Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ



бет17/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
#19851
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ




27-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау




  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша оны иеленушінің қатты пайдалы қазбалардың кең орындарын іздеуді және одан әрі өндіру үшін олардың ресурстарын бағалауды қамтитын қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды өткізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдаланудың айрықша құқығы бар.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған аумақ





  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында айқындалатын аумақтарда беріледі.

  2. Мынадай:

  1. осы Кодекстің 21-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда;

2) басқа адамның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде оның келісімінсіз көмірсутектерді өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін;

3) қатты пайдалы қазбаларды барлауға басқа лицензия бойынша, қатты пайдалы қазбаларды өндіру лицензиясы немесе жер қойнауының кеңістігін пайдалану лицензиясы бойынша пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде;

4) қатты пайдалы қазбаларды барлауға басқа лицензия бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау учаскесінің аумағына толығымен немесе ішінара жататын блокқа қатысты;

5) қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің аумағына немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіру лицензиясын беруге өтініш бар аумаққа толық немесе ішінара жататын блокқа қатысты;

6) қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізіліп жатқан жер қойнауы учаскесінің аумағына толық немесе ішінара жататын блокқа қатысты қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге жол берілмейді.

Барлауға арналған лицензия осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген аумаққа жатпайтын блоктың бөлігіне берлуі мүмкін.

Осы тармақтың бірінші абзацында көзделген барлауға арналған лицензиядан блок бөлігін алып тастау үшін негіз болған мән-жайлар тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша блоктың берілген бөлігі лицензияға енгізілуі мүмкін.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия беру туралы өтініш





  1. Барлауға арналған лицензияны алуға мүдделі адам құзыретті органға өтініш береді. Нысаны мен тәртібі өзі белгілеген нысан бойынша.

  2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтініште көрсетілетін аумақ екі жүз блоктан аса алмайды.

  3. Өтініште мынадай мәліметтер:

1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшы туралы мәліметтер, өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

2) барлау аумағын құрайтын және өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын блокқа (блоктарға) нұсқаулар қамтылуға тиіс.

Егер өтініште көрсетілген барлау аумағы осы Кодекстің 144-баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда блок бөлігін қамтитын болса, өтініште толық блок көрсетіледі.



  1. Өтінішке мынадай құжаттар:

1) осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса, өкілеттігін растайтын құжат;

3) өтініш беруші осы Кодекстің 155-бабына сәйкес жасаған және бекіткен барлау жоспарының көшірмесі;

4) барлауға арналған лицензия беруге алымды төлеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

5) егер сұрау салынатын учаскеде немесе оның бөлігінде мұндай адам жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде көмірсутектерді өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын болса немеселицензия негізінде жер қойнауы кеңістігін пайдаланса, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге адамның келісімі;

6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасында Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қосылуы туралы міндеттемесі қоса беріледі.



  1. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариаттық куәландырылуға тиіс.

  2. Өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармамен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

  3. Өтініштің түскен күні мен уақыты өтініш беру кезі деп айқындалады және есепке алынады.

  4. Берілген өтініш туралы мәліметтер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында өтініш берілген кезден бастап екі күн ішінде ресми жариялануға жатады және мыналарды:

  1. өтініш берушінің атауын (тегін, атын);

  2. өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақты құрайтын блоктың (блоктардың) коды мен координаттарын;

  3. өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтиды.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау





  1. Құзыретті орган өтінішті ол келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және лицензияны береді немесе лицензияны беруден бас тартады.

  2. Егер өтініште көрсетілген аумақ осы Кодекстің 144-бабының 2-тармағының 4)-6) тармақшаларында көзделген блокты қамтитын болса, берілген блок лицензияға енгізуге жатпайды. Бұл туралы құзыретті орган өзінің интернет-ресурсында жариялау арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші оған беруге жататын барлық блоктардан немесе бөлігінен бас тартуға құқылы. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш беруші барлық блоктардан бас тартпаса немесе блоктардың бөлігінен бас тартса өтініш осы тармақтың ережелерін ескере отырып мәні бойынша қаралады.

  3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда өтініш беруші бас тартқан лицензияға блоктарды да енгізу жатпайтын блоктарды қоспағанда, өтініште көрсетілген блоктарға қатысты өтініш қаралады.

  4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін қолдану нәтижесінде осы Кодекстің 16-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін берілуге жататын екі және одан көп бөлек жер қойнауы учаскелерін қалыптастыратын болса, құзыретті орган осындай жер қойнауы учаскелерінің әрқайсысына жекелеген лицензия береді. Бұл жағдайда лицензия беруге қосымша алым алынбайды.

Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген блоктардың кез келгенімен ортақ шегі жоқ блоктар лицензиядан алып тасталуға тиіс.

  1. Егер қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтініште көрсетілген блок толық емес болса, лицензия осындай толық емес блокқа беріледі.

Егер барлауға берілген лицензия толық емес блокты қамтитын болса, сы тараудың мақсаттары үшін берілген блок толық ретінде қаралады.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру басымдығы





  1. Бір блокты қамтитын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініш олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.

  2. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана қаралады.

Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

Егер бас тарту туралы шешімге өтініш беруші сотта шағымдалса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені құзыретті орган сот шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия түскен өтініштер арасынан бірінші болып осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.

  2. Лицензия беру туралы шешім қабылданған өтініштен кейін келіп түскен қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтініштер бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруден бас тарту





        1. Құзыретті орган мынадай негіздемелердің бірі болған кезде:

1) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

  1. өтінішке осы Кодексте талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;

  2. өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушінің немесе өтініш берушіні тікелей не жанама бақылайтын тұлғаның немесе оның бақылауындағы тұлғаның жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиясын осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауының сұралатын учаскесі бойынша құзыретті орган кері қайтарып алған болса;

  3. сұрау салынған аумақ осы Кодекстің 144-бабының 2-тармағында көрсетілген аумаққа және (немесе) блоктарға жатса;

  4. өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде өтініш беруші немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын адам немесе оның бақылауындағы адам сұрау салынған жер қойнауы учаскесінен немесе оның бөлігінен бас тартса;

  5. лицензия беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірсе;

  6. сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы көлемі бойынша шектен асатын немесе осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе лицензия беруден бас тартады.

2. Лицензия беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, дәлелді болуға және өтініш берушіге лицензияны қарау және беру үшін көзделген мерзім ішінде берілуге тиіс.

Осы баптың 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес бас тарту осындай бас тарту үшін негіз болған себептерді көрсетпей шығарылады.

3. Лицензия беруден бас тарту құзыретті органның интернет-ресурсында бас тарту туралы қабылданған күні жариялануға тиіс.

4. Өтініш беруші лицензия беруден бас тартуға бас тарту туралы ақпарат жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей сот тәртібімен шағымдана алады.

5. Лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.

6. Айрықша құқық негізінде берілген өтініш бойынша барлауға арналған лицензия беруден бас тартуға жол берілмейді.




  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия шарттары



Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия осы Кодекстің 25-бабында көрсетілген мәліметтер мен шарттардан басқа жер қойнауын пайдаланушының мынадай шарттарын:

  1. салық заңнамасында көзделген жалға алу ақысының мөлшерін және оларды төлеу мерзімдерін;

  2. қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларға жыл сайынғы мейлінше аз шығыстардың мөлшерін қамтуға тиіс.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларға жұмсалатын жыл сайынғы мейлінше аз шығыстар





  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияға ие жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген барлауға жыл сайынғы мейлінше аз шығыстар туралы талаптарды сақтауға міндетті.

  2. Барлауға жыл сайынғы мейлінше аз шығыстар мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

  1. қоса алғанда барлаудың бірінші жылы мен үшінші жылы аралығындағы әрбір жылы ішінде

– барлауға арналған лицензия бойынша бір блок кезінде айлық есептік көрсеткіштің 1200 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 1800 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 2300 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінде белгіленеді;



  1. барлаудың жетінші жыл мен сегізінші жыл аралығындағы мерзімін қоса алғанда әрбір жылы ішінде

– барлауға арналған лицензия бойынша бір блок кезінде айлық есептік көрсеткіштің 1200 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 2300 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 3500 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін айлық есептік көрсеткіштің 180 еселенген мөлшерінде белгіленеді;



  1. барлаудың жетінші жыл мен оныншы жыл аралығындағы мерзімін қоса алғанда әрбір жылы ішінде

– барлауға арналған лицензия бойынша бір блок кезінде айлық есептік көрсеткіштің 1800 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 3500 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 5800 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін айлық есептік көрсеткіштің 230 еселенген мөлшерінде белгіленеді;



  1. барлаудың тоғызыншы жылы мен оныншы жылы аралығындағы мерзімін қоса алғанда әрбір жылы ішінде

– барлауға арналған лицензия бойынша бір блок кезінде айлық есептік көрсеткіштің 2300 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 5800 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 8000 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінде белгіленеді;



  1. барлаудың он бірінші жылынан бастап мерзімін қоса алғанда әрбір жылы ішінде

– барлауға арналған лицензия бойынша бір блок кезінде айлық есептік көрсеткіштің 3500 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 8000 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде айлық есептік көрсеткіштің 11500 еселенген мөлшерінде;

– барлауға арналған лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін айлық есептік көрсеткіштің 460 еселенген мөлшерінде белгіленеді.



  1. Барлау мерзімдерінің соңғы толық емес жылы кезінде ең аз шығындар аталған жылдағы барлау мерзімінің әрбір толық айы үшін барабар есептеледі.

  2. Барлау аумағы және оған тиісті жер қойнауы учаскесі барлаудың кез-келген жылы ішінде қайтарылған кезде ең аз шығындар аталған жылдағы барлаудың әрбір толық айы үшін барабар есептеледі.

  3. Барлау үшін толық емес блокпен немесе толық емес блоктармен айқындалған жер қойнауы учаскесі берілген кезде ең аз шығындарды есептеу толық блокпен немесе толық блоктармен айқындалған барлау учаскесіне сәйкес келетін мөлшерде жүргізіледі.

  4. Барлауға ең аз шығыстарды есептеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті жылға белгіленген және барлаудың тиісті жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш негізінде жүргізіледі.

  5. Барлауға ең аз шығыстарды есептеу барлау учаскесі бойынша жүзеге асырылған шығыстарға қатысты ғана жүргізіледі.

  6. Барлауға арналған жекелеген лицензия бойынша барлауға ең аз шығыстарға жер қойнауын пайдаланушының барлау учаскесі бойынша шығыстарының келесі түрлердің кез-келгені:

  1. геологиялық-барлау жұмыстары: геологиялық карталау, сынамаларды іріктеу, бұрғылау, кернды құжаттандыру, кернсыз бұрғылау үлгілерін құжаттандыру, геологиялық деректерді түрлендіру мен өндеу, петрология, геологиялық-барлау бағдарламаларын жоспарлау;

  2. геохимиялық жұмыстар: іріктеу, геохимиялық сынамалар, геохимиялық деректерді талдау, түрлендіру мен өндеу;

  3. геофизикалық жұмыстар (жерүсті геофизиканы және аэрогеофизиканы қоса алғанда: геофизикалық зерттеулер, кәсіпшілік геофизикалық зерттеулер, геофизикалық деректерді түрлендіру мен өңдеу;

  4. қашықтықтан зондтау бойынша жұмыстар: әуефототүсірілім, қашықтықтан зондтауды қосу, бейнелерді талдау, суреттерді түрлендіру мен өндеу;

  5. іздестіру жұмыстары: геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстары, коорденаталық кестені түсіру, координат желілерін, олардың қиылыстарын, учаскелері шекараларын нақтылау және т.б.

  6. кернмен бұрғылау: алмаспен бұрғылау, кіру жолдарды және бұрғылау алаңдарын дайындау;

  7. кернсыз бұрғылау: бұрғылау бойынша шығыстар, кіру жолдарын және бұрғылау алаңдарын дайындау;

  8. арықтарды, траншеяларды, шурфтарды тарту және басқа да барлау тау-кен қазбаларын жүргізу: техника мен жабдықтарды жалдауды қоса алғанда, тау-кен қазбаларын жүргізу бойынша шығыстар;

  9. далалық топтарды жабдықтау: барлау керек-жарағы, шығыс материалдары және провиант, техника мен жабдықтарды жалдау, жанар-жағармай материалдары, тікелей барлау жабдығының тозуы, штаттан тыс жұмыс персоналы көрсеткен қызметке ақы төлеу;

  10. жобалау-конструкторлық және эскиздік жұмыстар: эскиздік және жобалау-конструкторлық жұмыстарға арналған жабдық, шығыс материалдары, эскиздік және жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындайтын персоналдың еңбегіне ақы төлеу;

  11. тасымалдау: барлау учаскесінде жүргізілетін қатты пайдалы қазбаларды геологиялық-барлау жұмыстарына байланысты көліктік шығыстар;

  12. далалық лагерьлерді орналастыру бойынша жұмыстар: далалық геологиялық-барлау лагерьді орналастыру және күтіп-ұстау, тамақтану мен тұру, тасымалдау, тікұшақ көлігінің қызметтері;

  13. қоршаған ортаның жай-күйін зерттеу;

  14. қатты пайдалы қазбалардың табылған кен орнын кейіннен барлаудың немесе игерудің одан әрі техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау;

  15. барлау салдарларын жою, бұзылған жерлерді рекультивациялау бойынша жұмыстар;

  16. тиісті лицензия бойынша барлау үшін жобалау құжаттарын әзірлеу;

  17. қатты пайдалы қазбаларды қайта өндеу технологияларын таңдау бойынша зерттеулер жатады;

  1. Барлауға арналған ең аз шығыстарға барлауға арналған жекелеген лицензия бойынша барлауға байланысты шығыстар, оның ішінде басқарушылық және әкімшілік мұқтаждарға, бухгалтерлік есепті жүргізуге, ғылыми зерттеулерге, персоналды оқытуға арналған шығыстар және басқа да ұқсас шығыстар жатады.

Барлауға арналған ең аз шығыстар есептелгенде осындай шығыстардың үлесі жиырма пайыздан аспауға тиіс.

  1. Мыналарға:

  1. жергілікті жерде барлау учаскесінің шекараларын межелік және геодезиялық белгілерді орнатуға, оның ішінде жерге орналастыру жұмыстары;

  2. жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға қосымша шығыстарды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға;

  3. қолда бар лицензия бойынша барлау учаскесіне тікелей байланысты емес ғылыми-зерттеу жұмыстарына, және

  4. жер учаскелерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларға зияндарды өтеуге байланысты өтемақыға арналған шығыстар барлауға арналған ең аз шығыстарға жатқызылмайды.

  1. Осы бапта көзделген барлауға ең аз шығыстар бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жетпейтін шығыстарды жүргізуге және бұл туралы есепті жылдан кейінгі төрт айдан кешіктірмей құзыретті органға есепті ұсынуға міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушының осы тармаққа сәйкес шеккен шығыстары ағымдағы жылғы ең аз шығыстарда есептелмейді.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия мерзімі





  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия кезекті алты жылға беріледі.

  2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия мерзімі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет кезекті бес жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін.

  3. Егер барлауға арналған лицензия он және одан да көп блокты қамтиды, оның мерзімін ұзартуға бас тарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алу үшін аумақты мәлімдеген шектегі блоктарды шегергенде, лицензияны беру кезінде оған қамтылған блоктардың жалпы санынан есептелетін кемінде қырық пайызынан жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан жағдайда жол беріледі.

  4. Ұзарту туралы өтініш құзыретті органға ол бекіткен нысан бойынша барлауға арналған лицензия қолданысының алтыншы жылы беріледі.

Егер өтінішті қарау кезеңінде барлауға арналған лицензияның мерзімі өтсе, лицензия осындай қарау мерзімінде қолданысын жалғастырады. Барлауға арналған лицензияны ұзарту мерзімін есептеу өткен мерзімнен кейінгі күннен бастап басталады.

  1. Барлауға арналған лицензияның мерзімі мынадай:

  1. егер мәлімделген ұзарту мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес келмеген;

  2. осы баптың 4-тармағында көзделген лицензия мерзімін ұзарту туралы өтінішті беру мерзімі бұзылған;

  3. барлауға арналған лицензия шарттарының жалдау ақыларын төлеу және ұзарту туралы өтініш берілген күннен алдыңғы есептік кезеңдер үшін барлауға жұмсалған ең төменгі шығыстар бойынша жойылмаған бұзушылықтары болған;

  4. осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда ұзартылуға жатпайды.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жүргізу кезінде қазақстандық кадрларды және өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету





  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар, тарту кезінде Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша қызметкерлердің жалпы санынан кемінде елу пайыз болуға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті.

  2. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар көлемі кемінде елу пайыз қазақстандық өндірушілерден жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға міндетті.

  3. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілері деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, орналасқан жері Қазақстан Республикасының аумағы, Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есептемегенде, қызметкерлердің жалпы саны Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде елу пайызын пайдаланатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар танылады.

Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар саны әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санынан елу пайызынан көп болмауға тиіс.

  1. Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей өз интернет-ресурсында не мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарларын құзыретті орган алдағы күнтізбелік жылға және алдағы күнтізбелік үш жылға бекіткен нысандар бойынша жариялауға міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жарияланған сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

Жарияланған сатып алу жоспары кез келген уақытта болжанатын сатып алуға дейін екі ай бұрын өзгертілуі мүмкін.

Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдаланушы сатып алатын мынадай:



      1. жүру кезінде дереу қалпына келтіруді талап ететін механизмдердің, агрегаттардың сынуы, істен шығуы кезінде туындаған;

      2. іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер;

      3. мүлікті сенімгерлік басқару бойынша көрсетілетін қызметтер;

      4. табиғи монополия субъектілеріненреттелетін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге;

      5. өз қызметінің негізгі нысанасы бойынша мемлекетті монополия субъектісінен тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге;

      6. өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, туындаған төтенше жағдайлар салдарын оқшаулау және (немесе) жою, аварияларды жою, оның ішінде істен шығуы (авариялық тоқтау) өндірістік циклдің тоқтатылуына әкеп соғатын жабдықтың істен шығуы (жабдықтың авариялық тоқтауы) үшін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге;

  1. 7) өкілдік шығыстарға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге; жылдық көлемі құн мәнінде тиісті күнтізбелік жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі

1. Жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесі шегінде кез келген қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспарына сәйкес экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, барлау жүргізуге құқылы.

2. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша барлық жұмыстар құжаттандыруға жатады. Құжаттамада жер қойнауын дұрыс зерттеу үшін қажетті жұмыстар туралы барлық мәліметтер көрсетіледі.


  1. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізген кезде:

1) зертханалық зерттеулердің және талдаудың деректерін қоса алғанда, барлау барысында алынған барлық бастапқы геологиялық ақпараттың дұрыстығын және сақталуын;

2) геологиялық құжаттама (оның ішінде сынамалау жоспарларын, геологиялық карталар мен оның шартты белгілері, кен денелерінің, аймақтарының геологиялық контурларын, тау-кен-барлау қазбаларын түсіру) жүргізудің уақтылығын және сапасын қамтамасыз етуге міндетті.



  1. Бір лицензия бойынша тау-кен-аршу жұмыстарының жалпы аумағы он мың шаршы метрден аса алмайды.

  2. Барлауға бір лицензия бойынша алынатын тау-кен массасы және (немесе) ауыстырылатын топырақтың жалпы көлемі он мың текше метрден аса алмайды.

Барлауға бір лицензия бойынша тау-кен массасы және (немесе) ауыстырылатын топырақты бір мың текше метрден асатын көлемде алу жер қойнауын пайдаланушының өтінімі бойынша берілген құзыретті органның келісімімен жүзеге асырылады.

Өтініште сұралатын асып түсу көлеміне нұсқауды қамтылуы тиіс.

Өтінішке мыналар қоса беріледі:


  1. құзыретті органның қатты пайдалы қазбалар ресурстарын бағалау мақсаттары үшін алынатын тау-кен массасы және (немесе) ауыстырылатын топырақтың сұралатын асып түсетін көлемінің негізділігін растайтын қорытындысы;

  2. тау-кен массасын және (немесе) ауыстырылатын топырақты алу бойынша қосымша жұмыстардың салдарларын жою құнын жабатын құнды қамтамасыз ету;

Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Рұқсат беруден өтініш пен қоса берілген құжаттардың осы баптың талаптарымен сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады.

  1. Жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде күрделі құрылыс салуға, тұрақты түрде тау-кен массасы мен аршылымдар үйінділерін қоймалау мен сақтауды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

  2. Жер пайдаланушының қатты пайдалы қазбаларды барлау нәтижесінде алынған пайдалы қазбалар, сондай-ақ басқа да тау-кен жынысы жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының есептілігі

Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген тәртіпте және мерзімде уәкілетті органға мынадай есептерді:

1) барлау учаскесі бойынша жүргізілген жұмыстар мен шығыстар туралы;

2) геологиялық есеп;

3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және олардағы жергілікті қамту көлемі туралы есепті ұсынуға міндетті.

Геологиялық есептер бастапқы геологиялық ақпаратқа негізделеді және геология, бұрғылау, топрықты, жынысты, жер асты суларын, минералды үлгілерді жинау және сынау бойынша қызмет саласында ғылыми зерттеулер және зерттемелер жағдайы мен нәтижелері туралы деректерді қамтиды.



  1. Барлау жоспары


  1. Барлау жоспары қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін жобалық құжат болып табылады.

  2. Барлау жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді..

Барлау жоспарында барлау бойынша жұмыстардың түрлері, әдістері мен тәсілдері, шамамен көлемі және оларды жүргізу мерзімі сипатталады.

Барлау жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты құзыретті орган әзірлейді және бекітеді.

Барлау жоспарының мазмұнын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын ескере отырып, дербес айқындайды.


  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. Жер қойнауын пайдаланушы жердің бұзылуы көздейтін қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды барлау жоспарына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда ғана жүргізуге құқылы.

  2. Барлау бойынша жоспарланатын жұмыстардың түрлер, әдістері және (тәсілдері), сондай-ақ оларды жүргізу көлемі мен мерзімі өзгертілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы барлау жоспарына тиісті өзгерістерді енгізуге және оны құзыретті органға беруге міндетті.

Өзгертілген барлау жоспары бойынша жұмыстар жүргізуге оны құзыретті органға бергенге дейін тыйым салынады.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау салдарларын жою

1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операциялар салдарларын жою Жер қодексіне сәйкес бұзылған топырақ құнарлығын қалпына келтіру арқылы жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдаланушының қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген жер қойнауы учаскелерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операциялар салдарларын жою бойынша міндеттемелері өндіру бойынша операциялар салдарын жою жөніндегі міндеттемелер көлеміне қосылуға тиіс.

2. Жер қойнауын пайдалану құқығы тиісті барлау учаскесінде тоқтатылған адам осындай учаскеде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жоюды аяқтауға міндетті. Аталған адамның өтініші бойынша құзыреті орган жоюды жүргізу табиғи және (нмесе) табиғи-климаттық жағдайларға байланысты мүмкін емес немесе едәуір қиындатылған болса осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзім аяқталған күннен бастап алты айға дейінгі кезеңгеұзартады.

3. Барлау салдарларын жою жер қойнауын пайдалану құқығы тиісті барлау учаскесінде тоқтатылған адаммен немесе осы Кодекстің 46-бабының 3-тармағына сәйкес тағайындалған адаммен, сондай-ақ құзыретті орган өкілімен және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (жер қатынастары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын облыс, ресубликалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері) өкілімен қол қойылатын жою актісіне қол қойылған күннен бастап аяқталған болып есептеледі. Жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде жоюды жүргізген жағдайда жою актісі жер учаскесінің меншік иесімен немесе жерді пайдаланушымен де қол қойылады.

4. Жою актісіне қол қою тиісті жер қойнауы туралы мәліметті мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операция жүргізу үшін ұсыныла алатын учаскесі ретінде енгізу үшін негіздеме болып табылады.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау салдарларын жоюды қамтамасыз ету





              1. Барлау салдарларын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді беру тиісті лицензияны беру үшін шарт болып табылады.

              2. Барлау салдарларын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету банктік салым немесе банк берген кепілдеме түрінде ұсынылады.

              3. Қамтамасыз етудің жалпы сомасы қатты пайдалы қазбаларды барлау аумағын құрайтын блоктар саны және барлау кезеңінің тиісті жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі. Бір блокқа қамтамасыз ету көлемі құзыретті органмен айқындалады.

Осы тармақпен көзделген қамтамасыз ету сомасы жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жер қойнауын пайдаланушының барлау учаскесінің бір бөлігінен бас тартуы кезінде және онда барлау салдарларын жоюды аяқтаған кезде мөлшерлес төмендетуге жатады.

              1. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 153-бабының 5-тармағымен көзделген жағдайда барлау бойынша жұмыстардың салдарларын жоюды қосымша қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Қосымша қамтамасыз ету сомасы осы Кодекстің 177-бабының қағидалары бойынша есептеледі.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау учаскелерінен бас тарту





  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органды жазбаша хабардар ете отырып, барлық барлау учаскесінен немесе оның бөлігінен бас тартуға құқылы.

Осы тармақта көзделген барлау учаскесінің бөлігінен бас тарту барлау учаскесінің аумағы туралы талаптар сақтала отырып, блоктармен жүзеге асырылуы тиіс.

  1. Барлау учаскесінің бөлігінен бас тарту барлауға арналған лицензияны қайта рәсімдеуге апарады.

Құзыретті орган лицензияны хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта рәсімдейді.

  1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны кері қайтарып алу және оның тәртібі

1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны құзыретті орган мынадай негіздерде:



  1. осы Кодекстің 31-бабы 1-тармағының талаптары бұзылған;

  2. осы Кодекстің 149-бабында көзделген қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның шарттары бұзылған кезде кері қайтарып алады.

2. Бұзушылық анықталған жағдайда құзыретті органбұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша хабарлайды.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген бұзушылық жасалған жағдайда бұзылғанға дейін болған бақылаушы адамдар (ұйым) құрамын қалпына келтіру арқылы, ал қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда құзыретті органның рұқсатымен бақылаушы адамдардың құрамын өзгерту арқылы аталған бұзушылық бір жылдан аспайтын мерзімде жойылуға жатады.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылықтар жасалған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан хабарлама алған сәттен бастап үш ай ішінде бұзушылықты жоюға міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта көзделген мерзімде бұзушылықтарды жойғаны туралы бұзушылықтарды жойғаны туралыосындай жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып құзыретті органды хабарлайды.

Белгіленген мерзімде бұзушылық жойылмаған жағдайда құзыретті орган осы баптың 4-тармағына сәйкес лицензияны кері қайтарып алады.

4. Лицензияны кері қайтарып алуды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді.

Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейін лицензия өз қолданысын тоқтатады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап кері қайтарып алынатын лицензия бойынша жұмыстарды дереу тоқтатуға және жою бойынша жұмысқа кірісуге міндетті.



6. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алудың заңдылығын лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күнінен бастап сот тәртібімен он бес жұмыс күні ішінде даулауға құқылы. Мұндай даулау кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім сот шығарған шешімнің күшіне енгенге дейін ұзартылады.

  1. Егерлицензияны кері қайтарып алуға негіз болған міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс орындамау еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни төтенше және осы мән-жайлар болған кезде еңсерілмейтін жағдайлар (дүлей зілзалалар, әскери іс-әрекеттер және т.б.) себебінен болса, лицензияны кері қайтарып алуға жол берілмейді. Мұндай жағдайларға жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржылық құралдардың болмауы, нарықта қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің болмауы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану жатпайды.

  2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны кері қайтарып алу жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастріне енгізу үшін негіз болып табылады.



  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия алуға айрықша құқық





  1. Ресурстары білікті адамның есебімен расталған қатты пайдалы қазбалардың кен орнын анықтаған, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған бір немесе бірнеше лицензияға иегер учаске (аралас учаскелер) шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіндегі қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға айрықша құқығы бар.

  2. Айрықша құқық барлауға арналған лицензияның қолданысы мерзімінің кез-келген уақытта іске асырылу мүмкін.

  3. Жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған лицензияның қолданысы тоқталған кезде айрықша құқығынан айырылады.

  4. Жер қойнауын пайдаланушы айрықша құқығын құзыретті органға қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия алу үшін өтінішпен жүгіну арқылы іске асырады.

Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алу туралы өтінішті қарау және оны беру осы Кодекстің қағидалары бойынша жүргізіледі.

  1. Егер барлауға арналған лицензия иесі барлауға арналған лицензия аумағы шегінде жер қойнауы учаскесіне өндіруге арналған лицензия беру тупаралы өтінішті бергеннен кейін барлауға арналған лицензияның мерзімі өтсе, барлауға арналған лицензия өндіруге арналған лицензия бергенге дейін мәлімделген жер қойнауы учаскесі бөлігінде қолданысын жалғастырады.

Барлауға арналған лицензияның қолданысы кезеңінде осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы барлауға барынша төмен шығыстар бойынша міндеттемелерге ие емес, жалдау төлемдерін белгіленген көлемде төлеп отыруға міндетті, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алу туралы өтініште айқындалған жер қойнауы учаскесінде барлау жүргізуге құқылы.

  1. Осы бапта көзделген айрықша құқықты басқаға беруге жол берілмейді.




Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді