Күні: 17. 10. 2019 жыл Сыныбы: 6 ж тақырыбы

Loading...


бет1/2
Дата14.04.2020
өлшемі127 Kb.
  1   2
Күні: 17.10.2019 жыл
Сыныбы: 
6 Ж
Тақырыбы: 
«Білімділер додасы»
Мақсаты: 
оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Белсенділігін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру, математикалық сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым-қатынасты дамыту. Тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасауға, көпшілік алдында өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші:
.
Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің бүгінгі «Білімділер додасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Біздің мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,математиканың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу. Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер. (әр топ өздерін таныстарады)
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Жүргізуші: Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Олай болса Білімділер додасын бастайық!
Жоспары:
І тур: «ҚазЛото»
ІІ тур: «Танграм»
ІІІ тур: «Тіл өнері»
ІV тур: «Логикалық лабиринт»
V тур: «Қатені тап»
VІ тур: «Көңілді санау»
VІІ тур: «Аукцион»
VІІІ тур: «Жүйрік болсаң, озып көр»
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болдық. Олай болса, алғашқы сайысымыз «ҚазЛотоны» бастайық.
Шарты:Оқушылар дорбадан нөмір алып, сол нөмір бойынша сұраққа жауап береді. Барлығы 20 сұрақ. Әрбір оқушы бір сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
№1. Пропорция дегеніміз не? (Екі немесе бірнеше қатынастың тура теңдігі)
№2. Қандай өрнектер теңбе – тең өрнектер деп аталады? (Екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез келгенінде сәйкес мәндері тең өрнектер)
№3. Бір – бірінен таңбасымен өзгешеленетін сандар (Қарама – қарсы сандар)
№4.Бүтін сандар, теріс және оң бөлшек сандар (Рационал сандар)
№5. Натурал сандар, оларға қарама – қарсы сандар және нөл саны (Бүтін сандар)
№6. m теріс сан да оң сан да емес екені белгілі. m қандай сан? (0)
№7. Екі қарама – қарсы рационал сандардың қосындысының мәні неге тең? (0)
№8. Оң рационал сан мен теріс рационал санның көбейтіндісінің мәні (Теріс сан)
№9. 2 санына бөлінетін бүтін сан (Жұп сан)
№10. Орнына сан қоюға болатын әріп (Айнымалы)
№11.ax=b түріндегі теңдеу (Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
№12. Пропорцияның негізгі қасиеті (Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісінің мәні пропорцияның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісінің мәніне тең.)
№13. Шамалардың тура пропорционалдығының қасиеті (Бір шаманы бірнеше есе арттырса, онда екінші шама сонша есе артады)
№14. Масштаб дегеніміз не? (Картада берілген арақашықтықтың нақты арақашықтыққа сәйкестігі)
№15. Дөңгелектің ауданының формуласы (S=R2)
№16. Шеңбер ұзындығының формуласы (L=2R)
№17. Өз – өзіне қарама – қарсы сан (0)
№18.Теріс санның оң санға көбейтіндісінің мәні (Теріс сан)
№19. 2 санына бөлінбейтін бүтін сан (Тақ сан)
№20. Екі теріс рационал санның бөліндісінің мәні (Оң сан)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, оқушылар. (І тур бойынша жинаған ұпай саны айтылады)
Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Танграм».
Шарты: Қатысушы екі топқа конверт ұсынылады. Әр топ бір конверт таңдайды. Сол конверттегі суретті 7 фигура арқылы құрастыру. Дұрыс құрастырылған суретке 20 ұпай.
№1 конверт. 4 саны

№2 конверт.1 саны




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...