Клетканың морфологиясы



бет10/70
Дата30.12.2022
өлшемі244.28 Kb.
#405029
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
Байланысты:
Дәріс
лекция (1), 16-osh fo aza-debiet 8-syn (1), ҚҚЗТ-тест-1-15-апталар, Іскерлік қарым-қатынас, Lab3, 6 б,г,в,д 06.12-07.12, Икт жоба, 777, Лекция 12 ЭТМ, талқылау сұрақтары 3, formuly-po-fizike-5-ege.ru , 12 урок 8 класс, Абай жолы Қайтқанда І тарау, 2-срсп. Қожабай Айшабибі
19 – сурет.
ДНҚ-ның құрылысы.
Бip тізбектің бойында орналасқан нуклеотидтер 6ip-6ipiмен коваленттік (фосфо-диэфирлік) байланыспен байланысады, ол 6ip нуклеотидтің дезоксирибозасы мен екінші нуклеотидтің фосфор қышқылының қалдығы арасындағы қосылыс (19 сурет). Бip тізбек бойына кез-келген нуклеотидтер орналаса береді және ол ДНҚ-ның әртүрлілігін қамтамасыз етеді. Азоттық негіздер дезоксирибозамен байланысып, тізбектің бүйір жағында орналасады. ДНҚ-ның екі тізбегі 6ip-6ipiмен азоттық негіздер Аденин мен Тимин немесе Тимин мен Аденин екі, Цитозин мен Гуанин немесе Гуанин мен Цитозин үш сутек көпіршесімен байланысады. Нуклеотидтердің қос тізбекте бip-бipiнe қатаң түрде сәйкес келуін (толықтыруын) комплементарлық деп атайды (19 сурет). Сонымен, ДНҚ екі спиралді тізбектен тұрады, егер бip тізбекте орналасқан азоттық негіздер белгілі болса, екінші тізбектегі азоттық негіздерді комплементарлық принциппен анықтауға болады. ДНҚ-ның өзін-өзі екі еселеуі осы құрылысына негізделген.
ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) орналасқан, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпаққа берілуін қадағалайды. Жасушадағы белоктардың құрамын анықтайды.
РНҚ 6ip тізбектен тұрады, оның мономерлері де нуклеотидтер. Олар А, У, Г, Ц және РНҚ-ның молекуласының барлық нуклеотидтерінде моносахарид рибоза болады. Егер ДНҚ мӛлшері жасуша құрамында тұрақты болса, ал РНҚ-ның мӛлшері ауытқып отырады (лабилді). РНҚ - жасушаның цитоплазмасында болады және ақуыз синтезі қарқынды жүретін жасушаларда кӛп кездеседі. РНҚ әр жасушаның ӛзіне ғана тән белоктардың түзілуіне қатысады.
Жасушада РНҚ-ның үш түрі бар. Олар атқаратын қызметтеріне байланысты аталады:

  1. Ақпаратты - РНҚ (а-РНҚ);

  2. Рибосомалді - РНҚ (р-РНҚ);

  3. Тасымалдаушы - РНҚ (т-РНҚ).

а-РНК - белгілі 6ip ақуыздың ақпараты жазылған, сондықтан матрицалық РНҚ деп аталады. М-РНҚ-дағы информацияға сай, полипептидтік тізбек түзіледі. Ал, РНҚ молекуласында информация триплеттерден тұрады. Әр аминқышқылын ӛзіне тән триплет анықтайды. а-РНҚ молекуласында 300 - 3000 дейін нуклеотидтер болады, жалпы РНҚ-ның 0,5-1 құрайды.
р-РНК - молекуласы ӛте үлкен, оған 3000-5000 дейін нуклеотидтер кіреді. Жасушадағы жалпы РНҚ-ның 90 р-РНҚ, ол рибосоманың құрамына кіріп, қабырғасын құрайды және ақуыз синтезінің инициациясына, терминациясына, ақуыз молекуласының рибосомадан бӛлініп кету процесін қамтамасыз етеді.
т-РНҚ - басқаларына қарағанда кiшi, оның құрамына 70 - 100 нуклеотид кіреді. Ол цитоплазмада болады. Жалпы РНҚ-ның олар 10% құрайды. Әр т-РНҚ - жоңышқа жапырағы тәрiздi иiлген полинуклеотидтiк тiзбек (20 сурет). Оның қызметі аминкышқылын рибосомаға тасымалдау, т-РНҚ-ның 6ip ұшында азоттық негіздер триплеті орналасады, оны антикодон деп атаса, екінші ұшында соған сәйкес аминқышқылы орналасады, оны акцепторлық бөлігі деп атайды. Т-РНҚ-ның өзiне сай аминқышқылын танып байланыс түзу процесi – рекогниция деп аталады. Егер т-РНҚ-ның антикодоны а-РНҚ- ның триплетіне сәйкес келсе, онда т-РНҚ-дағы аминкышқылы ақуыз молекуласында белгілі 6ip орынға орналасады. РНҚ-ның функциясы акуыздың синтезімен немесе тұқым қуалау информациясының ic жүзіне асырылуымен байланысты.
20 – сурет
Белоктар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядроның және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Белок молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Белоктар мен кӛмірсулар ыдырағанда энергия бӛлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында кӛп болады, әрі энергия кӛзінің негізгі қоры болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет