Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру



бет18/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
#19851
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

28-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру




  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия

Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша оны иесінің жер қойнауынан бетіне (буландыру, седименттеу және конденсаттау арқылы ұсақ кен орындарын жерасты газдандыру және еріту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, түйіршіктеу және гидравликалық игеру) шығару бойынша жұмыстарды, өндіру учаскесінің аумағында пайдалы қазбаларды алуды, жинауды, ұсақтауды және алынғандарды сұрыптауды көздейтін өндіру учаскесінің шегінде өзге де жұмыстарды, қатты пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операцияларды қоса алғанда, олардың табиғи жатқан жерлерінен қатты пайдалы қазбаларды бөлуге және алып шығаруға бағытталған және олармен байланысты жұмыстар кешенін көздейтін операцияларды, сондай-ақ өндіру учаскесі шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды өткізу мақсатында жер қойнауының учаскелерін пайдалануға айрықша құқығы бар.

Өндірілген қатты пайдалы қазбаларды қайта өндеу бойынша жұмыстар, оның ішінде ұсақтау, брикеттеу, агломерациялау, сорбциялау (десорбциялау), байыту немесе балқыту өндіру бойынша операцияларға жатпайды.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған аумақтар





  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны жер қойнауының мемлекеттік қоры басқармасының бағдарламасында айқындалатын аумақтарға беріледі.

  2. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге:

  1. осы Кодекстің 21-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда;

  2. басқа адамның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағында оның келісімінсіз көмірсутек өндіру бойынша операциялар өткізу үшін;

  3. қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия бойынша, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге басқа лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану лицензиясы бойынша пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында;

  4. қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізіліп жатқан жер қойнауы учаскесінің аумағында.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтініш





  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға мүдделі тұлға құзыретті органға белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш береді.

  2. Өтініште мынадай мәліметтер:

1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшысы туралы мәліметтер, өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

2) өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын блокқа (блоктарға) нұсқаулар;

3) осы тарауда көзделген мерзімдер шегінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін сұралатын жер қойнауы учаскесін пайдалану мерзімін көрсету қамтылуға тиіс.



  1. Өтінішке мынадай құжаттар:

  1. осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растатйын құжаттардың көшірмелері;

  2. өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса, өкілеттігін растайтын құжат;

  3. осы Кодекстің 172-бабына сәйкес әзірленген тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы;

  4. осы Кодекстің 173-бабына сәйкес әзірленген жою жоспарының жобасы;

  5. өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесінің қатты пайдалы қазбаларының ресурстарын бағалау туралы есеп;

  6. өтініш берушінің Қазақстан Республикасында Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға келісімшартқа қол қойылғанға дейін қосылуы туралы міндеттемесі;

  7. егер өтінішті барлауға арналған лицензияның иесі айрықша құқық бойынша берсе, өтініш алдыңғы күнге және өтініш берілген кезде мұндай есеп құзыретті органға берілмеген есептік кезең үшін барлау учаскесінде жұмыстар мен шығыстар туралы есеп ағымдағы есептік кезең үшін

  8. егер өтінішті барлауға арналған лицензияның иесі айрықша құқық бойынша берсе, барлауға арналған лицензия бойынша ағымдағы есептік кезең үшін жалға алу төлемдерін төлегендігін растайтын құжат қамтылуға тиіс.

Уран немесе сирек кездесетін уран кен орнының ресурсын бағалау туралы есеп қоса берілетін өтінішті уран өндіру саласындағы ұлттық компания ғана бере алады.

  1. Өтінішке қоса берілетін құжаттарды көшірмелерін нотариус куәландыруға тиіс.

  2. Өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармамен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

  3. Өтініштің түскен күні мен уақыты өтініш беру кезі деп айқындалады және есепке алынады.

  4. Берілген өтініш туралы мәліметтер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында өтініш берілген кезден бастап екі күн ішінде ресми жариялануға жатады және мыналарды:

  1. өтініш берушінің атауын (тегін, атын);

  2. өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақты құрайтын блоктың (блоктардың) коды мен координаттарын;

  3. өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтиды.

  1. Осы баптың 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген есеп мақсаты үшін қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын бағалауды оның қағидаларына сәйкес құзыретті орган айқындайтын өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйымның мүшелері болып табылатын білікті тұлғалар ғана жүзеге асырады. Осы өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйымның қағидалары ұқсас шетелдік кәсіби өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесін білікті тұлға ретінде тануды көздеуі мүмкін.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау





  1. Құзыретті орган осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағы 1)-6) тармақшаларында көзделген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде өтініш келіп түскен күннен бастап бес күн ішінде өтініш берушіге осы тарауда көзделген тау-кен жұмыстары жоспарына және жою жоспарына мемлекеттік сараптама жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама құзыретті органның ресми интернет-ресурсында оның жібергеннен кейін екі күн ішінде жариялануға тиіс.

Осы тармақта көзделген тау-кен жұмыстары жоспарына жою жоспарына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын өтініш беруші құзыреті органға хабарлаған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей жіберуге жатады.

Өтініші беруші құзыретті органға көрсетілген мерзімді ұзарту үшін жүгінуге құқылы. Құзыретті орган бұл мерзімді егер ұзарту қажеттілігі өтініш берушіге байланысты емес жағдайлардан туындаған болса, осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады.



  1. Құзыретті орган өтініш берушіге қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мемлекеттік сараптамалардың оң қорытындысы берілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей береді.

  2. Егер өтініште көрсетілген аумақтың бөлігі жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған, қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған арналған лицензия бойынша басқа адамның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына жататын болса, құзыретті орган өтініш берушіні бұл туралы өзінің интернет-ресурсында жариялау арқылы хабардар етеді. Хабарлама жарияланған күннен бастап бес күн ішінде өтініш беруші өтініштен бас тартуға немесе сұрау салынған жер қойнауы учаскесінің аумағын кішірейтуге құқылы. Егеркөрсетілген мерзім өткен соң өтініш беруші сұрау салынған жер қойнауы учаскесінің аумағын кішірейтсе өтініш мәні бойынша қаралады.

  3. Өтініш берушіге басқа тұлғаға тиесілі немесе соның пайдалануыдағы жер учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда сол жер қойнауы учаскесінен жер учаскесінің топырақ бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдікте жер қойнауының бөлігі алып тасталады.

  4. Осы баптың 1-тармағында көзделген хабарлама облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жерлерді Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен резервке қою үшін негіз болып табылады.

  5. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру Қазақстан Республикасының жер кодексіне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органымен жер қойнауын пайдаланушыға жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын беру үшін негіз болып табылады.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру басымдығы





  1. Құзыретті органға берілген, белгілі бір аумақты қамтитын қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беруге өтініштер түскен кезектілігінің тәртібіне қарай қаралады.

  2. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде қаралады.

Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

Егер бас тарту туралы шешімге өтініш беруші сотта шағымданса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені құзыретті орган сот шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.



  1. Өндіруге арналған лицензия түскен өтініштердің ішінде өтініші бірінші осы Кодекстің талаптарына сәйкес келген өтініш берушіге беріледі.

  2. Лицензия беру туралы шешім қабылданған өтініштен кейін түскен өтініштер бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тарту





  1. Құзыретті орган мынадай негіздемелердің бірі болған кезде:

  1. өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

  2. өтінішке осы Кодексте талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;

  3. өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушінің немесе өтініш берушіні тікелей не жанама бақылайтын тұлғаның немесе оның бақылауындағы тұлғаның жер қойнауын пайдалануға лицензиясын осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауының сұралатын учаскесі бойынша құзыретті орган кері қайтарып алған болса;

  4. сұрау салынған жер қойнауы учаскесі немесе оның бөлігі жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған, қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған арналған лицензия бойынша басқа адамның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жатса;

  5. өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде сұралатын аумақ немесе оның бір бөлігі және соған сәйкес келетін жер қойнауы учаскесін өтініш беруші не өтініш берушіні тікелей не жанама бақылайтын тұлға немесе оның бақылауындағы тұлға қайтарған болса;

  6. егер лицензия беру едің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірсе;

  7. өтініш беруші құзыретті органға тау-кен жұмыстары жоспары жобасының мемлекеттік сараптамаларының оң қорытындысын беру мерзімін сақтамаған кезде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартады.

  1. Лицензия беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, дәлелді болуға және өтініш берушіге лицензияны қарау және беру үшін көзделген мерзім ішінде берілуге тиіс.

Осы баптың 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес бас тарту осындай бас тарту үшін негіз болған себептерді көрсетпей шығарылады.

3. Лицензия беруден бас тарту бас тарту туралы шешім қабылданған күні құзыретті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.



4. Өтініш беруші лицензия беруден бас тартуға бас тарту туралы ақпарат жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей сот тәртібімен шағымдана алады.

  1. Лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.

  2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша айрықша құқық негізінде берілген жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беруден бас тартуға барлауға арналған лицензия шарттарының жойылмаған бұзушылықтары болған жағдайда ғана немесе осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жол беріледі.

Егер айрықша құқық бойынша барлауға арналған лицензия беру туралы өтінішті берген кезде осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болса, құзыретті орган өтінішті қабылдайды және өтініш берушіні өтінішті қарау үшін осындай мән-жайларды жою қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші көрсетілген мән-жайларды жою кезеңіне және өтінішті құзыретті орган қайта қарағанға дейін ұзартылады.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия шарттары


Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия осы Кодекстің 25-бабында көрсетілген мәліметтер мен шарттардан басқа жер қойнауын пайдаланушының мынадай талаптарын:

  1. салық заңнамасында көзделген жалға алу ақысының мөлшерін және төлеу мерзімін;

  2. қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларға жыл сайынғы мейлінше аз шығыстардың мөлшерін қамтуға тиіс.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі жыл сайынғы ең төменгі шығыстар


  1. Өндіруге арналған лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушы осы баппен белгіленген өндіруге жыл сайынғы ең төменгі шығыстар туралы талаптарды сақтауға міндетті.

  2. Өндіруге жыл сайынғы ең төменгі шығыстар өндіруге жеке лицензиялар бойынша мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

  1. ауданы бес гектарға дейінгі аумақта өндіру кезінде 580 айлық есептік көрсеткіш;

  2. ауданы бестен сегізге дейін гектарды қоса алғандағы аумақта өндіру кезінде 1150 айлық есептік көрсеткіш;

  3. ауданы сегіз гектардан асатын аумақта өндіру кезінде әрбір келесі гектар үшін қосымша 60 айлық есептік көрсеткіш.

  1. Өндіру мерзімінің соңғы толық емес жылында ең төменгі шығындар көрсетілген жылы өндіру кезеңінің әрбір толық мерзімі үшін пропорционалды есептеледі.

  2. Өндіру аумағы мен оған тиісті жер қойнауы учаскесін қайтару кезінде өндіру мерзімінің кез келген жылында ең төменгі шығын көрсетілген жылы өндіру мерзімінің әрбір толық айына пропорционалды есептеледі.

  3. Өндіруге ең төменгі шығыстардың есебі өндіру кезеңінің тиісті жылының басындағы қолданыстағы айлық есептік көрсеткішті ескере отырып жүргізіледі.

  4. Өндіруге жеке лицензия бойынша өндіруге ең төменгі шығыстарға жер қойнауын пайдаланушының мынадай жұмыс түрлеріне: шығыстар жатады:

  1. Кеулеуші жұмыстар немесе аршынды жұмыстарға

  2. желдету;

  3. бұрғылау-қопару жұмыстары;

  4. тау-кендерін бекіту немесе сүйемелдеу;

  5. тау қысымын басқару;

  6. кенді немесе жынысты тасымалдау;

  7. үйінді жасау және (немесе) кенді қоймалау;

  8. кенді, жынысты бөлшектеу;

  9. скреперлік өндіру;

  10. шаймалау (үймелеп және (немесе) жерасты);

  11. өндіру учаскесінде кенішті, байыту өндірісін және инфрақұрылымды салу бойынша барлық құмыстар.

  1. Өндіруге ең төменгі шығыстарға өндірумен байланысты шығыстар, соның ішінде басқару және әкімшілік қажеттіліктерге, бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге, ғылыми зерттеулерге, персоналды оқытуға шығыстар және басқа да осыған ұқсас шығыстар жатады.

Өндіруге ең төменгі шығыстарды есептеген кезде осындай шығыстар үлесі өндіруге шығыстардың жалпы ең төменгі шығыстарының жиырма пайызынан аса алмайды.

  1. Өндіруге ең төменгі шығыстарға:

  1. жергілікті жерлерде, өндіру учаскесі шекарасының межелік және геодезиялық белгілерін орналастыруға, оның ішінде жерге орналастыру жұмыстары;

  2. жер қойнауын пайдалану құқығын, жерді пайдалану құқығын немесе жер учаскесіне меншік құқығын сатып алуға, осындай сатып алуларға ілеспе шығыстарды қосқанда;

  3. өндіру учаскесімен тікелей байланысты емес ғылыми-зерттеу жұмыстарына;

  4. жер учаскелерінің иелері мен пайдаланушыларына шығындарды өтеумен және жерлерді оларды мақсатты тағайындалуы бойынша пайдалануы үшін жарамды жағдайға келтірумен байланысты өтемақыларға шығыстар жатқызыла алмайды.

  1. Осы баппен көзделген өндіруге ең төменгі шығыстар бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жетіспейтін шығыстарды өтеуі тиіс және бұл туралы құзыретті органға есепті жылдан кейінгі үш айдан кешіктірмей есеп беруі тиіс.

Жер қойнауын пайдаланушы өтеген шығыстар осы тармаққа сәйкес ағымдағы жылдың ең төменгі шығыстарында есепке алынбайды.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия мерзімі


  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия мерзімі ретті жиырма бес жылдан аса алмайды.

Малтатастарды, қиыршық тас, құм-қиыршық тас қоспасы, шымтезек, шойтас, құрылыс құмды, сазды, сазды тақта тастарды және (немесе) сазды әктасты ғана өндіруді көздейтін лицензия мерзімі он реттік жылдан аса алмайды.

  1. Өндіруге арналған лицензия мерзімі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша лицензияның бастапқы мерзімінен аспайтын кезеңге ұзартылуы мүмкін.

Өндіруге арналған лицензия мерзімін ұзарту саны шектелмейді.

  1. Ұзарту туралы өтініш құзыретті органға ол бекіткен нысан бойынша лицензия мерзімі өткенге дейін кемінде төрт жылда беріледі.

Өтінішті қарастыру кезеңінде өндіруге арналған лицензия мерзімі аяқталған болса, лицензия осындай қарастыру кезеңіне қолданылуын жалғастырады.

Өндіруге арналған лицензияны ұзарту мерзімін есептеу аяқталған мерзімнен кейінгі күннен басталады.



  1. Өндіруге арналған лицензия мерзімі:

  1. егер мәлімделген ұзарту мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес келмесе;

  2. Осы баптың 3-тармағында көзделген лицензия қолданысын қзарту туралы өтініш беру мерзімі бұзылса;

  3. Барлауға арналған лицензияның ұзарту туралы өтініш күнінің алдындағы есептік кезеңдер үшін жалға алу төлемдерін төлеу және өндіруге мейлінше аз шығыстар бойынша шарттарын жойылмаған бұзушылықтар болса ұзартылуға жатпайды.



  1. Жер қойнауын пайдаланушының қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі оқыту мен ғылым саласындағы міндеттемелері


1.Өндіру лицензиясының қолданысы ішінде жер қойнауын пайдаланушы:

            1. Құзыретті орган бекіткен мамандықтар тізбесі бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласында оқытуды жер қойнауын пайдаланушы өткен жылдың қорытындысы бойынша қатты пайдалы қазбаларды өндіру қызметінен алған салық салынатын табысынан бір пайыздан кем емес мөлшерінде қаржыландыруды жүзеге асыруға;

            2. алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша қызметтен жер қойнауын пайдаланушы алған салық салынатын табыстан бір пайыздан кем емес пайыз мөлшерде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.

2.Оқытуды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының:

        1. жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және көмірсутектерді барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде жұмылдырылған жұмыскерлерін оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта дайындауға (оқытылатынның іссапарларымен байланысты шығыстарды қоса алғанда);

Қазақстан Республикасының аумағындағы мамандарды дайындауды жүзеге асыратын өзінің немесе өзге оқу-сынама полигондарын, оқу орталықтары мен білім беру ұйымдарын құруға және қызмет етуіне;

        1. осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мамандықтар бойынша шығыстары жатады.

3.Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін өз ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға;

      2. Қатты пайдалы қазбаларды және металлургияны қайта өңдеу саласындағы, экология, еңбекті қорғау, жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу саласындағы Қазақстандық өнім берушілер жүргізетін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алуға

      3. құзыретті органның рұқсатымен шетелдік өнім берушілер жүргізетін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алуға

      4. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорды қаржыландыруға;

      5. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріжүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға шығыстары жатады.

4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған, белгіленген минимумнан асатын қаржыландыру көлемі келесі жылы жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындау есебіне есептеледі.

5. Осы бап жер қойнауын пайдаланушы малтатастарды, қиыршық тас, құм-қиыршық тас қоспасы, шымтезек, шойтас, құрылыс құмды, сазды, сазды тақта тастарды және (немесе) сазды әктасты ғана өндіруге құқылы лицензияға қолданылмайды.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жүргізу кезінде қазақстандық кадрларды және өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету


1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар, тарту кезінде Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарының саны әрбір күнтізбелік жылда әрбір тиісті санат бойынша қызметкерлердің жалпы санынан кемінде елу пайыз болуға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар көлемі әрбір күнтізбелік жылда сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы кемінен елу пайыздан кем емес қазақстандық өндірушілерден жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға міндетті. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтуды есептеу индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілері деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, орналасқан жері Қазақстан Республикасының аумағы, Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есептемегенде, қызметкерлердің жалпы саны Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде елу пайызын пайдаланатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар танылады.

Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар саны әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санынан елу пайызынан көп болмауға тиіс.

4. Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей өз интернет-ресурсында не мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарларын құзыретті орган алдағы күнтізбелік жылға және алдағы күнтізбелік үш жылға бекіткен нысандар бойынша жариялауға міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жарияланған сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.



Жарияланған сатып алу жоспары кез келген уақытта болжанатын сатып алуға дейін екі ай бұрын өзгертілуі мүмкін.

Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдаланушы сатып алатын мынадай:



      1. жүру кезінде дереу қалпына келтіруді талап ететін механизмдердің, агрегаттардың сынуы, істен шығуы кезінде туындаған;

      2. іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер;

      3. мүлікті сенімгерлік басқару бойынша көрсетілетін қызметтер;

      4. табиғи монополия субъектілеріненреттелетін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге;

      5. өз қызметінің негізгі нысанасы бойынша мемлекетті монополия субъектісінен тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге;

      6. өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, туындаған төтенше жағдайлар салдарын оқшаулау және (немесе) жою, аварияларды жою, оның ішінде істен шығуы (авариялық тоқтау) өндірістік циклдің тоқтатылуына әкеп соғатын жабдықтың істен шығуы (жабдықтың авариялық тоқтауы) үшін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге;

7) өкілдік шығыстарға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге; жылдық көлемі құн мәнінде тиісті күнтізбелік жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.


  1. Тау жұмыстарының жоспары


  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаты тау жұмыстарының жоспары болып табылады.

  2. Тау жұмыстарының жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

  3. Тау жұмыстарының жоспарында өндірудің түрлері, әдістері және тәсілдері, шамамен көлемі мен оларды жүргізу мерзімдері, сондай-ақ пайдаланылатын технологиялық шешімдер сипатталады.

Тау жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты құзыретті орган әзірлейді және бекітеді.

Тау жұмыстарыжоспарының мазмұнынжер қойнауын пайдаланушы экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, дербес айқындайды.



  1. Тау жұмыстарының жоспары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда ғана қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізуге құқылы.

Егер қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялар жерасты суларын тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсаттары үшін пайдалануды көздейтін болса, тау жұмыстарының жоспары су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, суды бұру саласындағы уәкілетті органда сараптауға жатады.

  1. Өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ оларды жүргізу технологиялары, көлемдері мен мерзімдері өзгертілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы тау жұмыстарының жоспарына тиісті өзгерістер енгізуге және оны құзыретті органға ұсынуға міндетті. Мынадай:

            1. тау жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру бойынша операцияларды жүргізу қауіптері ұлғайған;

            2. бұрындары мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысыналған тау жұмыстарының жоспарында сипатталмаған қосымша қауіптерге әкеп соғатын өндіру бойынша операцияларға жоспарланған өзгерістер;

            3. жүзеге асырылуы тау жұмыстарының жоспарында сипатталған экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізілмеуге әкеп соғатын өндіру бойынша операцияларға жоспарланған өзгерістер;

            4. жер жабынының тұтастығын қосымша бұзуды болжайтын өндіру бойынша операциялардағы жоспарланған өзгерістер;

            5. кеніштің негізгі объектілеріндегі жоспарланған өзгерістер;;

            6. кеніштің негізгі объектілері санындағы жоспарланған өзгерістер жағдайларда тау жұмыстарының жоспарына өзгерістер енгізуге және мұндай өзгерістерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын талап етеді.

  1. Өзгертілген тау жұмыстарының жоспары бойынша жұмыстар жүргізуге ол құзыретті органға ұсынылғанға дейін тыйым салынады.



  1. Жою жоспары





  1. Жою жоспары кенішті пайдаланудан шығару жөніндегі іс-шаралардың, өндіру бойынша операцияларды жүргізу нәтижесінде бұзылған жерлерді рекультивациялаудың, жою және рекультивациялау бойынша ретті жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралардың сипатталуын, өндіру операцияларының салдарын жою бойынша өзге де жұмыстарды, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялардың салдарын жою болжанған құнын қамтитын құжат болып табылады..

Жою жоспары кешенді мемлекеттік сараптамаға жатады.

  1. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру бойынша операциялардың салдарын жою бойынша жұмыс құнын шамамен есептеуге өзгерістерді қоса алғанда, жою жоспарына

1) кешенді сараптаманың соңғы оң қорытындысын алған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей;

2) осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағына сәйкес тау жұмыстарының жоспарына өзгерістер енгізілген жағдайда өзгерістер енгізуге міндетті.



  1. Сараптаманың оң қорытындысын алған жою жоспарында жойылуы көзделмеген қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыруға жол берілмейді.

  2. Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты және қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялардың салдарын жою жұмыстарының болжанған құнын есептеу әдістемесін құзыретті орган әзірлейді және бекітеді.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия шарттары





  1. Жер қойнауы учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазбалардың кез келгентүрін өндіру және барлау жүргізугне құқылы.

  2. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауын пайдаланушы үшін коммерциялық қызығушылықты білдіретін қатты пайдалы қазбалардың белгілі ресурстарымен жер қойнауы учаскелерінде жүргізіледі.

  3. Қатты пайдалы қызбаларды өндіру бойынша барлық жұмыстар құжаттауға жатады. Құжаттамада жер қойнауы учаскесін анық зерделеу және одан әрі игеру үшін қажетті жұмыстардың сипаттамасын қамтуы тиіс.

  4. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы мыналарды:

  1. қолданылатын өндіру техникалық құралдарының оңтайлылығы мен қауіпсіздігін;

  2. қатты пайдалы қазбалар кен орындарының оның игерілуінің қиындауына, кен орны ресурстары сапасының төмендеуіне әкеп соғатын қауіпті техногендік процестердің пайда болуынан қорғалуын;

  3. өндірілген қатты пайдалы қазбалар ресурстарын, өндіру кезінде пайда болатын өндіріс қалдықтарын анық есепке алуды;

  4. зертханалық зерттеулер мен талдауларды қосқанда, өндіру кезінде алынған барлық бастапқы және қосалқы геологиялық ақпараттың анықтығы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Егер өзгесі экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарынан туындамаса, қатты пайдалы қазбаларды өндіру барысында тау-кен қазындысы мен (немесе) орын ауыстыратын топырақ көлемі шектелмейді.

Өндіру кезінде алынатын тау-кен қазындысы, кен, минералдар мен басқа да заттар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

  1. Жер қойнауын пайдаланушы арнайы рұқсаттар немесе лицензиялар алусыз тау жұмыстары учаскелерінде құрғату немесе су деңгейін төмендетуді жүргізуге, сондай-ақ жер асты суларын, оларды бекітілген тау жұмыстары жоспарына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде шаңды басу мақсатында пайдалануды қосқанда пайдалануға құқылы.

Жерасты суларын қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы суды қорғау шараларын орындауға, сондай-ақ су және экологиялық заңнамада, сондай-ақ су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның сараптама қорытындысында белгіленген су объектілерін қорғау бойынша өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жүргізу кезіндегі жер қойнауын пайдаланушының есептілігі


Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде мынадай есептерді:

  1. өндіру учаскесі бойынша жүргізілген жұмыстар мен шығыстар туралы, соның ішінде оқыту және ғылым саласындағы міндеттемелер бойынша шығыстар туралы есеп;

  2. геологиялық есеп;

  3. сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және олардағы жергілікті қамту көлемі туралы есепті ұсынуға міндетті.

Геологиялық есептер бастапқы геологиялық ақпаратқа негізделеді және геология, бұрғылау, топырақты, жынысты, жерасты суларын, минералды үлгілерді жинау және сынау бойынша қызмет саласында ғылыми зерттеулер және зерттемелер жағдайы мен нәтижелері туралы деректерді қамтиды.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндірудің салдарын жою





  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялардың салдарын жою жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.

  2. Өндірудің тиісті учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған адам осындай тоқтату күнінен бастап алты айдан кешіктірмейтін мерзімде жоюға кірісуге міндетті. Көрсетілген мерзім ішінде, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған адам жер қойнауы учаскесінен өндірілген кенді, жыныстар үйінділерін және қатты пайдалы қазбаларды өндірудің басқа да қосалқы өнімдерін шығаруға құқылы. Осы тармақта көзделген мерзімде шығарылмаған көрсетілген материалдар осы бапқа сәйкес жойылуға жатады.

  3. Егер жою жеке меншіктегі жер учаскесінде тұрақты немесе жерді ұзақ мерзімді уақытша өтеулі пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын болса, құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жою бойынша оператор, жер ресурстарын басқару бойынша уәкілетті органдардың және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құрайтын жою комиссиясы және жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы қол қойғаннан кейін жою аяқталды деп есептеледі.

  4. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялардың салдарын жоюдың аяқталуы туралы тиісті мәліметтерді жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастріне енгізуге негіз болып табылады.

  5. Осы баптың ережелері жоюды талап ететін өндіру бойынша операциялар жүргізілмеген өндіру учаскесінде немесе оның бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда қолданылмайды. Бұл учаскеде барлау бойынша операциялар жүргізілген жағдайда олардың салдарларын жою осы Кодекстің 156-бабына сәйкес жүргізіледі.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру салдарын жоюды қамтамасыз ету





  1. Өндірудің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасы етуді ұсыну тиісті лицензияны беру үшін шарт болып табылады.

  2. Жер қойнауын пайдаланушының өндірудің салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мына шарттарды сақтай отырып, осы Кодексте көзделген оның кез келген түрімен үйлесіп ұсынылуы мүмкін: өндіруге арналған лицензияның үштен бірінші мерзімі ішіндебанктің кепілдігі немесе банктік салымның кепілі түрінде қамтамасы етудің жалпы сомасының кемінде қырық алты пайызын, үштен екінші мерзімі ішінде – кемінде алпыс пайыз және қалған кезеңде – жүз пайызды құрауға тиіс.

  3. Қамтамасыз ету сомасы қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жүргізілген операциялардың және жою жоспарына кешенді мемлекеттік сараптаманың соңғы оң қорытындысы күнінен бастап алдағы үш жылға жоспарланған операциялардың салдарын жою бойынша жұмыстардың жалпы құнын жабуға тиіс.

Көрсетілген жұмыстар құнына әкімшілік және басқарушылық шығыстар, сондай-ақ:

технологиялық жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және жоюға;

кенішті (шахталар, штольни, карьерлер және т.б) қалдықтар сақтау қоймасын және күл қоқыс сақтау орындарын жабуға;

қауіпті материалдарды көму бойынша;

бүлінген жерлерді қалпына келтіруге;

өсімдіктер қабатын қалпына келтіру бойынша;

жерүсті және жер асты суларының, ауаның сапасына, топырақ пен өсімдіктердің жағдайына мониторингке шығыстар қосылуы тиіс.


  1. Салдарын жою осы Кодекстің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларға тыйым салынады.


  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінен бас тарту





  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органды жазбаша хабардар ете отырып өндірудің барлық учаскесінен не оның бөлігінен бас тартуға құқылы.

Өндіру учаскесінің бөлігінен бас тартқан жағдайда пайдалануда қалған өндіу учаскесі осы Кодекстің 17-бабының қағидаларына сәйкес келуге тиіс.

  1. Өндіру учаскесінің бөлігінен бас тарту өндіруге арналған лицензияны қайта ресімдеуге әкеп соғады.

Құзыретті орган хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.

  1. Өндіру учаскесінің бөлігінен немесе барлығынан бас тарту жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрына қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін берілуі мүмкін деп енгізуге негіз болып табылады.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны кері қайтару және оның тәртібі





  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия мынадай негіздемелердің бірі болған жағдайда құзыретті органмен кері қайтаруға жатады:

  1. осы Кодекстің 31-бабы 1-тармағының талаптарын бұзу;

  2. осы Кодекстің 167-бабында көзделген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялардың шарттарын бұзу.

  1. Бұзушылық анықталған кезде құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша хабарлайды.

  2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген бұзушылықтар жасалған жағдайла аталған бұзушылық бұзушылық болғанға дейін болған бақылаушы адамдардың (ұйымдардың) құрамын қалпына келтіру арқылы, ал қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда құзыретті органның келісімімен бақылаушы адамдардың құрамын өзгерту арқылы бір жылдан аспайтын мерзімде жоюға жатады.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылық жасалған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан хабарлама алған сәттен бастап үш ай ішінде бұзушылықты жоюға міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта көзделген мерзімде құзыретті органға бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып олардың жойылғаны туралы жазбаша хабарлайды.



Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда құзыретті орган осы баптың 4-тармағына сәйкес лицензияны кері қайтарады.

  1. Лицензияны кері қайтару құзыретті органмен жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны кері қайтарғаны туралы жазбаша хабарлама жолдауы арқылы жүргізіледі.

Лицензия жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтару туралы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейін қолданысын тоқтатады.

  1. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтару туралы хабарлама алған күннен бастап кері қайтарылатын лицензия бойынша жұмысты дереу тоқтатып, жою бойынша жұмыстарға кірісуге міндетті.

  2. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтаруды лицензияны кері қайтару туралы хабарлама алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сот тәртібінде дауласуға құқылы. Осындай дау айту кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім даудың нәтижесі бойынша сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

  3. Егер жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға лицензияны кері қайтарып алуға негіз болған міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау еңсерілмейтін күштің әсер етуі себебінен, яғни аталған жағдайларда төтенше және ырық бермейтін жағдайлар (апатты құбылыстар, әскери әрекеттер және т.с.с.) себебінен лицензияны кері қайтарып алуға жол берілмейді. Осындай жағдайларға жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржылық қаражатының болмауы, нарықта қажетті тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтердің болмауы, әкімшілік жаза қолдану жатқызылмайды.

  4. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны кері қайтарып алу жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрына енгізуге негіз болып табылады.




Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді