Кішірею, азаю) жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының

Loading...


Дата30.03.2020
өлшемі18.13 Kb.
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профазаметафазаанафаза және телофаза. 1-мейоздың профазасы лептотеназиготенапахитенадиплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады. Лептотенаға (жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль тәрізденуі тән. Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады. Пахитена сатысында (жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері айқасады (кроссинговер). Нәтижесінде әр гомологта аталық және аналық тұқым қуалаушылық материал араласады. Диплотена (екі жіпшелер сатысы) гомологтар бір-бірінен ажырасуынан және хиазма пайда болуынан басталады. Диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы) хромосомалардың барынша жуанданып және спираль тәрізденуімен сипатталады; хиазмалар биваленттердің ұшына (шетіне) қарай жылжиды. Диакинез аяқталғанда, ядроның қабықшасы және ядрошықтар еріп, жойылып кетеді. 

Онтогонез[1](грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.

Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:



  1. Эмбриогенез - ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділер дернәсілінің сатылары).

  2. Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.

  3. . Ең алдымен аталық жыныс жасушасы аналық жыныс жасушасына сперматозоидпен қосылып зигота түзеді . Одан соң даму сатылары жүреді.

  4. 2Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула (өсу) сатысы деп аталады. Осы саты кезінде қарқынды бөліну - митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық, қысқа интерфаза сатысында өсіп те үлгере алмайды. Бластула сатысында ұрық ұсақ жасушалар түрінде топтасыпбластомерлер деп аталады. Бұл «жасуша түйірлерінің» пішіні, жасушалар мөлшері, жасушаның орналасуы тірі мақұлықтардың түріне байланысты сан алуан болып келеді. Бластула - бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көпжасушалы ұрық.Бұл кезеңде ағзада жыныс мүшесі дамиды. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады.

  5. Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезенде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жапырақшалары; гаструла (қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін ең маңызды окиға - ұрық жапырақшаларының - жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы - эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіп гаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.

  6. 4. Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек желілілерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...