Бұлшық еттік қозғалыс. Көп клеткалы жануарлар организмінің жиырылғыш маманданған клеткаларының цитоплазмасында жиырылғыш фибриллалар, миофибриллалар (грекше mys — бұлшық ет) болады. Миофибриллалар әсіресе қаңқа бұлшык ет клеткасында, бірыңғай салалы бұлшық ет клеткаларында және жүрек еттерінде көп болады. Омыртқалы жануарлардың бұлшық етінің негізгі жиырылғыш белоктары миозин мен актин. Актин миозинмен қосылып актомиозиңді құрайды. Актомиозиннің жалпы санының 15-20% актин. Көлденең салалы бұлшық ет негізінде миозиннен тұрады. Миозиннің ең құңды ерекшелігі Са2+ ионының қатысында АТФ-ты АДФ пен анорганикалық фосфатқа гидролиздейтін қабілеті. В. А. Энгельгард пен М.Н. Любимова 1939 ж. миозиннің аденозинтрифосфатазалық (АТФ-азалық) белсенділігін ашқан. Жиырылғыш аппарат белоктарының 90% жуығын миозин мен актин және тропомиозин құрайды.
Жарық микроскопынан көрінетін миофибриллалардың көлденең жолақтылығы, актин мен миозин жіптерінің орналасуына байланысты екенін электрондық микроскопиялық зерттеулер анықтады. Әрбір жеке миофибрилла кезектесіп орналасқан ақшыл және күңгірт бӛліктерден, дискілерден тұрады. Күңгірт бөліктер анизатропты дискілер (А-дискілер), ал ақшылы изотропты (І-дискілер) деп атайды. А дискі Н дискі, немесе Гензен жолағымен, екі тең бӛліктерге бӛлінген. І дискінің ортасынан біркелкі күңгірт Z жолағы ӛтеді. Екі Z жолағының (дискінің) арасындағы миофибрилла бөлігі, оның негізгі элементі саркомер.
Миофибриллаларды салыстырмалы субмикроскопиялық зерттеу, барлық жануарлардың сүтқоректілердің, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің, насекомдардың, шаянтәрізділердің миофибриллалар құрылымының ұқсас екенін көрсетті.
Хансен мен Хакслидің теориясы бойынша жиырылу миофибриллалар деңгейінде актин филаменттерінің, миозин филаменттерінің үстінен жылжуы нәтижесінде жүреді.
Бұлшық еттің жиырылу энергетикасын зерттеу, бұлшық еттің пайдалы әрекет коэффициентінің 20-25%-дан аспайтынын көрсетті. Энергияның қалған бөлігі жылу күйінде бӛлінеді.