Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


-тарау. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруді жүргізу ерекшеліктері



бет16/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
#19851
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

26-тарау. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруді жүргізу ерекшеліктері




  1. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру


Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көмірсутектерді барлау мен өндіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес іске асырылады.

  1. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру немесе өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру ерекшеліктері


1. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру немесе өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасу арқылы мүдделі тұлғаның өтініші бойынша беріледі.

2. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасасуға мүдделі тұрға құзыретті органға осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес өтініш жолдайды.

3. Келісімшартты жасасуға арналған өтініш:

1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауын, оның орналасқан жерін, мемлекетке тиесілілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, жарғылық капиталдағы үлестерінің мөлшерін (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсете отырып, өтініш берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтерді, қағаздардың жалпы санын көрсете отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаға тиесілі бағалы қағаздардың айналымы туралы мәліметтерді, өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;

2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (болған кезде), тұрғылықты мекенжайын, азаматтығын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтерді, өтініш беруші қатысушы (акционер) болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді;

3) өтініш берушіге өкілдік ететін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса, осындай тұлғалар туралы деректерді;

4) соңғы үш жылдың ішінде өз қызметін іске асырған мемлекеттер тізімін қоса, өтініш берушінің алдағы қызметі туралы мәліметтерді;

5) өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесінің аумағына сілтемені қамтуға тиіс.

4. Өтінішке:

1) құзыретті орган бекіткен, көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өтініш берушінің қолы қойылған көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт;

2) ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар қоса беріледі.

Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын берілген жағдайда, өтініш беруші қосымша:

1) барлау кезеңінде орындалатын жұмыстардың көлемдерін, сипаттамасы мен мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең аз талаптарға сай келетін жұмыс бағдарламасын әзірлейді және оны барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса береді;

2) өтініш берушіде барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең аз талаптарды орындауға жеткілікті болатын қаражаттың бар болуын растайтын құжаттарды қоса береді.

5. Өтініш және оған қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде құрастырылуға тиіс. Өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берген жағдайда, осындай құжаттарды әрбір құжатқа дұрыстылығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аударманы міндетті түрде қоса беріп, басқа тілде құрастыруға болады.

6. Өтініш құзыретті органға келіп түскен мезеттен жиырма жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

7. Өтінішті қараудың нәтижесінде құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдайды немесе оны беруден бас тартады.

8. Құзыретті орган мына жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тартады:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмесе;

2) егер өтініш беруші осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмесе;

3) егер бұрын құзыретті орган өтініш берушімен немесе осындай өтініш берушінің акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде жиырма пайызы тікелей немесе жанама тиісілі тұлғамен бір жақты тәртіппен келісімшартты бұзып немесе осы Кодексте көзделген негіздер бойынша лицензиясы кері шақыртылып, бұл ретте келісімшарт бұзылған (лицензия кері шақыртылған) мезеттен үш жылдан кем уақыт өтсе;

4) егер сұратылатын жер қойнауы учаскесі аумағының мөлшері осы Кодексте белгіленген шектеулерден асып түссе;

5) егер өтініш берілген мезетте құзыретті органға сұратылып отырған учаскеге немесе оның бөлігіне басқа өтініш берушіден өтініш келіп түссе;

6) егер сұратылып отырған жер қойнауының учаскесі немесе оның бөлігі көмір қабаттарындағы метанды барлауды немесе өндіруді жүргізетін басқа тұлғаның пайдалануында болса;

7) өтініш беруші дәйексіз мәліметтерді ұсынғанда;

8) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығының берілуі мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе.

9. Осы баптың 8-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту өтініш берушіні қайталама өтініш беру құқығынан айырмайды.

10. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған мезеттен он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасады және өтініш берушіге оның данасын жолдайды.

11. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша ұсынылған жер қойнауы учаскесінде көмірді барлауға немесе өндіруге лицензия беруге тыйым салынады.

  1. Игерілетін көмір кен орындары бойынша көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру немесе өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ерекшеліктері


1. Жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде игерілетін көмір кен орындарында көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы өтініш бойынша:

1) жер қойнауының осы учаскесінде көмірді барлауға және (немесе) өндіруге құқылы жер қойнауын пайдаланушыға;

2) жер қойнауын пайдаланушының келісімі болған жағдайда, кейіннен бірлескен қызмет туралы келісім жасасумен басқа тұлғаға беріледі.

2. Көмірді барлауға және (немесе) өндіруге құқылы жер қойнауын пайдаланушы өзінің жер қойнауы учаскесінде көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беруге келіскен жағдайда, ондай жер қойнауын пайдаланушы көмір қабаттарындағы метанды барлауға және (немесе) өндіруге техникалық талаптарды және осындай барлаудың және (немесе) өндірудің мерзімдерін беруге міндетті.

3. Игерілетін көмір кен орнында көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасасуға таласушы тұлға осы Кодекстің 131-бабында белгіленген талаптарға сәйкес құзыретті органға өтініш жолдайды.

Өтінішке қосымша көмірді барлауға және (немесе) өндіруге құқылы жер қойнауын пайдаланушының өзінің жер қойнауы учаскесінде көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру туралы келісімінің растамасы, сондай-ақ көмір қабаттарындағы метанды өндірудің техникалық талаптары мен осындай өндірудің мерзімдері қоса беріледі.

4. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған өтінішті қарау және келісімшартты жасасу осы Кодекстің 131-бабында белгіленген тәртіппен іске асырылады.

Бұл ретте құзыретті органның көмірді барлауға және (немесе) өндіруге құқылы жер қойнауын пайдаланушы берген техникалық талаптармен көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын берумен дәлелді келіспеуі жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тартуға қосымша негіз болып табылады.

5. Өтініш берушіге жер қойнауы учаскесінің тиісті аумағы шегінде көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар кен орынды бірлесіп игеру тәртібін және тараптардың жауапкершілігін регламенттейтін бірлескен қызмет туралы шартты құзыретті органмен алдын ала келісіп, оны көмір қабаттарындағы метанды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін жасасуға міндетті.

6. Игерілетін көмір кен орнындарында көмір қабаттарындағы метанға қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттары көмірді барлауға және (немесе) өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушымен берілген техникалық талаптарды ескере отырып құрастырылуға тиіс.

7. Игерілетін көмір кен орнындарында көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттың мерзімі көмірді барлауға және (немесе) өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы белгілеген мерзімнен, сондай-ақ көмірді барлауға және (немесе) өндіруге арналған осындай жер қойнауын пайдалану құқығы берілген мерзімнен аспауға тиіс.

  1. Көмір кен орнын игеру кезінде көмір қабаттарындағы метанды өндіру ерекшелігі


1. Көмір қабаттарындағы метан концентрациясын белгіленген нормативтерге дейін келтіруді қамтамасыз ететін желдету және газсыздандыру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізбей, көмір қабаттарындағы метан концентрациясының жоғары деңгейіне ие көмір кен орындарын игеруге тыйым салынады.

2. Көмірді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттың немесе лицензияның шеңберінде қолданыстағы шахталар газсыздандырылса, көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасамай көмір қабаттарындағы метанды өндіруге жол беріледі.

Бұл ретте осындай жер қойнауын пайдаланшы өндірілген көмір қабаттарындағы метанды одан әрі өткізбей, оны өз технологиялық қажеттіліктері үшін ғана пайдалануға құқылы.

3. Көмір өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы көмір қабаттарындағы метанды оны одан әрі өткізу мақсатында өндіруге ниеттенген жағдайда, осындай жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген тәртіпте көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға міндетті.




  1. Каталог: sites -> default -> files -> pages
    pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
    pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
    pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
    pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
    pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
    pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
    pages -> Конкурс туралы хабарландыру
    pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді