Кіші мектеп жасындағы оқушыларының зерттеушілік әрекеті қазіргі білім беру ұйымдарының бағдарламаларында ерекше орын алады



бет1/2
Дата05.08.2022
өлшемі23.48 Kb.
#278196
  1   2
Байланысты:
ооо
sabaq-kz attachment bzhb.sor.-aza-tl-3-synyp-1-tosan-boyynsha-zhiynty-baalau, Орынбасарова Тұрсын Қф 202 ққтм 8 апта, Психология сессия, резюме Қоныс

Кіші мектеп жасындағы оқушыларының зерттеушілік әрекеті қазіргі білім беру ұйымдарының бағдарламаларында ерекше орын алады. Себебі, зерттеушілік әрекеттер оқушының оқуға деген ынтасын арттыруға, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасыуына үлкен әсерін тигізеді. Сондай-ақ тәрбие мен дамытудың неіг құралы деп те айта аламыз. Зерттеушілік әрекет — қандай да бір мәселенің шешімі табылмаған және ғылымдағы жауабы табылмаған сұрақтарға тән мәселені қоя білу, ең алдымен тақырыпты теориялық жағынан қарастыру, зерттеу барысында пайдаланатын әдіс-тәсілдерді таңдау, эксперимент жүргізу, өздігінен мәліметтер жинақтау, оған талдау жасап және қорытынды шығару секілді маңызды кезеңдерден тұруды болжайтын білім алушылардың шығармашылыққа, зерттеушілікке негізделген міндеттерді шешуімен байланысты болып табылады[1, 9].
Зерттеушілік әрекетті дамытудың негізгі мақсаты: кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік әрекетін жүзеге асыру және зерттеуге байланысты шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы интеллектуалдық-танымдық әлеуетін дамыту.
Міндеттері: - бастауыш сынып оқушылары шығармашылық зерттеушілік белсенділігін дамытуға жағдай жасау; - балаларда зерттеушілік әрекет оқу-тәрбие процесінің маңызды тәсілі мен өмір сүру стилі ретіндегі түсінікті қалыптастыру; - білім алушылардың іргелі және қолданбалы ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру; - балалардың өзін қоршаған әлемді тануына ұмтылысын тудыру, жағдай жасау; - ойлау операциялары мен танымдық деңгейлері мен шығармашылығын дамыту; - қарым-қатынаты жүзеге асыру [2]. Зерттеушілік әрекеттің негізгі идеясы: білім алушыларға окудың, ойлау қабілетін арттырудың, оқу-тәрбие үдерісінде субъективті жаңа білім алу негізінде тұлғалық түғырын белсендірудің әмбебап тәсілі ретінде зерттеушілік дағдыларын игеру жағдайларын жасау. Зерттеушілік әрекетті жүзеге асыруға керекті біліктер жүйесі: Өз бетінше жұмыс жасай алу біліктілігі (жұмыс орынды дайындап қою, жасалатын жұмыстың жоспарын құру); Зерттеушілік сипаттағы білік пен білім (зерттеудің тақырыбын таңдау, зерттеу жұмысының құрылымын, зерттеу барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді, мәліметтер іздеу және т. б. құрастыру); Мәліметтермен жұмыс істеу біліктілігі ( түрлі ақпарат көздері, ғылыми анықтамалар, термин сөздер, ең маңызды тұсын анықтап көрсету, қысқаша баяндау, сілтемесін көрсету, жоспарлау,түсіну, қорытынды, конспект, шартты белгілер, дәлелдер: аргументтер, фактілер); Орындалған іс-әрекеттің қорытындысын, зерттеудің өнімін шығару біліктілігі (қорытынды жасап нәтижесін көрсету формалары, ғылыми жиын, мәлімдемеге қойылатын талаптар, мәлімдеменің мәтіні) [3]. Біздің пікірімізше, оқушыларда аталған біліктіліктерді дамытып қалыптастыру үшін қарым-қатынас дағдысы, денсаулықты дамытушы технология, тұлғаға бағытталған білім беру технологияларын пайдалану керек. Зерттеу жұмысындағы біліктілікті арттыру: - зерттеудің әдіс-тәсілдерін игеру және оларды кез-келген оқытылатын пәннің мазмұнын зерттеуде пайдалана білу мүмкіндігін; - алынған білім мен білік білім алушылардың одан кейінгі өзіндік анықтауына әсерін тигізетін өзінің қызығушылықтарын іске асыру қабілеті; - әртүрлі ғылым, білім беру ұйымдарының оқу пәндері, тұтастай таным процесінің қызығушылығын дамыту мүмкіндіктерін береді. Зерттеушілік әрекеті біліктіліктерін арттыру үшін қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізілетіндей мүмкіндік қарастыру және орнату қажет. Кіші мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту шарттары: 1. Мотивация. Білім алушыларға өзінің шығармашылық зешығармашылық әрекетінің мәнін түсінуге, оны жүзеге асырудағы өз таланты мен мүмкіндіктерін, өзін-өзі іске асыру жолдарын көре алуға жәрдем беру қажет. 2. Мақсатты дұрыс қоя білу және жүйелі болуы. Зерттеу біліктілікгін қалыптастыру мақсатындағы әрекеттер сабақта және сыныптан тыс әрекет түрінде өткізілуі керек. Пән мұғалімі әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінің мазмұндарынан пайдаланылуы керек. 3. Шығармашылық орта. Мұғалім шығармашылық орта қалыптастырып, зерттеушілік әрекетке ынтасын қалыптастырып отыруы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру