Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


-тарау. Көмірсутекті барлау және өндіру шарттары



бет13/22
Дата09.09.2017
өлшемі1.35 Mb.
#19851
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

22-тарау. Көмірсутекті барлау және өндіру шарттары




  1. Көмірсутекті барлаудың және өндірудің жалпы шарттары


1. Жоғары технологияларды пайдаланудың және жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету көмірсутектерді барлау және өндіру жүргізудің міндетті шарты болып табылады.

2. Көмірсутек саласында ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесі бар келісімшарт бойынша оператор тағайындалатын жағдайда мұндай оператордың жарғылық капиталындағы ұлттық компанияның қатысу үлесі ең кемі елу пайызды құрауы тиіс.



  1. Көмірсутекті барлау шарттары


1. Табылған кен орындарын сынамалық пайдалануды (барлау жөніндегі жұмыстар) қоса алғанда, іздеу және бағалау жұмыстары барлау жұмыстарының жоспарына сәйкес жүргізілуге тиіс.

2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңінде және осы Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлау аумағында көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге құқылы.

3. Көмірсутекті барлау жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес, барлау жұмыстарының жоспарында көзделмеген көмірсутектердің шығындарын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.

4. Көмірсутекті барлауды жүргізу кезінде барлау жұмыстарының жоспарында көзделген, ұңғымаларды бұрғылау жобасына сәйкес жүргізілетін барлау ұңғымаларын бұрғылауға жол беріледі.

5. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектердің әрбір кен орны табылған кезде табылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы құзыретті органға жазбаша хабарлама беруге және барлау жұмыстарының жоспарына сәйкес табылған кен орнын бағалау бойынша жұмыстарды бастауға міндетті.

6. Барлау жұмыстарын жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушы төмендегілерді қамтамасыз етуге міндетті:

1) барлау жұмыстарын жүргізгенде пайдаланылатын техникалық құралдардың зертелетін жер қойнауын пайдалану нысанына сәйкес оңтайлы болуы;

2) жұмыстың барлық детальдарының, алынған зерттеу деректері мен нәтижелерінің геологиялық құжаттамада уақытылы әрі дұрыс жазылуы.

7. Барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының барлау жұмыстарының жоспарына сәйкес табылған кен орнын сынақтық пайдалануға құқығы бар.

8. Жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынылатын немесе осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жағылатын көмірсутекті есепке алмағанда, өзіне тиесілі, барлау кезеңінде өндірілген көмірсутекті толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге міндетті.



  1. Көмірсутекті барлау салдарларын жою


1. Көмірсутекті барлау бойынша операциялардың салдарларын жою салдарларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Көмірсутекті барлау бойынша операциялардың салдарларын жою жер қойнауын пайдалану келісішартына толықтыруда өндіру учаскесі дәрежесінде бекітілген жер қойнауы учаскесінде жүргізілмейді.

2. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімі барлау кезеңі барысында немесе барлау кезеңі аяқталғаннан кейін тоқтатылған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға осындай учаскедегі барлау бойынша операциялардың салдарларын жоюды жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей аяқтауға міндетті.

Егер салдарларды жою мүмкін болмаса немесе ауа райына және табиғи-климаттық жағдайларға байланысты біршама қиындатылған болса, аталмыш тұлғаның өтініші бойынша құзыретті орган салдарларды жоюды осы тармақтың бірінші бөлімінде көзделген мерзім аяқталған сәттен бастап алты айға дейінгі мерзімге ұзартады.

3. Салдарларды жою актісіне төмендегі тұлғалар қол қойған сәттен бастап барлау салдарларын жою аяқталды деп саналады:

1) осы Кодекстің 45-бабы 3-тармағына сәйкес тағайындалған, тиісті барлау учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға;

2) құзыретті органның өкілі;

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның өкілі (облыстың, республикалық мәні бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық мәні бар қаланың жергілікті атқару органдарының жер қатынастары саласындағы атқарымдарды атқаратын құрылымдық бөлімшелері);

4) жекеменшік иелігіндегі немесе ұзақ мерзім бойы пайдаланылатын жер учаскесінде салдарларды жою жүргізілген жағдайда – жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы.

4. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутекті барлау салдарларын жою бойынша міндеттемелерінің орындалуы банк салымы түрінде қамтамасыз етіледі.

5. Көмірсутекті барлау салдарларын жоюды қамтамасыз ету сомасы және оны өтеу мерзімі барлау жұмыстарының жоспарында көмірсутекті барлау салдарларын жою бойынша жұмыстардың нарықтық құны негізінде белгіленеді.

6. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімі тоқтатылған сәттен бастап бір ай өткенше жер қойнауын пайдаланушы барлау салдарларын жою бойынша жұмыстарды бастамаса, құзыретті орган салдарларды жоюға уәкілетті тұлғаны тағайындап, салдарларды жоюды жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қаражат есебінен ұйымдастырады.

7. Барлау салдарларын жою актісіне қол қою жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына жер қойнауын пайдалану бойынша көмірсутекке қатысты операцияларды жүргізу үшін ұсынылатын учаске түрінде енгізуге негіз болып табылады.

  1. Көмірсутек кен орындарын абаттандыру


1. Кен орындарын абаттандыру көмірсутекті өндіру, дайындау, сақтау және өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажет кәсіпшілік және өзге де объектілерді салуды көздейді.

2. Табылған кен орнын абаттандыру осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес барлау кезеңінде не өндіру кезеңінде және (немесе) дайындық кезеңінде және (немесе) өндірудің алғашқы үш жылы ішінде жүргізілуі мүмкін.

3. Табылған кен орнын абаттандыру кен орнын әзірлеудің технологиялық сызбасы негізінде әзірленген кен орнын абаттандыру жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Көмірсутектің кен орындарын абаттандыру объектілерін жобалау және салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі, болуы мүмкін авариялық жағдайларды оқшаулау және мейлінше азайту бойынша шаралар сақталуға тиіс.

5. Абаттандыру объектілерін салған кезде кен орнын абаттандыру жобасында белгіленген пайдалануға берудің кезектілігі сақталуы тиіс.

  1. Көмірсутекті өндіру шарттары


1. Көмірсутекті өндіру бойынша операциялар кен орнын игеруге арналған технологиялық сызбаға сәйкес жүргізілуі тиіс.

2. Көмірсутекті өндіру кезеңінің алғашқы үш жылында кен орнын абаттандыру жүргізілуі мүмкін. Көрсетілген кезеңде кен орнын абаттандыру аяқталғанға дейін:

1) көмірсутекті осындай кен орнын сынамалық пайдалану кезіндегі өндіру көлемінен асатын көлемде өндіруге тыйым салынады;

2) жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынылатын немесе осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жағылатын көмірсутекті есепке алмағанда, өзіне тиесілі көмірсутекті толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге міндетті;

3) осындай кен орнын сынамалық пайдалану кезіндегі жағу көлемінен аспайтын көлемдегі шикі газды факелде жағуға рұқсат етіледі.

3. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес кен орнын әзірлеу жоспарында көзделмеген көмірсутектің шығынын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.

4. Көмірсутектерді өндірген кезде кен орнын әзірлеу жоспарында көзделген, ұңғымаларды бұрғылау жобасына сәйкес жүргізілетін ұңғымаларды бұрғылауға рұқсат етіледі.

5. Көмірсутекті өндіру бойынша барлық жұмыстар құжатталуы тиіс.

6. Көмірсутекті өндірген кезде жер қойнауын пайдаланушы төмендегілерді қамтамасыз етуге міндетті:

1) өндіруге қолданылатын техникалық құралдарының оңтайлығы мен қауіпсіздігі;

2) көмірсутекті кен орындарын көмірсутекті өндіруді қиындататын, экономикалық құндылығын төмендететін қауіпті техногендік процестердің туындауынан қорғау;

3) жер қойнауынан шығарып алынатын және қалдырылатын көмірсутек қорларын, оларды қайта өңдеу өнімдерін және өндіру кезінде пайда болатын өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алу;

4) нормалар мен стандарттарды, өндіруге қолданылатын әдістер мен тәсілдерді сақтау;

5) су тоғандарында және көмірсутек жатқан жерлерде су жиналуын болдырмау мақсатында көмірсутекті өндіру қалдықтарын және қайта өңдеу өнімдерін қоймалау және орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау;

6) көмірсутекті кен орнын игеруге арналған технологиялық сызбада көзделген тәртіппен өндіру.

7. Көмірсутекті өндіру барысында алынатын жыныс және басқа заттар, егер осы Кодексте немесе келісімшартта өзгесі көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

8. Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының талаптарын орындаған жағдайда, көмірсутек өндіретін операцияларды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы суды пайдалану жөніндегі рұқсатты алмай-ақ мынадай іс-қимылдар жасауға құқығы бар:

1) Келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптаманың оң қорытындысын алған жобалау құжаттарында көзделген көлемде қабатқа кері айдауды қоса алғанда, жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану мақсаттары үшін жерасты суларын (оның ішінде көмірсутпен ілеспе өндірілетін) өндіруді жүзеге асыруға;

2) қабатқа кері айдау арқылы көмірсутектермен ілеспе өндірілетін жерасты суларын кәдеге жаратуды жүзеге асыруға.

  1. Көмірсутекті өндіру салдарларын жою


1. Көмірсутекті өндіру бойынша операциялардың салдарларын жою салдарларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.

2. Көмірсутекті өндіру бойынша операциялардың салдарларын жою мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) аумақ қайтарылған жағдайда және мұндай қайтару болғанға дейін – өзіне тиесілі өндіру учаскесі қайтарылған жағдайда;

2) өндіру кезеңі барысында немесе ол аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайда және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және салдарларды жою жоспарының осы Кодексте көзделген сараптамасының оң тұжырымын алған мерзім ішінде - жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды тоқтату шешімі туралы хабарлама алған жағдайда.

өндіру кезеңі барысында немесе ол аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайда және жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесін өзге тұлғаға беру шешімі туралы хабарлама алған жағдайда, көмірсутекті өндіру бойынша операциялардың салдарларын жою жүргізілмейді.

3. Құзыретті органнан жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды тоқтату шешімі туралы хабарлама алған тұлға, жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімі тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде көмірсутекті өндіру бойынша операциялардың салдарларын жою бойынша жұмыстарды бастауға міндетті.

4. Салдарларды жою актісіне төмендегі тұлғалар қол қойған сәттен бастап өндіру салдарларын жою аяқталды деп саналады:

1) осы Кодекстің 45-бабы 3-тармағына сәйкес тағайындалған, тиісті өндіру учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға;

2) құзыретті органның, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік қауіпсіздік, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық, жер ресурстарын басқару жөнідегі қызметтер саласындағы уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық мәні бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық мәні бар қаланың жергілікті атқару органдарының өкілдері;

3) жекеменшік иелігіндегі немесе ұзақ мерзім бойы пайдаланылатын жер учаскесінде салдарларды жою жүргізілген жағдайда – жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы.

5. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутекті өндіру салдарларын жою бойынша міндеттемелерінің орындалуы банк салымы түрінде қамтамасыз етіледі.

6. Көмірсутекті барлау салдарларын жоюды қамтамасыз ету сомасы және оны өтеу мерзімі кен орнын игеруге арналған технологиялық сызбада өндіру кезеңінің алғашқы үш жылына көмірсутекті өндіру салдарларын жою бойынша жұмыстардың нарықтық құны негізінде белгіленеді және әрбір үшжылдық өнджіру кезеңі аяқталатын кезде жиынтықталып құралатын өндіру салдарларын ескере отырып қайта есептеледі.

7. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімі тоқтатылған сәттен бастап екі ай өткенше жер қойнауын пайдаланушы өндіруу салдарларын жою бойынша жұмыстарды бастамаса, құзыретті орган салдарларды жоюға уәкілетті тұлғаны тағайындап, өндіру салдарларын жоюды жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қаражат есебінен ұйымдастырады.

8. Өндіру салдарларын жою актісіне қол қою жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына жер қойнауын пайдалану бойынша көмірсутекке қатысты операцияларды жүргізу үшін ұсынылатын учаске түрінде енгізуге негіз болып табылады.



  1. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутекті өндіру кезеңі ішіндегі оқыту және ғылым саласындағы міндеттемелері


1. Өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы төмендегілерге міндетті:

1) жер қойнауын пайдаланушының көмірсутек өндіру бойынша қызметтерінің алдыңғы жылғы нәтижесі бойынша түсетін салық салынатын табысының бір пайызы көлемінде қазақстандық кадрлардың оқуларын қаржыландыру;

2) жер қойнауын пайдаланушының көмірсутек өндіру бойынша қызметтерінің алдыңғы жылғы нәтижесі бойынша түсетін салық салынатын табысының бір пайызы көлемінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жыл сайын қаржыландыру.

2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрлардың оқуларын қаржыландыру шығындарына мыналар жатады:

1) жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және көмірсутекке қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу қызметтерімен айналысатын қызметкерлерін оқыту, біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау (оқытылатын қызметкердің іссапарына байланысты шығындарды қоса алғанда);

2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту, біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау;

3) Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутекке қатысты жер қойнауын пайдалану саласындағы мамандарды даярлайтын жекеменшік оқу-сынақ полигондарын салу және іске қосу немесе өзге оқу-сынақ полигондарын қаржыландыру;

4) көмірсутекті барлау, өндіру және өңдеуге тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын, жер қойнауын пайдаланушы әрекеттестік туралы келісім жасасқан қазақстандық білім беретін мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту.

3. Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру шығындарына мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін өзінің ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары;

2) қазақстандық жеткізушілер жүргізетін көмірсутекті өңдеу саласындағы, экология, еңбек қорғау, жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алу;

3) құзыретті органның рұқсат етуімен шетелдік жеткізушілер жүргізетін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алу;

4) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес автономды кластерлік қорды қаржыландыру;

5) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес субъектілер атқаратын ғылыми зерттеулерді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтерді қаржыландыру.

4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қаржыландырылған, белгіленген минимумнан асатын қаржы көлемі жер қойнауын пайдаланушының келесі жылғы орындалатын тиісті міндеттемелерінің есебіне жатқызылады.

5. Осы баптың ережелері төмендегі келісімшарт түрлеріне қолданылмайды:

1) өткізгіштігі төмен қабаттарда көмірсутекті барлау және өндіруге немесе өндіруге (көмір қабатындағы метанды қоса алғанда);

2) инвестициялық әлеуеті төмен кен орындарындағы көмірсутекті өндіруге арналған келісімшарт.



  1. Қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету


1. Көмірсутекке қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және көші-қон туралы заңдарына сәйкес корпоративішілік ауысулар шеңберінде жұмысқа тартылған шетелдік менеджерлер мен мамандарды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті категория бойынша қызметкерлердің жалпы санының елу пайызын құрауы тиіс болғандықтан қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті.

2. Жер қойнауын пайдаланушының және оның мердігерлерінің осы Кодекстің талаптарына сәйкес қазақстандық өндірушілер жобалау құжаттарының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңдарының талаптарын орындаған жағдайда, олардан жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы көмірсутекке қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің міндетті шарты болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және көші-қон туралы заңдарына сәйкес корпоративішілік ауысулар шеңберінде жұмысқа тартылған шетелдік менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, қызметкерлердің жалпы санының ең кемі тоқсан бес пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының азаматтарын пайдаланатын жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық өндірушілері деп танылады.

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және көші-қон туралы заңдарына сәйкес корпоративішілік ауысулар шеңберінде еңбек етіп жүрген шетелдік менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті категория бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауы тиіс.

4. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутекке қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Көмірсутекке қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерге қолдау көрсету саласындағы операторды мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейді және жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілердің тауарларды, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуы, қазақстандық кадрларды тартуы, қазақстандық кадрларды оқытуы бойынша міндеттемелерін дұрыс орындауына, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутекке қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуына мониторинг жасайды.

6. Көмірсутекке қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерге қолдау көрсету саласындағы оператор етіп мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарауындағы, дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны белгілеуге болады.

  1. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану келісімшартының шарттарын орындауын бақылау


1. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының шарттарын орындауын құзыретті орган өзі бекіткен тәртіппен бақылайды.

2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану келісімшартының шарттарын орындамаған жағдайда құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының белгіленген мерзімде ондай бұзушылықтарды жоюы бойынша міндеттемесін көрсетіп, жазбаша хабарлама жібереді.

3. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт шарттары бойынша бұзушылықтарды жою мерзімі жазбаша хабарлама келіп түскен күннен бастап міндеттемелердің табиғи ауқымы бойынша алты айдан аспауы, қаржылай міндеттемелер бойынша – үш айдан, келісімшарттың өзге шарттары бойынша – бір айдан аспауы тиіс.

4. Жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органға негізделген ұзарту себептерін көрсете отырып, келісімшарт шарттары бойынша бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жасауға құқығы бар. Келісімшарт шарттары бойынша бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижесі бойынша құзыретті орган ұсыныс келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға мерзімін ұзартуға келісім беретіні немесе дәлелді себеппен ұзартуға рұқсат бермейтіні туралы хабарлайды.

5. Келісімшарт шарттары бойынша бұзушылықтарды осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жою мүмкін емес болған жағдайда құзыретті органның мұндай бұзушылықтарды жоюға болатын басқа мерзімді белгілеуге құқығы бар.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған