Клетканың морфологиясы



бет45/70
Дата30.12.2022
өлшемі244.28 Kb.
#405029
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:
Дәріс
лекция (1), 16-osh fo aza-debiet 8-syn (1), ҚҚЗТ-тест-1-15-апталар, Іскерлік қарым-қатынас, Lab3, 6 б,г,в,д 06.12-07.12, Икт жоба, 777, Лекция 12 ЭТМ, талқылау сұрақтары 3, formuly-po-fizike-5-ege.ru , 12 урок 8 класс, Абай жолы Қайтқанда І тарау, 2-срсп. Қожабай Айшабибі
Мезодерманың пайда болуы
Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде гаструланың пайда болуымен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші ұрық жапырақшасы дамиды. Бұл эктодерма мен энтодерманын арасында орналасқан клеткалық элементтердің жиынтығы. Омыртқасыз жануарлардың бәрінде, тікенекті терілілерден басқаларында, мезодерма бӛлшектену кезеңінде оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың арасында орналасады.
Ішек қуыстылардан басқа барлық ағзалар үш ұрық жапырақшасынан – эктодерма, энтодерма және мезодермадан дамиды. Мезодерманың қалыптасуының 2 әдісі бар (70-сурет):

  1. Телобластикалық

  2. Энтероцелдік

Телобластикалық – гаструляция кезінде бірінші реттік ішек қуысының екі жағында, бластопорға жақын жерде бір – бірден ірі жасушалар – телобластар пайда блады, олардан кішкене жасушалар бӛлініп мезодерма дамиды. Бұл әдіс бірінші реттік ауыз қуыстыларға тән.
Энтероцелдік – бұл кезде бірінші реттік ішек немесе гастроцелдің екі жағынан қалташықтар пайда болады. Олар бірте – бірте ішектен бӛлініп, кӛбейіп, екі ұрық қабатының арасына орналасып мезодерма түзеді. Бұл әдіс хордалыларға тән. Міне осы әдістермен 3 ұрық жапырақшасынан тұратын гаструла сатысы қалыптасады. Мезодермалық ӛсіндінің куысы дененің екінші реттік қуысы немесе целом деп аталады.
Мезодерма этодерма және энтодерма сияқты клеткалардың тұтас қабаты емес. Оның компоненттерінің миграцияланатын қабілеті бар және мезенхима деп аталатын құрылымды, ұрықтық дәнекер ұлпасын құрайды. Энтодермамен мезодермадан дамыған мезенхиманы эндомезенхима деп атаса, эктодермадан дамығандарын эктомезенхима дейді.
Омыртқалыларда эндомезенхимадан ересек организмнің дәнекер ұлпаларының әр түрлері, қан тамырлары мен бірыңғай салалы бұлшық ет, қанның клеткалары дамиды. Экзомезенхимадан висцералдық қаңқаның бәріне дерлігі, пигменттік клеткалар, микроглия мен дерманың бір бӛлігі түзіледі. Сонымен, гаструляция аяқталғаннан кейін хордалыларға тән дене құрылысының жалпы жоспары анықталады.
Адам мен хордалы жануарлар ұрықтарында нерв түтігінің түзілу процесін нейрулация дейді. Дамудың бұл кезеңі нейрула деп аталатын эмбриондық даму кезеңінде жүреді, гаструляция процесі аяқталғаннан кейін. Нейруляция ұрықтың арқа бетінде эктодерманың қалыңдап нерв пластинкасының пайда болуынан басталады. Нерв пластинкасының жиегі түріліп науашық құрап, кейін нерв түтігіне айналады. Нерв түтігінің алдыңғы бӛлігі миға, мойын мен тұлға аймағындағы бӛлігі жұлынға жіктеледі. Нерв түтігінің каналы орталық жұлын каналы болып дамиды. Нерв түтігі тері эпителийіне айналатын эктодерманың қалған бӛлігінен бӛлінеді де, тері эктодермасының астында қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет