3.1 Тестілеу жүйенің математикалық моделін құру
Білімді бағалайтын тестілеу жүйені құру процесін моделдеу үшін алдымен оқыту үрдісін құрастыру қажет. Оқыту үрдісін жобалау процесі және бақылау блогын ендіру «маңыз-байланыс» әдісімен анықтауға болады. Маңыз бұл жерде зерттеуші үшін қызық болатын белгілі бір объект болып табылады. Байланыс екі маңыз арасындағы байланыс болып табылады.
Берілген пәндік салада келесі маңыздарды нақты ерекшелеуге болады:
- оқытушы – білімді өзінен білім алушыға жіберуді қамтмасыз етуді (бір бағытты байланыс);
- тестіленуші (студент) – материалды игеруші (педагогикалық тұжырыға сәйкес ол төрт фаза – қабылдау және түсіну, зерделеу және есте сақтау, қолдану және соңғы кезең ретнде білімді бақылау).
- білімді бақылау – оқу үрдісі барысында білімді игеру деңгейі бойынша оқытушы мен білім алушының арасындағы кері байланыс.
Оқу үрдісінің сызбасын құрған соң оқыту модель құру қажет. Қазіргі таңда оқыту моделін өңдеуде келесі тәсілнама ұсынылады:
- объектке-бағытталған моделдерді қоллдану;
- жобалау-ақпараттық моделдерді қолдану;
- электр аналогиясын қолдану тәсілі;
- теориялық-ақпараттық моделдерді қолдану.
Оқыту моделін өңдеу барысында келесі сипаттамаларлды ескерген қажет:
- оқытуды бағалау;
- үлгерім көрсеткішін бағалау;
- оқыту ақпаратты ұсыну жиілігін бағалау;
- оқыту барысында шаршағандықты бағалау және т.б.
Осыны ескере отырып, теориялық-ақпараттық тәсілнаманы қолданып оқыту моделі сипаттаймыз.
Компьютерлік тестілеу жүйесін қолдануда оқыту моделін немқұрайлы келесі түрде сипаттауға болады:
(1)
мұнда В – оқытушы жиынтығы:
(2)
У – оқушылар жиынтығы:
(3)
СКН – компьютерленген оқыту жүйесі:
(4)
мұнда ТЗН – оқытудың техникалық құралдары;
НЗНТ – жаңа ақпараттық технологиялар негізіндегі оқу құралдары;
ОП – білім беру қызметі.
Сонымен қатар:
(5)
мұнда КК – компьютерлік коммуникациялар,
НС – оқыту ортасы, ол жерде:
(6)
мұнда ЗВ – оқыту құралдары, ЗК – білімді бағалау құралдары, ЗС –сертификация құралдары.
Оқыту моделін өңдеген соң және онда бағалау блогын ерекшелеген соң, білімді бағалау процесін моделдеуге кірісеміз. Ол үшін тестілеу моделі құрылады, себебі компьютерлік тестілеу жүйесінде білімді бағалау үшін білімді бағалау ішкі жүйесі жауап береді және осы ішкі жүйеде негізгі бағалау құралы болып тестілеу табылады.
Жалпыланған тестілеу жүйесінің моделі үш моделдің жиынтығы түрінде ұсынылады:
- тест жүйесінің моделі;
- тестілеу жүйесінің моделі;
- тестіленетіннің моделі.
Тестілеу жүйесінің моделі. Нақты бір пәнді оқу белгілі пәндер санын игеруді болжамдайды. Оқу материалын өңдеу нәтижесінде пән тесттердің N жүйесі түрінде ұсынылады. Құралғын тесттер жүйесінің жиыны тестілеу жүйесінің біреу арқылы іске асырылады, мунда . Жалпы жағдайда оқытушының немесе оқытушының қолында К тестілеу жүйелері болады.
(Ti)-дің i-ші тесті үшін (Sj)-дің j-ші тестілеу жүйесінде тестілеу студенттер массивінде орындалады, мұнда V – студенттер саны.
Қорытынды тест келесі түрде анықталады:
(7)
Тестілеу жүйесін таңдау үшін келесі өрнек орындалады:
(8)
Қарастырылған жүйеде жабық типті тестілердің моделдері қолданылады. Тестілік тапсырма – ол бір сұрақ немесе аяқталмаған тұжырым формасы түріндегі тест элементі, - тестілік тапсырмаға көптеген жауаптар жиынтығы.
Тестік тапсырмалар моделдерінің келесі түрлері бар:
- Көпшілік таңдауы бар қарапайым таңдаулы.
- Көпшілік таңдауы бар таңдаулы.
- Таңдаулы – реттеуге.
- Айқасқан.
- Таңдаулы біріктіретін.
- Матрицалық.
Тесттердің моделін немесе моделдер жиынтығын таңдау өңделген білімді бақылау ішкі жүйенің сипаттамасына және курс ерекшеліктеріне тәуелді.
Кез келген пәндік сала көлемінде білімді игеруді бақылау үшін арналған тесттер жетістік тесттерге жатады. Дайындалған тесттер оқу материалын менгеру дәрежесін сенімді бағалау үшін классикалық тестілеу теориясының талаптарына сәйкес құрылуы тиіс.
Осыған сәйкес тест моделі келесідей сипаттауға болады:
МТ=В, Н, Д, О (9)
мұнда В – тест валидтығын сарапшы бағалау :
(10)
Н – тест нәтижесінің сеніділігіне әсер ететін факторлар, оның ішіне жүргізілген зерттеу негізінде берілген тестке қойылатын сенімділік кіреді:
(11)
Д – дискримитативтік, зерттеу нәтижесінде табылатын және төменгі, жоғарғы шекаралары белгіленген параметр:
(12)
О – балдарды бағаға ауыстыру шкаласы:
(13)
Тестілеу жүйесінің моделі. Моделді немесе моделдер жиынтығын анықтаған соң және тестке арналған тапсырмаларды таңдаған соң тестілеу жүйесін таңдау қажет.
Қойылған мәселенің шешімі алдыға қойылған мақсаттарға тәуелді. Дайн тестілеу жүйелерін қолдану немесе өзіндік тестілеу жүйесін құру бір ғана шешімнен турмайды.
Тиімді бағыттардың бірі болып адаптивні жүйені қолдану болып саналады. Бұл жүйені қолдану мақсаттылығы дәстүрлі тестілеуді іске асару қажеттілігінен тұындайды. Бұл алгоритм барлық тапсырмаларды алдын ала тексеруді, күрделілігінің дәрежесін анықтауды және де тапсырмалар қоры мен арнайы бағдарламаларды құруды талап етеді.
Адаптивті жүйенің математикалық моделді келесі түрде ұсынуға болады:
болсын (R – сұрақтардың жалпы саны) – барлық сұрақтардың жиыны. X жиынын ішкі жиындарға бөлінуін ерекшелейік:
(14)
мунда Xi кейбір күрделік деңгейіне сәйкес келеді.
Тестілеу процесінде Х жиыннан ішкі ерекшелейміз, мунда Y –берілген тесттің барлық сұрақтарының жиыны (тестілеу аумағы), мұнда . Тестілеу процесі үшін А жауаптар жиынын ерекшелейміз:
мунда -дұрыс жауаптар жиыны, -тест сұрақтарына берілген дұрыс емес жауаптар жиыны және .
Осы есептеулер негізінде бағалау жүйесінің жалпы моделін құрамыз:
МСОЗ=<Ц,С,Ш> (15 )
мұнда Ц – бақылау мақсаты,
С – бақылау құралдары,
Ш – баға бірлігі,
Тестіленуші моделі. Білімді бағалау процесін моделдеу білім алушы моделі құрусыз мүмкін емес. білім алушылар жиынын және онда берілген амалдар мен қатынастардың жиынын қарастырайық. Білім алушыны келесі түрдегі атрибуттар жиыны ретінде қарастырамыз:
мұнда i-ші білім алушының оқуға дайындығының бастапқы деңгейі
– i-ші білім алушының оқуға қабілеті,
– i-ші білім алушы жеке тұлғасының психологиялық қасиеті,
– i-ші білім алушының жүйемен жұмыс істеуге дайындық деңгейі,
– i-ші білім алушының жүйеге қатысы факторы,
– i-ші білім алушының мәселенің қолданбалы аумағындағы туралы білімі,
– оқу аяқталған соң i-ші білім алушының дайындық деңгейі.
Осы атрибуттардың барлығы күрделі болып саналады, ол дегеніміз қарапайым атрибуттардан турады. Сонымен ерекшелеуге болады:
, мунда Mi - i-ші білім алушының дағдысы,
- i-ші білім алушының лингвистикалық дағдысы,
- i-ші білім алушының ойлау қабілеті,
- i-ші білім алушының творчесволық қабілеті
-дің ішінен назар аударуды, стрестерге тұрақтылықты және т.б. ерекшелеуге болады.
ойлау қабілетін атрибуттар жиыны түрінде ұсынуға болады: , мұнда - i-ші студенттің интеллект коэффициенті, - i-ші студенттің жадысының түрі.
ішінен ерекшелеуге болады: . Мұнда - курс бойынша қорытынды баға, курс тақырыбы бойынша бағалар жиыны, k-курс тақырыптарының саны, - k-і тақырыптан баға, - ішкі тақырыптар үшін баға жиыны: мұнда - тақырып номері, - ішкі тақырыптың номері.
- параграфты оқыған үшін қойылатын бағалар жиыны:
(16)
мұнда - тақырып номері,
- ішкі тақырыптың номері,
- параграф номері.
- ақпараттың минималды блогын оқыған үшін алынған бағалар жиыны:
(17)
мұнда - тақырып номері,
- ішкі тақырыптың номері,
- параграф номері,
- ақпараттың минималды блогының номері.
Берілген студенттің моделін жалпы түрде компьютерлік оқыту жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен, тестілеу жүйесінің математикалық моделі негізінде студенттердің білім деңгейін бағалауға арналған тестілеу жүйесін құруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |