Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты дауларды шешу ерекшеліктері



бет21/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
#19851
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

32-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты дауларды шешу ерекшеліктері




  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты дауларды шешу үшін төрелік

Қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 65-бабында көзделген жағдайларда ол мен құзыретті орган арасында туындаған дауды реттеуге жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының дауды қарау тәсілі ретінде төрелікті таңдау туралы келісімі алынды деп болжанады.



  1. Төрелікке жүгіну үшін шарттар

Жер қойнауын пайдаланушы мына шарттарды сақтаған кезде:



      1. жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланумен байланысты операцияларға нақты шеккен шығыстарының жалпы мөлшері дау туындаған күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 4500000 еселенген мөлшерінен асса. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланумен байланысты шығыстар, оның ішіндеинфрақұрылымды тұрғызу және салу, әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салу бойынша шығыстарды және жер қойнауын пайдалану өзінің лицензиялық міндеттемелерін орындау бойынша операцияларды жүзеге асырумен байланысты жер қойнауын пайдаланушы шеккен өзге де шығыстарды қамтиды.

      2. Лицензияны кері қайтарып алудан туындаған жер қойнауын пайдаланушының залалдарын өтеу немесе жер қойнауын пайдаланушыныңлицензияны ұзақмерзімдік кері қайтарып алуға әкеп соғуы мүмкін осы Кодексте көзделген міндеттемелерді бұзса төрелікке дауды реттеуге жүгінуге құқылы.



  1. Төрелікке жүгіну





  1. Осы Кодекстің 202-бабының ережелерін сақтаған кезде жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 204-бабында көрсетілген тізімнен дербес таңдауға және таңдалған төрелікті және дау нысанасын көрсете отырып құзыретті органға жазбаша хабарлама жіберуге құқылы. Осы Кодекстің мақсаттары үшін құзыретті органның осындай жіберуді алу күні дау туындаған күн болып есептеледі.

  2. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыдан төрелікті таңдау туралы хабарламаны алған күннен бастап жер қойнауын пайдаланушыға мына ақпаратты:

1) төрелік орнын;

2)төрелік тілін көрсете отырып, жер қойнауын пайдаланушыға хабарлама жібереді.



  1. Мұндай хаттармен алмасу нақты төрелік келісім болып табылады.

  2. Төреліктер саны үш адамнан тұруға тиіс, олар жер қойнауын пайдаланушы таңдаған төреліктің регламентіне сәйкес сайланады

  3. Егер құзыретті орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде жер қойнауын пайдаланушыға жауапты хабарламаны жібермесе немесе хабарламаны қажетті ақпаратсыз жіберсе жер қойнауын пайдаланушы төрелік орны мен тілін дербес таңдай алады.



  1. Төрелікті таңдау





  1. Жер қойнауын пайдаланушы мына төреліктердің бірін:

            1. Қазақстан Республикасында кез келген тұрақты әрекет ететін төрелікті;

2) Лондон халықаралық аралық сотты (LCIA);

3) Париждегі Халықаралық сауда палатасы жанындағы төрелікті (ICC); немесе

4) Стокгольмдегі Халықаралық сауда палатасы жанындағы төрелік институты жанындағы төрелікті таңдауға құқылы.

2. Төрелік келісім егер жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында бөлек жасалған келісімде өзгеше белгіленбесе, мына шарттарда:

1) дау жер қойнауын пайдаланушы таңдаған төрелікке түпкілікті шешуге берілсе;


    2) төрешілер саны жер қойнауын пайдаланушы таңдаған төреліктің регламентіне сәйкес сайланатын үш адамнан тұрса;

    3) төрелік орны құзыретті орган не жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 203-бабына сәйкес таңдаған орын болып табылса;

    4) төрелік тілі құзыретті орган не жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 203-бабына сәйкес таңдаған тіл болып табылса;

    5) төрелік шешімі дау тараптары үшін түпкілікті болса, жасалды деп есептеледі.





  1. ЖЕР ҚОЙНАУЫ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ




33-тарау. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар

  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша иегер мыналарды:

1) мұнай және газды, авто жанармай құю станцияларын қоспағанда газ және мұнай өнімдерін жер асты сақтау қоймаларын орналастыру;

2) қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды, ағынды, өнеркәсіптік және техникалық суларды жер қойнауына шығарындыларын (айдау) сақтау немесе көму үшін жер асты орындарын (құрылыстарын) орналастыру (салу) және (немесе) пайдалану;

3) жер асты сулары қорының орнын жасанды толтыру үшін жер қойнауына суды айдау, соның ішінде осы мақсаттарға арналған жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануды қамтитын пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндірумен байланысты емес операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнаы учаскелерін пайдалануға айрықша құқыққа ие.

  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған аумақтар





        1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия пайдалы қазбалардың кен орындары жоқ немесе маңыздылығы шамалы пайдалы қазбалар ресурсы бар жер қойнауы учаскесін пайдалануға беріледі.

        2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беруге мына жағдайларда:

            1. Осы Кодекстің 21-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда;

2) пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операциялар немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялар жүргізу үшін басқа адамның пайдалануындағы жер қойнауы учаскелерінің аумағында;

3) пайдалы қызбаларды барлау немесе өндіру салдарларын жою жүргізіліп жатқан жер қойнауы учаскелерінің аумағында тыйым салынады.




  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру туралы өтініш





  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия алуға мүдделі адам жер қойнауы кеңістігін зерттеу жөніндегі уәкілетті органға белгіленген нысанда өтініш береді.

  2. Өтініш мына мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (суда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығы жөнінде куәландыратын басқа заңдастырылған құжат);

Жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлімет;

2) өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауының тиісті учаскесін айқындайтын аумаққа нұсқама;

3) сұратылатын жер қойнауы учаскесін пайдалану мерзіміне нұсқама.

3. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

1) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін адамның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай адамды өтініш беруші тағайындаған болса;

3) жер асты құрылысы объектісінің сипаттамасын, оқшаулану сипаттамасын, тау-кен жынысы типін, коллектор-қаттың жатқан жерінің тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, сандық және сапалық көрсеткіштер, көму, қоймалау және шығарудың тау-кен техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларды қамтитын құжат;

4) зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды сулардың сипаттамасын: өнімнің атауын, нәтижесінде өнім жасалатын технологиялық өндірісті немесе үдерісті, физикалық сипаттамасын, толық химиялық құрамын, уытты құрамдауыштардың болуын, өрт қауіптілігін, жарылыс қауштілігін, ерігіштігін, сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығын, негізгі ластаушы радионуклидтерді, олардың белсенділігін және басқа да сипаттамаларды, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасын қамтиды.

4. Өтінішке қоса берілетін құжаттар көшірмелері нотариалды куәландырылған болуы тиіс

5. Өтініш мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалған болуы тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттар көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасымен ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариуспен куәландырылған болады.

6. Өтінішті беру сәті жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнмен және уақытпен айқындаладыжәне есепке алуға жатады.

7. Берілген өтініш туралы мәлімет өтініш берілген сәттен бастап екі күн ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялауға жатады және мыналарды:

1) өтініш берушінің атауы (тегі, аты);

2) өтініш беруші қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін пайдалануға ұсынуды сұраған жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақ координаттары;

3) өтініш келіп түскен күні мен уақытын қамтиды.



  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарастыру





  1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өтінішті қарастырады және осы Кодекстің 210-бабының 1-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген лицензия беруден бас тартуға негіздемелер болмаған жағдайда өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде ...

  2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру жер қойнауын пайдаланушыға облыстың жергілікті атқарушы органының жер заңнамасына сәйкес жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын беру үшін негіздеме болып табылады.


  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны берудің басымдығы

1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға берілген бір аумақты қамтитын жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лцензия беруге өтініш олардың түсу кезегі тәртібінде қарастырылады.

2. Кезекті өтініш осының алдында қарастырылған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана қарастырылады.

Кезекті өтінішті қарастыру осының алдындағы қарастырылған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

Егер бас тарту туралы шешімге өтініш беруші сотта дау айтса, кезекті өтінішті қарастыру туралы мәселені сот шешімі күшіне енгеннен кейін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган шешеді.


  1. Жер қойнауы кеңстігін пайдалануға арналған лицензияөтініші қарастырылған өтініштердің ішінен бірінші болып осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.

  2. Лицензия беру туралы шешім қабылданған өтініштен кейін түскен өтініштер бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.



  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беруден бас тарту

1.Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беруден мынадай негіздемелер болған жағдайда1) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмейді;

2) өтінішке осы Кодекспен талап етілетін құжаттар қоса берілмеген;

3) сұралған жер қойнауы учаскесі немесе оның бөлігі жер қойнауыкеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша басқа адамның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жатады;

4) сұралған жер қойнауы учаскесі осы Кодекстің 206-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

5) сұралған жер қойнауы учаскесі толығымен немесе ішінара осы Кодекстің 206-бабының 2-тармағында көрсетілген аумақта орналасқан;

6) лицензия беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп әкелетін болса бас тартады.

2. Лицензия беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, уәждемеленген және лицензияны қарастыру және беру үшін көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге берілуі тиіс.

Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тарту бас тарту үшін негіздеме болған себептерді көрсетпестен шығарылады.

Лицензия беруден бас тарту сот тәртібінде бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күннен бастап дау айтылуға жатады.



  1. Лицензия беруден бас тарту өтініш берушіні қайтадан өтініш беруге құқығынан айырмайды.



  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру

1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия өтініш негізінде беріледі.

2. Тиісті жер қойнауы учаскесі орналасқан жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия жер учаскесіне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттармен бірге беріледі.

  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия шарттары

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия осы Кодекстің 25-бабында көрсетілген мәліметтер мен шарттардан басқа жер қойнауын пайдаланудың мынадай шарттарын қамтуы тиіс:

1) салық заңамасында көзделген жалдау ақысынаның мөлшері мен төлеу мерзімі;

2) осы Кодекстің 205-бабына сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың мақсатты пайдаланылуы.



  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия мерзімі


        1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия жиырма бес жылдан аса алмайды.

Лицензия мерзімі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша лицензияның бастапқы мерзімінен аспайтын кезеңге ұзартылуы мүмкін.

Лицензия мерзімін ұзарту саны шектелмейді.



        1. Ұзарту туралы өтініш жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға бекітілген нысан бойынша лицензияның мерзімі аяқталғанға дейін бір жылдан ерте емес беріледі.

Ұзарту туралы өтініш қарастырылу кезеңінде лицензия мерзімі аяқталған болса, лицензия осындай қарастыру кезеңінде қолданылуын жалғастырады. Лицензияны ұзарту мерзімін есептеу мерзім аяқталған күннен кейінгі күннен басталады.

        1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия мерзімі мына жағдайларда:

  1. Егер өтініш берілген мерзім осы баптың 2-тармағына сәйкес келмесе;

  2. Осы баптың 3-тармағында көзделген лицензияның қолданылуын ұзарту туралы өтінішті беру мерзімі бұзылғанда;

  3. Лицензия шарттарының жойылмаған бұзушылықтары болған жағдайда ұзартуға жатпайды.



  1. Жерасты құрылысын пайдалану жоспары





  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану кезінде жобаоық құжат жер асты құрылысын пайдалану жоспары болып табылады. Жерасты құрылысын пайдалану жоспарыжер қойнауы кеңістігін пайдалану шарттарын және оны жою тәртібін айқындайды.

  2. Жерасты құрылысын пайдалану жоспары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. Жер қойнауын пайдаланушы жобалық құжатқа мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда ғана жер асты құрылысын пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.

  3. Жерасты құрылысын пайдалану жоспарын құру жөніндегі нұсқаулық жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен әзірленіп, бекітіледі.


  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операцияларды жүргізу тәртібі





              1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушы Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға осы Кодексте белгіленген тәртіпте және мерзімде жер асты ғимараттарын пайдалану туралы есептерді ұсынып отыруға міндетті.

              2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша барлық жұмыстар құжаттауға жатады. Құжаттама жер қойнауы учаскесін дұрыс зерттеу және одан әрі игеру үшін қажетті жұмыстар сипаттамасын қамтуы тиіс.

              3. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойыншаоперацияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы мыналарды:

  1. Қолданылатын техника құралдарының оңтайлылығы мен қауіпсіздігін;

  2. Қауіпті техногендік үдерістердің пайда болуынан жер қойнауын қорғау;

  3. Қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды, ағынды, өнеркәсіптік және техникалық сулардың шығарындыларын сақтау және (немесе) көму кезінде дұрыс есепке алу;

  4. Зертханалық зерттеулер мен талдаулардың деректерін қосқанда, жер қойнауы кеңістігін пайдалану кезінде алынған барлық алғашқы және қосалқы геологиялық ақпараттың анықтығы мен сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.



  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану салдарын жою





  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жерасты ғимаратын пайдалану жоспарына сәйкес жүргізіледі.

  2. Жер қойнауын пайдалану құқығы тиісті өндіру учаскесінде жойылған адам осындай тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей жоюға кірісуге міндетті.

  3. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарыныңөкілдерінен құрған комиссия және жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушыжою актісіне қол қойғаннан кейін егер жою жеке меншікте немесе ұзақ мерзімді жерді пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын болса, жою аяқталған болып табылады.

  4. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар салдарларын жоюды аяқтау мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізу үшін негіздеме болып табылады.



  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатында ұсынылған жер қойнауы учаскесінен бас тарту





  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы барлық учаскеден жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып бас тарта алады.

  2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатында ұсынылған жер қойнауы учаскесінен бас тарту мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті жер қойнауы учаскесі туралы мәліметтерді енгізу үшін негіздеме болып табылады.



  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны кері қайтарып алу


  1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия осы Кодекстің 210-бабында көзделген лицензия шарттары бұзылған жағдайда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен кері қайтарып алуға жатады.

  2. Лизензия шарттарын бұзу анықталған кезде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұлтуралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.

Жер қойнауын пайдаланушы бұзушылықтар туралы хабарлама алған сәттен бастап үш ай ішінде бұзушылықтарды жойып, бұл туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға осындай жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.

Жер қойнауын пайдаланушы мұндай хабарлама алғаннан кейін үш ай ішінде бұзушылықты жоюға және бұл туралы құзыретті органға жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарлауға міндетті.

Белгіленген мерзімде бұзушылық жойылмаған жағдайда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы баптың з-тармағына сәйкес лицензияны кері қайтарып алады.


  1. Лицензияны кері қайтарып алуды жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы уәкілетті орган жүргізеді.

  2. Жер қойнауын пайдаланушы кері қайтарып алынған лицензия бойынша жұмыстарды лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап тоқтатып, жою бойынша жұмыстарға кірісуге міндетті.

  3. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияның кері қайтарып алуды лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күнінен бастап сот тәртібімен даулауға құқылы. Мұндай даулау кезеңінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

  4. Егер лицензияны кері қайтарып алуға негіз болған міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс орындамау еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни төтенше және осы мән-жайлар болған кезде еңсерілмейтін жағдайлар (дүлей зілзалалар, әскери іс-әрекеттер және т.б.) себебінен болса, лицензияны кері қайтарып алуға жол берілмейді. Мұндай жағдайларға жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржылық құралдардың болмауы немесе нарықт;а қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің болмауы жатпайды.

  5. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануғаарналған лицензияны кері қайтарып алу жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастріне енгізу үшін негіз болып табылады.




  1. Каталог: sites -> default -> files -> pages
    pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
    pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
    pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
    pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
    pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
    pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
    pages -> Конкурс туралы хабарландыру
    pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы