Күні: 08. 04. 2020жыл Пәні: Тіл мәдениеті, стилистика Тобы

Loading...


Дата10.04.2020
өлшемі75.8 Kb.
Қайырлы күн, құрметті оқытушы! Күніңіз жақсы жаңалыққа толы болсын!!!

Күні: 08.04.2020жыл

Пәні: Тіл мәдениеті, стилистика

Тобы: ҚТ-Ж-16к

Студент: Қайырбай Алтынай

Тақырыбы: Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік

Үй тапсырмасы

Теориялық тапсырма


Морфологиялық құралдардың қолданылу сипатына қарай жазба стильдерді екі топқа бөліп қарастырушылық бар. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын. Көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стиль бір-бірімен үндесіп жатады. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфологиялық тұлғалар көркем әдебиет тілінде де біршама жиі қолданылады.

Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінің басты бір ерекшелігі олардың құрамында автордың субъективтік көзқарасы, қатынасы көрінбейді. Соған орай кеңсе қағаздарының тілінде, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданылмайды.

Зат есімге қосылып, кішірейткіш мәнге үстеме экспрессивтік мәнер туғызатын аффикстер де ресми –іскери стиль мен ғылыми стильде жиі ұшыраса қоймайды. Ғылыми стиль мен ресми-іскери стильде кездесе қоймайтын морфологиялық тұлғалардың бірі – сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі шырай, яғни сын есімнің салыстырмалы шырайын жасайтын –рақ, -рек жұрнағы және толық мәнді сөздің алғашқы буыны қайталану арқылы, сондай-ақ, өте, аса, тым, тіпті сөздерінің негізгі сын есімдерге тіркесе келуі арқылы жасалатын күшейтпелі шырай түрлері.

Ғылыми стиль мен ресми стильде халықаралық, көзқарас, еңбеккүн сияқты біріккен сөздер көп жұмсалады.

Көркем әдебиет тілі мен көсемсөз стилінде тілге тән морфологиялық тұлғалардың барлығы бірдей қолданылады.

Әдеби тіл нормасына жатпайтын және жергілікті тіл ерекшеліктер болып табылатын морфологиялық тұлғалар да бұл стиль салаларында кездесе береді.


http://melimde.com/penni-ou-edistemelik-kesheni-v17.html?page=4 берілген сілтемені ашып, мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері

Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға (мейлі ол жазба стиль болсын, әлде сөйлеу стилі формасы болсын) тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қолданылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық тұлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейімділігі көзге түседі. Әрине, морфологиялық тұлғаның бір ғана стиль құрамында жиі жұмсалуы оның әдеби тілдің басқа бір саласында кездеспейтіндігін дәлелдемейді. Ол тұлға басқадан гөрі сол стильде жиі қолданылады, сол мән-мағынада біршама қалыптасқан деп қана түсінілгені мақұл. Сондықтан да әдеби тілдің тек бір ғана саласында морфологиялық тұлғалардың қолданылып, басқа ыңғайда кездеспейтін түрлері аса сирек. Өйткені морфологиялық категориялар, жеке сөздердей емес, сөйлемнің субъективтік мәнеріне тікелей қатысты бола бермейді. Қебіне ойдың, хабардың объективтік мазмұнымен тікелей байланысты болып келеді.

Сонымен, әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласьшда жиі қол-данылуға бейім морфологиялық түлғалар бар.

Қазақ әдеби тілінің құрамындағы стильдік салалар морфоло-гиялық құрамы жағынан бір-бірінен соншама алшақтап кетпейді. Кұрамында жиі жұмсалатын морфологиялық тұлғалардың сипатына қарай, жазба стильдерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиялық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын, бір-бірімен орайлас. Сол сияқты публицистика-лық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен үндесіп жатады. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфоло-гиялық тұлғалар көркем әдебиет тілінде де біршама жиі қолда-нылады.




Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы


Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінін, басты бір ерекшелігі олардың құрамында автордың субъективтік көзқарасы, қатынасы көрінбейді. Соған орай кеңсе қағаздарының (куәліктер, ақпарлар, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздар т. б.) тілінде, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданыл-майды. Бұл жерде әсіресе қолданылмайтындар — сын есімнің кіші-рейткіш мәнді жұрнақтары: -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ұзын-дау, сұңғақтау, үлкендеу, қисықтау т. б.) -ғыл, -ғылтым, -ғыш, -ілдір (қызғылт, сарғыш, қызғылтым, көкшіл, көгілдір т. б.). Бұ-лардан белгілі бір мағыналық топқа жататын сөздер – ғана жасалады. Соған орай бұл аффикстер арқылы жасалған сөздердің қолданылу өрісі де аса кең емес, -аң, -ең, -қай (босаң, алаң көз, сидаң жігіт т. б.), -ша, -ше (шоқша сақал, биікше) т. б. аффиксті-сын есімдер де сирек ұшырайды.




Практикалық тапсырма

Республикалық газет-журналдан «Ана тілімізге» байланысты мақаланы таңдап, грамматикалық стилистикаға сүйеніп, эссе жазыңыз.(Эссе талаптарына сай!!!)

«Ана тілі – ұлт тағдыры»

«Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз — туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі».

Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев

«Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!» – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңылмаспыз.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

“Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған.
«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттаумыз керек. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы. Соған орай қазақта “Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым.

Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі.
«Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып – қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да аузын толтырып айтады. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Жалпы халықтық қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Өзінің тыңдаушысын бірден баурап әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің,» - дейді жазушы Қабдеш Жұмаділов.

“Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.
Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт - санамыз бен дініміз де осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор




Кімге: М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Махамбетәлиева Роза апайға
Кімнен: ҚТ-Ж-16к оқу тобының білім алушысы Қайырбай Алтынайдан
Мәтін: Құрметті Роза апай! Бүгінгі сабақ үшін алғыс айтамын. Стилистика жайлы жалпы түсінікпен таныстым. Практикалық тапсырмаңыз ұнады. Сізге сәттілік тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...