Қазақстанда фондық ластанулар жерлерді бей-берекет игеруден және Арал теңізі суының азайып, құрғай бастауынан пайда болады. Осының барлығы, өнеркәсібі жоқ және адамдар мекендемейтін аудандарға да атмосфералық ластанулардың таралуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сонымен, адам қызметінің салдарынан фондық ластанулар тұрақты түрде қалыптаспауы мүмкін, бірақ ол қалалар мен өндірістік аумақтарға да қарағанда біршама аз (бірнеше рет). Медициналық экология немесе адам экологиясы тұрғысынан келсек, атмосфералық ауаның антропогендік ластануының мәні біршама зор.
Достарыңызбен бөлісу: |