Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


Негізгі ережелер Жалпы ережелер

Loading...


бет2/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Негізгі ережелер




    1. Жалпы ережелер




    1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы


  1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегі қағидалардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

  3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін нормаларды қамтитын өзге заңдары арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.

  4. Азаматтық заңнама жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарға олар осы Кодекстің нормаларында реттелмеген жағдайларда қолданылады.



    1. Осы Кодексте реттелетін қатынастар


  1. Осы Кодекс жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейді.

  2. Осы Кодексте тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне енгізуге тыйым салынады.

Жерасты су ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастар осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының су заңнамасында реттеледі.

  1. Осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар болып табылады.

  2. Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарда құқықтарды пайдаланады және міндеттері болады.

  3. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар өтеусіз негізде өздеріне тиесілі жер учаскелері шегінде:

            1. кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсаттарда жұмыр тасты, қиыршық тасты, құмды-қиыршық тас қоспасын, шымтезек, шойтасты, құрылыс құмын, саз балшығын, суглинка, сазды тақта тасты және сазды әктасты өндіруге;

            2. жер қойнауы кеңістігін пайдалануға құқылы.

Осы тармақта көзделген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалану болып табылмайды және Жер кодексінде реттеледі.

    1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері


Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері мемлекеттің экономикалық өсімі мен қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мыналар:

  1. мемлекеттің жер қойнауына құқығын қорғау;

  2. мемлекеттік саясатты іске асыру және жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттеу;

  3. жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін қорғау;

  4. Қазақстан Республикасының минерал-шикізат базасының өсімі;

  5. жер қойнауын пайдалануға құқықтары туындауының, өзгеруінің және тоқтауының негіздерін, шарттары мен тәртібін белгілеу;

  6. жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

  7. жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;

  8. жер қойнауын пайдалану бойынша қатынастар саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.



    1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының қағидаттары


Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастары құқықтық реттеу мынадай:

  1. мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану;

  2. жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік;

  3. жер қойнауын пайдаланудың ақылылығы;

  4. жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы;

  5. жер қойнауын пайдаланушылар шарттарының тұрақтылығы қағидаттарына негізделеді.



    1. Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану


Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану мемлекет пен қоғамның экономикалық өсуі мен экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы қамтамасыз етіледі.

    1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік


  1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпарат, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қолжетімді болып табылады.

  2. Мемлекет мыналарға:

  1. жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукциондар туралы, олардың шарттары мен нәтижелері туралы ақпаратқа;

  2. мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату туралы шешімдеріне;

  3. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар түрлерін ескере отырып жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ақпаратқа;

  4. құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

  1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалады.

  2. Мүдделі адамдар осы бапқа сәйкес қол жеткізілуі қамтамасыз етілетін ашық ақпаратты өтеусіз пайдалануға құқылы.



    1. Жер қойнауын пайдаланудың ақылылығы


Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалану ақылы (өтеулі) болып табылады. Жер қойнауын пайдалану үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы жүзеге асырылады.


    1. Жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы


Жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы көзделген.

    1. Жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығы


Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдалану шарттарының құқықтық тұрақтылығына кепілдік береді.

Жер қойнауын пайдалану құқығы берілгеннен кейін күшіне енген, берілген құқық иесінің жауаптылығын белгілейтін немесе күшейтетін, оған жаңа міндеттер жүктейтін, оның ішінде нәтижелерін нашарлататын жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың өзге де шарттарын айқындайтын заңнаманың өзгеруі жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығына қолданылмайды.



Осы бапта белгіленген кепілдік, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.


    1. Каталог: sites -> default -> files -> pages
      pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
      pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
      pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
      pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
      pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
      pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
      pages -> Конкурс туралы хабарландыру
      pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...