«Клавишті аспап (баян)» пәні бойынша білім беру бағдарламасы Түсінік хат



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі26.71 Kb.
#256459
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
баян үйірмесінің жұмыс жоспары
42 урок, 0izFjs7q6mOGXgiXMKjk3Afg6kmJYRMtQ0wV1VRe, 2 5258227094969652384, 5 кл 4 четв №1 СОР, 2 5258227094969652384 (1)
3. Бағдарламаның міндеттері:

    1. баянда ойнау дағдыларын қалыптастыру;

    2. музыкалық сауаттылық саласында білім алу;

    3. музыкалық мәдениет және халық шығармашылығының тарихы саласында білім алу;

    4. музыкалық стильдер және жанрлар туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру;

    5. өз жиынтығында әрі қарайғы музыкалық өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу, музыкамен өз бетінше қарым-қатынас жасау үшін базаны қамтамасыз ететін музыкалық қызметтің білім, білік және тәсілдерінің жүйесін иелену;

    6. музыкалық есту қабілетін, жадын, ырғақ сезімдерін, зейінді, ойлауды, елестетуді дамыту;

    7. шығармашылық қабілеттерді, салыстыру, жалпылау білігін дамыту;

    8. ой-өрісін кеңейту, музыкалық білімдерді, орындаушылық біліктер мен дағдыларды жүйелі жинақтау;

    9. музыкалық және орындаушылық талғамды тәрбиелеу;

    10. музыкалық өнерді тану арқылы рухани, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбиелеу.

    1. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бес-жеті жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған білім алушылар үшін, ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғалардың өтініші бойынша оқыту мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

    2. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

    3. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын ісәрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

    4. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың баянда ойнаудың білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

    5. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

    6. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

    7. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

    1. балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

    2. музыкалық лексиканы және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

    3. сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы; 4) оқу процесінің мақсаттылығы.

    1. Бағдарлама баянда ойнау техникаларын меңгеруді, қазақ, орыс, халық әуендерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармаларды орындауды үйренуді қалайтын балаларды оқыту үшін арналған.

    2. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарайғы тәжірибелік қызметі үшін қажетті баянда ойнау тәсілдерін меңгеру үшін жағдай жасайды.

    3. Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

    4. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

    5. Білім беру бағдарламасы білім алушылардың:

    1. музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін баянда ойнаудың білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

    2. білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

    3. білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

    4. музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

    5. білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

    1. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

    1. білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерліктұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

    2. білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

    3. білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

    4. бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

    1. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

    2. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

    3. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қолжеткізугебағытталған.

    4. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

    1. тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

    2. оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және

мәселелі-зерттеу тәсілдері;

    1. заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

    2. оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

    3. көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

    1. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

    1. табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және руханиадамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

    2. сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалықорындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

    3. оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

    4. шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

    1. «Баян» пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдау үшін жағдай жасайды.

    2. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

    1. ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

    2. көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету);

    3. практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

    4. талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

    5. эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік

әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

    1. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму

деңгейіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы