Алматы Технологиялық университеті Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы
KKZT 1101 «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»
пәнінен қорытынды емтихан сұрақтары
Алматы, 2021
2021-22 оқу жылы
1.Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы және тарихи деректері.
2.Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір
3. Қазақ атауы, қазақ жүздері және Алаш туралы түсінік
4. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы.
5.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
6.ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.
7.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және жәдидтік ағартушылық идеялардың Ұлы Дала еліне ықпалы.
8.ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
9.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
10.Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының 1916 жылғы көтеріліске көзқарасы.
11.Ресейдегі Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Қос өкімет жағдайындағы Қазақстан.
12. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
13.«Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. «Алаш» партиясының бағдарламасы.
14. Алаш автономиясының және Түркістан (Қоқан) автономиясының тарихы.
15. М.Шоқайдың саяси қызметі.
16.Қазақстандағы азаматтық-саяси қарсыласу кезеңіндегі саяси партиялардың қызметі: мұсылмандық партиялар, Алаш партиясы, Үш Жүз, большевиктер, кадеттер, социал-революционерлер.
17.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан, себептері және салдары. «Әскери коммунизм» саясаты.
18.Ұлттық мемлекет құру идеясын, таптық негіздегі мемлекет-Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасын құрумен ауыстыру. Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру.
19. 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы жер - су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы
20. Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
21.Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатының қатерлі мазмұны
22.Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаттары, іске асыру әдістері, салдары.
23.1921-1922 жж. Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары.
24. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары.
25.1928-1932 жж. Қазақстандағы кеңестік үкіметтің аграрлық шаралары. (Қазақ байларының мүлкін тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыру).
26.1929-1931 жылдардағы күшпен ұжымдастыруға қарсылық- ұлт-азаттық көтерілістің жалғасы
27. Қазақстандағы жеделдете индустрияландырудың отаршылдық сипаты: барысы, ерекшеліктері және қорытындылары (1928-1940 жж.).
28. XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. Бесеудің Ф.Голощекинге хаты. Т.Рысқұловтың И.В.Сталинге хаты.
29. ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңы, 30-жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. А.Байтұрсыновтың араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу
30. Сталиндік «үлкен террордың» ауқымы және ауыр салдарлары.
31.Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық.
32.Отан соғысының басталуы. Қазақстан экономикасын соғыс қажетіне бейімдеу, эвакуация.
33.Саяси сенімсіздікпен жекелеген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару (кәрістер, немістер, Солтүстік Кавказдың орыс емес халықтары, қарашайлар, Қырым татарлары)
34.Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың ірі шайқастарға қатысуы және ерліктері.
35.Қазақстан – майдан арсеналы. Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері.
36.1940 жылдардың екінші жартысы -1950 жылдардың басындағы әкімшіл-әміршіл жүйенің күшеюі. «Бекмаханов ісі».
37.ХХ ғасырдың 40 ж. екінші жартысы - 1950 жж. Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім беру. . Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
38.Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. И.Сталиннің жеке басына табыну саясатын айыптау.
39.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру, экологиялық және демографиялық зардаптары.
40.1953-1964 жж. өнеркәсіптің дамуы. Теміртау оқиғасы.
41.Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа.
42.1965-66 жж. экономиканы басқарудағы реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының экстенсивті жолы.
43.XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ жастарының ұлттық сана - сезімін көтерудегі бейресми студенттік үйірмелердің рөлі («Жас Тұлпар»).
44. «Тоқырау» кезеңіндегі (1970-1985-жылдар) әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.
45.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.
46.Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. Себептері, сылтауы және салдары.
47.Қазақстандағы экологиялық жағдай. Аралдың тартылуы. Семей полигоны.
48.Қазақстан «қайта құру» кезеңінде. (1985-1991 жж.). М.С.Горбачевтың реформалары.
49.Кеңестер Одағының ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (ТМД).
50.Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық заң.
51.«Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы. ҚазКСР мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация (1990 ж.).
52.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
53.1993 және 1995 жж. ҚР Конституциялары. Мемлекеттік басқару органдары: Президент, Парламент және Үкімет.
54.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
55. Қазақстанның «көп векторлы» сыртқы саясаты, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.
56.Көппартиялық парламенттің қалыптасуы. «Нұр Отан» партиясының мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі орны және рөлі.
57.Саяси партиялардың және партиялық жүйенің құрылуы. Саяси партиялар жөніндегі заң және оның маңызы.
58.Азаматтық қоғамның және оның саяси институттарының дамуы. ҚР қоғамдық қозғалыс.
59.Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
60.«Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың Қазақстанға оралуы. Қазақтардың 1 – ші дүние жүзілік құрылтайы.
61.Қазақстан Халықтары Ассамблеясы - қазақстандық қоғамды біріктіру институты.
62.Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этнодемографиялық жағдай және ұлттық қатынастар.
63.Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық қатынастар. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет.
64.Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты және рухани жаңғырудың жолдары.
65.Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі, әуелі экономика, сонан соң саясат
66.Қазақстан және әлемдік, аймақтық қауіпсіздік проблемалары
67.Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің маңызы
68.Ел Басы-Тұңғыш Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы
69. «Қазақстан-2030» Стратегиясы индустриялық-инновациялық дамудың ұзақ мерзімді бағдарламасы.
70.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды егемен мемлекет ретінде қалыптастыру және дамыту стратегиясы» (1992) еңбегінің маңызы.
71. Н.Ә.Назарбаевтың «Халық тарих толқынында» еңбегі тарихи зерттеулердің президенттік бағдарламасы. 1999
72.Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» еңбегіндегі қазіргі заманғы проблемалардың ұлттық қауіпсіздікке және аумақтық тұтастыққа әсері. 2001
73.Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегіндегі терроризм, аймақтық қауіпсіздік мәселелері және оларға қарсы күрестің шаралары туралы. 2003
74.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты және іске асырудың негізгі бағыттары. 2004
75. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы. 2010
76.Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «XXI ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» кітабы. 2011
77.Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 жылғы 14 желтоқсан).
78.Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. (2014 жылғы 17 қаңтар).
79.«Нұрлы жол – болашаққа жол» - жаңа экономикалық саясат. 2014
80.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 15 желтоқсандағы «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбында сөйлеген сөзінің маңызы.
81.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәні және маңызы: қазақстандық қоғамның бірлігі және бірегейлігі. 2016
82.ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғыртудың міндеттері» бағдарламалық мақаласы. 2017
83.Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны және маңызы. 2018
84.ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізудің маңызы.
85.Н.Ә. Назарбаев: мемлекеттік қайраткер және саясаткер.
86.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
87.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2019 жылғы 2 қыркүйек
88."Табандылық пен парасаттылық": Қазақстанның БҰҰ-дағы бастамалары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық онлайн-отырысында сөйлеген сөзі.
89.Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының маңызы
90.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |