшерлес төмендетілуі мүмкін.

  1. Старательдік учаскесінен бас тарту


Жер қойнауын пайдаланушы старательдікке арналған лицензия мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта старательдік учаскенің кез келген бөлігінен бас тартуға құқылы.

Старательдік учаскеден мерзімінен бұрын толығымен немесе бөлігімен бас тарту старательдікке арналған лицензияның қолданылуын тоқтатуға немесе лицензияның қайта рәсімделуіне әкеледі.



  1. Старательдікке арналған лицензияны кері қайтару және оның тәртібі

1. Старательдікке арналған лицензия жергілікті атқарушы органмен мына негіздемелердің бірі болған жағдайда:

1) экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан жер қойнауын пайдалану бойынша қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енгенде;

2) салық заңнамасында көзделген мерзімде лицензиялық алымды төлемеген жағдайда;

3) старательдік салдарларын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынусыз старательдік бойынша жұмыстарды жүргізгенде;

4) осы Кодекстің 225-бабының 3-тармағының, 4-тармағының 4) тармақшасының және 7-тармағының талаптары бұзылған;

5) старательдік жоспарының болуы осы тараубойынша талап етілетін жағдайда онсыз старательдік бойынша жұмыс жүргізілген жағдайда кері қайтаруға жатады.

2. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен көзделген жағдайларда облыстың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушыны жіберілген бұзушылық туралы жазбаша хабардар етеді.

Жер қойнауын пайдаланушы бір ай ішінде бұзушылықты жоюға және бұл туралы облыстың жергілікті атқарушы органына бұзушылық туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде бұзушылықтың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

Бұзушылық белгіленген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы осы баптың 3-тармағына сәйкес старательдікке арналған лицензияны кері қайтарады.

3. Старательдікке арналған лицензияны кері қайтару облыстың жергілікті атқарушы органымен жер қойнауын пайдаланушыға старательдікке арналған лицензияны кері қайтару туралы жазбаша хабарламаны жіберу арқылы жүргізіледі.

Лицензия жер қойнауын пайдаланушы хабарлама ны алған күннен бастап егер аталған күнге дейін оның қолданылу мерзімі аяқталмаса, бір айдан соң қолданылуын тоқтатады.

4. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияның кері қайтарылуы туралы хабарламаны алған күннен бастап кері қайтарылған лицензия бойынша жұмысын дереу тоқтатып, жою бойынша жұмыстарға дереу кірісуге міндетті.

5. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарудың заңдылығына лицензияны кері қайтару туралы хабарламаны алған күннен бастап сот тәртібінде шағымдануға құқылы. Осындай дау айту кезеңінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім даудың нәтижелері бойынша сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.



6. Лицензияны кері қайтару міндеттемелердің орындалмауы немесе дұрыс орындалмауы еңсерілмейтін күштің, яғни төтенше және аталған жағдайларда еңсерілмейтін жағдайлар (апатты құбылыстар, әскери әрекеттер және т.б.) себебінен орын алған болса лицензияны кері қайтаруға жол берілмейді. Мұндай жағдайларға жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржы құралдарының болмауы немесе нарықта қажетті тауарлардың, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтердің болмауы жатпайды.
Қазақстан Республикасының

Президенті



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді