Клиникалық эпидемиологиясының принциптері ?

Loading...


Дата11.06.2021
өлшемі18.54 Kb.

  1. КЛИНИКАЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ ?

КЭ-нің негізгі принципі – бұл зерттеуде белгілі бір клиникалық нәтижені бағалау. Клиникалық нәтиже төмендегідей болады: өлім (Death), ауру (Disease), дискомфорт (Discomfort), инвалидизация (Disability), қанағаттанбағандық (Dissatisfaction) – (ағылшын тілінде – 5 D). Клиникалық нәтиже жанама (суррогаттық) және тікелей болып бөлінеді. Жанамаға қандай да бір зерттелген көрсеткіштердің оң нәтиже беруі жатады (мысалы, төмендеген артериялық қысымның жоғарылауы,), қандағы биологиялық субстанцияның деңгейі қалыпты жағдайда болуы, ферменттердің белсенділігінің қалпына келуі және т.б.). Суррогатты соңғы нүкте клиникалық тиімділіктің немесе терапиялық іс-шара зияндылығының тура көрсеткіші болмайды, бірақ сирек кездесетін және соң болатын нәтижені болжауы мүмкін. Тікелей критерийге мыналар жатады: сауығу, өлім-жітімнің азаюы және асқынуы, ауруханада емделу мерзімінің қысқаруы, өмір сүру сапасының жақсаруы, асқынудың алдын алу. Клиникалық эпидемиологияда клиникалық құбылысты зерттеу үшін сандық тәсіл қолданылады. Сандық тәсіл дәлелді нәтиже береді, яғни ол қателерді бағалауға, клиникалық нәтижені цифрлық эквивалентте білдіреді. Зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдану үшін белгілі бір талаптарды сақтау қажет: статистикалық әдістердің мәліметтерін дұрыс пайдалану; зерттеудің сауатты таңдалған дизайны және дұрыс рандомизация әдісі КЭ-ның келесі принципі – бұл зерттеуді жүргізу үшін белгілі бір ерекшелігі бар популяцияны таңдау болып табылады.

  1. Зақымдалған тісте 10-15 минутқа басылатын, мезгілдік өздігінен ұзақтығы 1-2 сағатқа созылатын ұзақ ауырсынулар пайда болады. Ауырсыну жүйке талшықтары бойымен таралады, түнгі уақытта және тітіркендіргіштерден күшейеді. Берілген ауырсыну белгілері қай ауруға тән?

Жауабы: Диагноз- ұлпаның толық жедел қабынуы.

Қабынудың бұл түрі уақытында емделмеген ұлпаның жедел жартылай қабынуынан дамиды (аурудың анамнезін анықтаған кезде ескерген жөн).

Тісінің ұлпа қабынуы бар сырқат адам өздігінен ауық-ауық жиі қозатын ұстамалы және ұзаққа созылатын (2-3 сағатқа) ауыру сезіміне шағымданады. Ауыруаралық уақыт (межболевой период) немесе интермиссиялық уақыт аса ұзақ емес 30-40 минуттан аспайды. Түн кезінде пайда болған ауыру сезімі ұзаққа созылып, тісі сырқат адамның ұйқысын қашырады.

Тітіркендіргіш ықпалдар ауыру сезімін қайта қоздырады немесе күшейте түседі. Ауыру сезімі сырқат тіс аймағымен шектелмей, үштік нерв тармақтарының бойымен таралады. Жоғарғы жақ тістерінің ұлпасы қабынған кезде ауыру сезімі шықшытқа, самайға, көз, бет, мұрын аймақтарына, Гаймор қуысына, қарама-қарсы жақ және төменгі жақ тістеріне беріледі.

Кейде тісі сырқат адам өз бетімен ауырмайтын, тек тісжегі қуысы бар қарама-қарсы жақ тісін көрсетіп, тәжірибесі аз дәрігерді қателестіруі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда дәрігер-стоматолог өз мүмкіндігін, білімін барынша тиімді пайдалағаны жөн.

Төменгі жақ тістерінің ұлпа қабынуы кезінде ауыру сезімі шүйдеге, мойынға, құлаққа, төменгі жақасты, иекасты аймақтарына, жоғарғы жақ және қарама-қарсы жақ тістеріне (алдыңғы тістердің ұлпасы қабынған кезде) беріледі. Науқастың жалпы жағдайы, жұмыс қабілеті төмендейді, көңіл-күйі нашарлайды. Бұдан бір-екі күн бұрын тісінің өз бетімен аз уақыт қана ауырып мазалағанын, ұзақ уақыт мазаламағандықтан дәрігерге келмегені туралы айтады.



Қарап тексергенде сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталады, сүңгілеп тексергенде қуыстың табанының барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Суық сумен әсер еткен кезде тіс қақсап ұзақ ауырады. Қағып тексергенде аздаған ауыру сезімін анықтауға болады (сау тіспен салыстыра қағып тексергенде) элекрқозғыштығы 30-40мка дейін төмендеген, кейде одан да төмен болуы ықтимал. Ұлпа қабынуының бұл түрін басқа аурулардан ажырата білу керек (салыстырмалы диагностика жүргізу керек). Ол аурулар: ұлпаның жартылай жедел қабынуы, ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі, периодонттың жедел қабынуы, үштік нерв невралгиясы, Гаймор қуысының жедел қабынуы, тіс ұяшығының (альвеоласының) қабынуы.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...