Кіріспе. Электр тізбегін сипаттайтын негізгі шамалар. Электр өрісінің кернеулігі



Дата23.12.2021
өлшемі83.44 Kb.
#147117
Байланысты:
1-2
Кинематика, Кинематика, Метрология, 33-34

01.09.20
1-2 Кіріспе. Электр тізбегін сипаттайтын негізгі шамалар.

Электр өрісінің кернеулігі.

Электротехника – электр жəне магнит құбылыстарын іс жүзінде қолданатын ғылым, ал электроэнергетика– еліміздің экономикасының басты саласы. Ол ғылыми техниқалық прогресстің жəне барлық өндіріс салаларының қарқынды түрде дамуында белгілі рөл атқарады. Электротехника осы замандағы қоғамның барлық маңызды салаларында қолданылады. Электр энергияның ерекшелігі: оның энергияны аз шығынмен алыс қашықтыққа беруі, оңай түрлелдірілуі, əр түрлі қуаты бар қабылдағыштарға жеңіл таралуы жəне оны пайдаланғандағы ерекше үнемділігі. Электр энергиясы казіргі қоғамнын барлық салаларында қолданылады. Энергиялардың басқа түрлеріне қарағанда электроэнергияның төмендегідей ерекше қасиеттерін көрсетуге болады:

- энергияның басқа(механиқалық, жарық, жылу, химиялық, т.б) түрлеріне жеңіл түрлендіріледі.

- алыс қашықтыққа жоғары П.Ə.К-мен оңай түрде энергия беру жəне оны тұтынушыларға жеңіл таратуы;

- басқа энергия түрлеріне қалтықсыз ауыстырылуы;

- түрлі қуаттағы қондырғыларды бір қуат көзіне қосу мүмкінділігі;

- кернеу не тоқ параметрлерінің оңай түрде өзгертілуі;

- алыс қашықтыққа сигналдарды( телефон, телеграф, радиотехника) іс жүзінде тез жеткізу мүмкіндігі.

Электр өрісінің ауыспалы магнитті өрісінен жəне магнит өрісінің ауыспалы электр өрісінен пайда болуы электр жəне магнит өрісінің жеке, бір-біріне қатынассыз пайда бола алмайтынын көрсетті. Оны тоқ беретін желі мысалынан көруге болады(1.1-сурет).

Электр энергиясын бергенде бір-бірінен бөлек тұрған сымдарда U кернеуі пайда болады. Сол себептен, сымдардың арасында, пунктирмен көрсетілген күш желілеріндегі E кернеулігі бар электр өрісі пайда болады. Сымдарда І тоғы өткендіктен суретте тұтас сызықпен көрсетілгендей, олардың ішінде де, сыртында да, Н кернеулігі бар магнит өрісі пайда болады.

1.1-суреттен, электр жəне магнит өрісінің айырмашылығын анық көруге болады:

– магнит күш сызықтары тұйықталған олардың басы да, аяғы да жоқ.

– электр өрісінің күш сызықтары тұйықталмаған олар зарядталған сымнан басталып аяқталады;

Электр өрісінің жəй көрінісі қозғалмайтын электр зарядтар өрісі болады, ол электростатикалық деп аталады.

Электростатикалық өрісінің əр нүктесі Е кернеулігі векторымен сипатталады. Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз– нүктеде орналасқан нүкте зарядына өріспен əсер ететін F механикалық күш пен осы зарядтың қатынасы. Элекр өрісінің кернеулік вектор бағыты күш векторымен бірыңғай беттеседі. Сондықтан,

(1.1)

Нүктелі заряд деп зарядталған денені айтамыз, оның сызықты өлшемдері өте аз, сондықтан заряды зерттеп жатқан өріске əсер етпейді.



Егерде q0= 1, онда Е=Ғ болады. Бұдан, электр өрісінің кернеулігі сан бойынша өріс күшіне тең, бір электр зарядына əрекет ететін кернеулік векторының бағыты, оң зарядты бөлігіне əрекет ететін күш бағытымен теңеседі. Егерде, өрістің барлық нүктесінде кернеулігі бірдей болса, онда электр өрісін біртекті деп атайды.
Тапсырма: Тақырыпты оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Электроэнергияның ерекше қасиеттерін атаңыз.

  2. 1.1-суретте пунктирмен көрсетілген E кернеулікте қандай өріс пайда болады?

  3. 1.1- суретте тұтас сызықпен Н кернеулігі бар қандай өріс пайда болады?

  4. 1.1-сурет бойынша электр жəне магнит өрісінің айырмашылықтарын атаңыз.

  5. Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз не, формуласын, өлшем бірлігін жазыңыз.

  6. Біртекті өріс дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді