А — тығыз байланыс: 1 — жасушаның плазмалық мембранасы,
2 — жасушалар мембраналарының бір-біріне жанасу зонасы.
(http://biology-of-cell.narod.r…).
Б – арнайы жасуша аралық байланыстар. (http://vmede.org/sait/?page=6&).
синапстық байланыстың құрылысы.
Дәріс-3
Жасуша цитоплазмасының органиодтары мен қосындылары 1.1 Клетка мембранасы Клетка мембранасы – жасушаны сыртынан қоршап тұрады, қалыңдығы 6-10 нм. Жасуша мембранасының көптеген моделдерінің ішінде, мембранаға толық сипаттама беретін Г.Никольсон мен С.Сингердің 1972 жылы ұсынған «сұйық-мозаикалы» моделі. Бұл модель бойынша мембрана липидтер молекуласының екі қабатынан және белоктордан тұрады.
Мембрананың құрамында липидтер 30% жуық, белоктар 60% жуық, көмірсулар 10% жуық болады. Липидтердің құрамында фосфолипидтер, сфинголипидтер, холестирин де бар.
Биологиялық маңыздылығына байланысты мембрана белоктары келесіге ажыратылады:
- ферментті белоктар;
- тасымалдаушы белоктар;
- рецепторлық белоктар;
- құрылымдық белоктар.
Жасуша мембранасының атқаратын қызметтері сан алуан: қорғаныс, тасымалдау, рецепторлы және тағы басқалар.
Осындай қызмет атқаратын жасуша қабықшасы 3 қабаттан тұрады:
Гликокаликс;
Плазмалық мембрана немесе плазмолемма;
Субмембрана немесе гиалоплазма.
Гликокаликс – плазмолемманың үстінде орналасады, қалыңдығы 3 – 4 нм, құрылысы тор пішіндес болып келеді. Көп жасушалы жануарлар мен бір жасушалы қарапайымдылардың плазмолеммасының үстінде гликокаликс орналасқан. Бұл терминді 1963 жылы Беннет ұсынған болатын.
Гликокаликстің құрамында гликопротеидтер және гликолипидтерді құрайтын көмірсулардың молекулалары бар. Гликокаликс сыртқы ортамен тікелей қатынаста болғандықтан, жасушалардың рецепторлық функциясында маңызды рөл атқарады. Гликокаликстің көмірсу компоненттері гликозилдік топтардан тұратын антенналарға ұқсас олигосахаридтік тізбектер құрып, сырттан келген сигналдарды ажырата алуды қамтамасыз етеді.
Гликокаликсте түрлі заттардың диффузиясының жылдамдығы кемиді. Жасушадан бөлінген ферменттер Са++ немесе Mg+ иондарының көмегімен гликокаликс зонасында байланыста болуы мүмкін. Бұл ферменттер полисахаридтердің, белоктардың, майлардың, тағы басқалардың жасушадан тыс ыдырауына қатысады. Осы ыдырау өнімдері мономерлер күйінде плазмалық мембрана арқылы өтіп, жасушаға түсіп отырады.
Өсімдіктер мен прокариоттар жасушаларындағы плазмолемманың сыртын тығыз қабықша қоршаған. Ондай қабықшалар қорғаныс және тірек қызметін атқарады. Жасуша қабықшасының пайда болуына плазмолемма ықпал жасайды. Жасуша қабықшасы екі компоненттен тұрады: матрикс және фибрилді жүйе. Матрикстің құрамы гемицеллюлоза, полисахаридтер мен пектиннен тұрса, фибрилдер целлюлозадан тұрады.