Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін қайта құру



бет20/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
#19851
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

30-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін қайта құру




  1. Қайта құру ұғымы және түрлері

1. Жер қойнауы учаскелерін қайта құру бір лицензия бір жер қойнауы учаскесін (негізгі учаске) басқа лицензия бойынша басқа жер қойнауы учаскесіне қосу жолымен немесе бір лицензия бойынша бір жер қойнауы учаскесінен басқа учаскені (бөліп алынған учаскені) бөліп алу жолымен жүргізілетін кеңістіктік шекарасын өзгерту болып табылады.



  1. Жер қойнауы учаскелерін қайта құруға қайта құрылатын учаскелер пайдаланушысы бір адам (бір адамдар) болып табылған жағдайда жол беріледі.

  2. Жер қойнауы учаскелерін қайта құру жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзім ішінде жүргізіледі.



  1. Жер қойнауы учаскелерін қосу

1. Жер қойнауы учаскелерін бір барлау учаскесін қатты пайдалы қазбаларды өндірудің басқа учаскесіне қосқан жағдайда жүргізіледі.

2. Жер қойнауы учаскелерін басқа жер қойнауы учаскесіне қосу:

1) қосылатын жер қойнауы учаскесі қосылу жүргізілетін жер қойнауы учаскесімен лас шекараға ие;

2) негізгі және қосылатын жер қойнауы учаскесі ұстап қалу мәртебесіне ие болмағанда;


  1. қосылатын жер қойнауы учаскесіне лицензия негізгі учаске лицензиясынан кейінірек берілген жағдайда;

  2. жер қойнауын пайдалану құқығы негізгі немесе қосылатын жер қойнауы учаскесінің лицензиясы бойынша кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепілдік ұстаушының қосуға алдын ала келісімі болған;

  3. негізгі және қосылатын жер қойнауы учаскелерінің лицензиялары бойынша орындалмаған міндеттемелері жоқ болған жағдайларда жүргізіледі.

3. Қосылған жер қойнауы учаскесіне жүргізілген қосуды есепке ала отырып, негізгі жер учаскесі лицензиясының әрекеті қолданылады, ал қосылатын учаске лицензиясы күшін жоғалтады. Өндіру учаскесін өндірудің негізгі учаскесіне қосу негізгі учаске лицензиясына өзгерістер енгізумен ресімделеді.

  1. Жер қойнауы учаскесін бөліп алу

1. Жер қойнауы учаскесін бөліп алу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) жер қойнауы учаскесінің бөлігін барлауға арналған лицензия бойынша бөліп алу;

2) жер қойнауы учаскесінің бөлігін өндіруге арналған лицензия бойынша бөліп алу.

2.Бөліп алу:

1) бөліп алу жүргізілетін жер қойнауы учаскесі ұстап тұру мәртебесіне ие болмаған;

2) жер қойнауын пайдаланушының бөліп алу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне лицензиясы бойынша құқығы кепілмен ауыртпалық салынған жағдайда кепіл ұстаушының бөліп алуға алдын ала келісімі болған жағдайларда;

3) бөліп алу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне лицензия бойынша орындалмаған міндеттемелер болмаған жағдайда;

4) бөліп алынған учаскеде жер қойнауын пайдалану түрі бөліп алу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану түріне сәйкес келген жағдайларында жүргізіледі.

3.Жер қойнауы учаскелерін бөліп алу бөліп алу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне лицензияға өзгерістер енгізумен және бөліп алынған жер қойнауы учаскесіне жеке лицензия берумен ресімделеді.

4.Бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға арналған лицензия мерзімі бөліп алынған жер қойнауы учаскесіндегі барлаудың қалған мерзіміне тең болады.

5.Бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша өндіруге арналған лицензия мерзімі бөліп алу жүргізілген жер қойнауы учаскесіндегі өндірудің қалған мерзімінің ұзақтығымен айқындалады.



6. Жер қойнауы учаскелерін бөліп алу жолымен қайта құру осы Кодекстің 149 және 167-баптарымен көзделген өлшемінің жер қойнауы учаскелерінің пайда болған аумағының өлшемдеріне пропорционалды өзгеруін және қайта есептелуіне әкеледі.

  1. Жер қойнауы учаскелерін қайта құруға өтініш


  1. Жер қойнауы учаскелерін қайта құруға өтініш құзыретті орган жасаған нысан бойынша құрылады.

  2. Өтініш мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

  1. қайта құру тәсілін көрсету;

  2. қайта құрылатын учаскелерді пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы туралы мәлімет;

  3. заңды тұлғалар үшін – толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы және салық органдарында тіркелуі туралы мәлімет басшылары туралы мәліметтер;

  4. өтініш берушінің тегі мен аты, тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын өтініш берушінің салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы мәлімет;

  5. қайта құруға жататын жер қойнауы лицензиялары мен учаскелеріне сілтемелер.

  1. Өтініш қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.

  2. Өтінішке өтінішті беру кезінде егер өтініш беруші тағайындаған болса, өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжат қоса беріледі.

Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде жасалған болуы тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ немесе орыс тілдерінде аудармасымен ұсынылады, оның дұрыстығы нотариуспен куәландырылады.

  1. Өтініштер мен оған қоса берілетін құжаттар құзыретті органға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды нысанда берілуі мүмкін..

  2. Лицензияланған учаскелерді қайта құру туралы мәселе құзыретті органмен өтініш берген күннен бастап отыз күн ішінде осындай қайта құрулардың әрбір жағдайлары үшін жеке-жеке қарастырылады.

  3. Құзыретті органның жер қойнауы учаскелерін қайта құруда бас тартуы дәлелденген болуы тиіс және өтініш берушімен сот тәртібінде дау айтылуы мүмкін.



31-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру шарттары туралы келісім

  1. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім ұғымы


  1. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім Қазақстан Республикасы қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияның (лицензиялардың) иесіне преференция беруге міндеттенетін, ал соңғысы қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобасына инвестицияларды өз тәуекеліне жүзеге асыруға міндеттенетін шарт (қайта өңдеу туралы келісім) болып табылады.

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірісті құруды, қолданыстағыларды кеңейтуді немесе жаңғыртуды көздейтін іс-шаралар кешені қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылады.

  1. Қайта өңдеу туралы келісім Қазақстан Республикасы атынан қайта өңдеу туралы келісімді инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жасайды.

Қайта өңдеу туралы келісім жер қойнауын пайдаланушының инвестиция көлемі келісім жасау күні белгіленген 7000000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен төмен емес көлемді құрайтын қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобалары бойынша жасалуы мүмкін.

  1. Қайта өңдеу туралы келісім қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру шарты болып табылмайды.

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеудің немесе өндірістік объектінің бір жобасы бойынша бір ғана қайта өңдеу туралы келісім жасалуы мүмкін.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу тәртібі





  1. Өңдеу туралы келісім жасауға ниеті бар жер қойнауын пайдаланушы инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға олар бекіткен нысан бойынша өтініш береді.

  2. Өтінішке мыналар қоса беріледі:

  1. Жер қойнауын пайдаланушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы (қайта тіркелуі) анықтама;

  2. Басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

  3. өңдеу жобасының қаржылық-экономикалық үлгісі;

  4. инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес жасалған өңдеу жобасының бизнес-жоспары;

  5. қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісім жобасы.

  1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінішті тіркеп, өтініш берушіге келіссөздердің басталу күні туралы хабардар етеді, ол өтінішті алған күннен бастап бір айдан кешікпеуі тиіс.

  2. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тарапынан келіссөздер жұмыс тобымен жүргізіледі. Жұмыс тобы туралы ереже мен оның құрамы Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен бекітіледі.

  3. Келіссөздер жүргізу мерзімі алты айдан аспауы тиіс. Келіссөздер нәтижелері хаттамамен рәсімделеді.

  4. Жер қойнауын пайдаланушы келіссөздерден және өңдеу туралы келісім жасасудан, бұл туралы инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жазбаша хабарлай отырып кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

  5. Келіссөздер нәтижелері бойынша келісілген өңдеу туралы келісім жобасы инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға құқықтық сараптама ұйымдастыру үшін ұсынылады.

Құқықтық сараптама құқықтық реттеу саласындағы уәкілетті органмен сараптама жүргізу үшін қажетті тиісті құжаттарды алған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құқықтық сараптама өңдеу туралы келісім жобасының Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігі мәніне жүргізіледі.

Құқықтық сараптаманың оң қорытындысы жағдайында инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өңдеу туралы келісім жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге жібереді.

Құқықтық сараптаманың теріс қорытындысы жағдайында жер қойнауын пайдаланушы өңдеу туралы келісім жобасын сараптама ескертулерін жою мақсатында пысықтайды.



Көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін құқықтық сараптама қайталап жүргізіледі.

  1. Құқықтық сараптаманың оң қорытындысын алған өңдеу туралы келісім жобасы сараптама қорытындысының күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге жіберіледі.

  2. Өңдеу туралы келісім инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен оның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойылуға жатады.

  3. Өңдеу туралы келісім барлық тараптар қол қойғаннан кейін жасасқан болып есептеледі.

Өңдеу туралы келісім инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен өңдеу туралы жасалған келісімдер тізілімінде есепке алуға жатады.

  1. Өңдеу туралы келісімнің мазмұны





  1. Өңдеу туралы келісім мыналарды қамтуы тиіс:

  1. келісімнің мәні;

  2. жер қойнауын пайдаланушыда бар қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияға (лицензияларға) нұсқау;

  3. жер қойнауын пайдаланушының инвестициялық емес жәнеәлеуметтік міндеттемелері;

  4. ұсынылған мемлекеттік преференция (преференциялар) түрі және оның мерзімі;

  5. келісімге сәйкес жасалған, кеңейтілген немесе жаңғыртылған өндірістік мүліктің пайдаланудан шығуы, оның бөлшектенуі, кәдеге жарату және бүлінген жерлерді қалпына келтіру бойынша міндеттемелер;

  6. өңдеу туралы келісім шарттарының бұзылғаны үшін жауапкершілік;

  7. төрелік сынау.

  1. Өңдеу туралы келісімге қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады.

  2. Өңдеу туралы келісіммен осы Кодекспен және қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиямен (лицензиялармен) көзделген шарттарға қарағанда өндіруге ең төменгі шығыстар және жер қойнауын пайдаланушының оқытуды және Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық қызметті қаржыландыру бойынша міндеттемелері туралы басқа да шарттар қарастырылуы мүмкін.

Көрсетілген шарттарды өзгерту немесе алып тастау лицензияны өңдеу туралы келісім жасасу күніне тиісті қайта рәсімдеуге әкеледі.

  1. Өңдеу туралы келісім тараптар айқындайтын басқа да ережелерді қамтуы мүмкін.

  2. Өңдеу туралы келісім жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату туралы ережені қамти алмайды.

  3. Өңдеу туралы келісім мерзімі осындай келісімде көзделген өндіруге лицензия мерзімінен аса алмайды. Егер келісім қатты пайдалы қазбаларды өндіруге екі немесе одан көп лицензияға сілтеме жасаса, онда келісім мерзімі ең кеш күнде аяқталатын өндіруге лицензия мерзімінен аса алмайды.

Өңдеу туралы келісімде көзделген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияның (барлық лицензиялардың) қолданылуын тоқтату аталған келісімнің тоқтатылуына алып келеді.

  1. Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуы тиіс. Тараптардың келісімі бойынша келісім мәтіні басқа тілге де аударыла алады.

  2. Өңдеу туралы келісімді жасасу, орындау және тоқтату бойынша қатынастарға азаматтық заңнама осы тараумен реттелмейтін жағдайларда қолданылады.
  1. Ұсынылатын мемлекеттік преференциялар түрлері





  1. Мемлекеттік преференция Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлға болып табылатын, қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушыға ол қатты пайдалы қазбаларды өңдеу жобасын Қазақстан Республикасының аумағында іске асыруда ұсынылады.

  2. Мемлекеттік преференция жер қойнауын пайдаланушының әлеуметтік және инвестициялық міндеттемелерін қарастыратын тараптардың бірдейлігі басында ұсынылады, соның ішінде мына міндеттемелерді:

  1. өндіруші және (немесе) қөңдеуші өндірісте Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жұмыс орындарын құру және сақтау бойынша ;

  2. өңдеуші өндірісті құру, кеңейту және (немесе) жаңғырту бойынша;

  3. қатты пайдалы қазбаларды өңдеудің көлемі және тереңдігі бойынша;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылатын адамдарға шикізат ретінде ішкі нарықта өткізу үшін шығарылатын өнім көлемі бойынша;

  5. Ғылыми-техникалық сала, қоршаған ортаны қорғау және қолданбалы ғылым саласының мамандарын даярлау бойынша қазақстандық оқу орындарының бағдарламаларын қаржыландыру бойынша;

  6. Әлеуметтік және (немесе) мәдени мақсаттағы нысандар құрылысын және (немесе) реконструкциясын қаржыландыру бойынша;

  1. Өңдеу туралы келісімге сәйкес мемлекеттік преференциялардың мынадай түрлері ұсыныла алады:

  1. Импортқа кеден баждарын және қосылған құн салығына салық салудан босату;

  2. Салықтар бойынша преференциялар;

  3. Салық режимінің тұрақтылығы;

  4. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша ақылы жерді пайдалану құқығында жер учаскелерін беру.

  1. ПреференцияҚазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференция берілген және мемлекеттік жекеменшік серіктестік шщарты бойынша немесе концессия шарты бойынша инвестициялар жүзеге асырылып жатқан қатты пайдалы қазбаларды өңдеу объектілері бойынша берілмейді.



  1. Кеден бажын салудан босату


  1. Жер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісім бойынша ұсынылған мемлекеттік преференцияларға сәйкестехникалық жабдықтарджы, оларға құрамдас бөліктерді және қосалқы бөлшектерді, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тәртіпте кеден бажын салудан босатылады.

Технологиялық жабдық деп қатты пайдалы қазбаларды өңдеу жобасының технологиялық процесте пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.

Шикізат және (немесе) материал, құрамдас бөлшек деп технологиялық процесс арқылы дайын өнімді алу үшін пайдаланылатын кез келген компонент, бөлшек немесе басқа да тауар түсініледі.



  1. Технологиялық жабдықты және оған құрамдас бөліктерді импорттау кезінде кеден бажын салудан босату өңдеу туралы келісім қолданылуының кез келген уақытында, алайда соңғы қатарынан бес жылдан аспайтын мерзімге ұсынылуы мүмкін.

Шикізатты және (немесе) материалды импорттау кезінде кеден бажын салудан босату өңдеу туралы келісім бойынша тіркелген активтерді пайдалануға берген күннен бастап бес жыл мерзіміне ұсынылады.

Егер қатты пайдалы қазбаларды өңдеу жобасымен екі немесе одан көп тіркелген активтерді енгізу көзделсе, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектерді, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден бажын төлеуден босату мерзімін есептеу соңғы тіркелген актив пайдалануға енгізілген күннен бастап жүргізіледі.

Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган кеден органын осы бапқа сәйкес преференция берілгені туралы пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісім жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

  1. Салықтар бойынша преференция





  1. Салықтар бойынша мемлекеттік преференциялар Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер саласындағы заңнамада көзделген тәртіпте және шарттарда өңдеу туралы келісім негізінде ұсынылады.

  2. Өңдеу туралы келісім бойынша қатты пайдалы қазбаларды өңдеу жобасы аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар бойынша преференциялардың мынадай түрлері ұсынылады:

  1. Шикізат және (немесе) материалдар импортының қосылған құн салығынан босату;

  2. Есептелген корпоративті табыс салығының сомасын 100 пайызға төмендету;

  3. Жер салығының жарналарына 0 коэффициентін қолдану;

  4. Салық базасына 0 пайыздық жарна бойынша мүлікке салықты есептеу.

  1. Салықтың әрбір түрі бойынша мемлекеттік преференция өңдеу туралы келісімнің кез келген қолданылу мерзімінде, алайда келесі бес жылдан аспайтын мерзімге ұсынылуы мүмкін.



  1. Өңдеу туралы келісімнің тұрақтылығының кепілдігі

Өңдеу туралы келісім бойыншақолданылатын салықтар мен жер қойнауын пайдаланушы төлейтін бюджетке басқа да төлемдердер, оларды есептеу және төлеу тәртібі бөлігінде мемлекеттік кірістер саласындағы заңнаманың өзгеруінен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға және қатты пайдалы қазбаларды өңдеу бойынша қызметке қолданылатын салық режимі тұрақтылығының кепілдігіұсынылуы мүмкін.

Салық режимінің тұрақтылығы өңдеу туралы келісімнің қолданылу кезеңінде қолданылады.

  1. Жер учаскелерін беру

Байыту және (металллургиялық) өндіріс нысандарын, жолдарды, инженерлік коммуникацияларды, қатты пайдалы қазбаларды өдірумен, өңдеумен және тасымалдаумен байланысты басқа да инфрақұрылым нысандарын салу мен пайдалану үшін қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісім бойынша жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша ақылы жерді пайдалану құқығында жер учаскесі (жер учаскелері) бөлінуі.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісімді тоқтату салдары

Өндіру және қайта өңдеу туралы келісімді осындай келісім жасалған өндіруге арналған лицензияның мерзімі аяқталғанға дейін тоқтату аталған лицензияны келісімді жасасқанға дейін қолданыста болған жер қойнауы учаскесінде өндіру шарттарына және өзгертілген келісімге сәйес қайта рәсімдеуге әкеледі.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісім бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беру





  1. Жер қойнауын пайдаланушының қайта өңдеу туралы келісім бойынша құқықтары мен міндеттемелерін аталған келісім жасалған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының тиісті өтуінсіз беруге тыйым салынады.

  2. Қайта өңдеу туралы келісім жасалған жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы аталған келісім бойынша құқықтар мен міндеттемелердің міндетті берілуіне әкеледі.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісім бойынша құқықтарға ауыртпалық салу





  1. Өңдеу туралы келісім бойынша құқықтарға ауыртпалық салуға, аталған келісім жасалған лиензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалық салмастан кепілдікті қоса алғанда, жол берілмейді.

  2. Өңдеу туралы келісім жасалған лицензия бойынша кепілдікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалық салу осы келісім бойынша құқықтарға міндетті ауыртпалық салуға әкеледі.




Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді