Кіріспе. Білімді ақпараттандыру



бет7/16
Дата02.01.2022
өлшемі195 Kb.
#147496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Дәрістер

7, 8-дәрістер.

Тақырыбы: Білім беруде ақпараттық технология құралдарын пайдалану жолдары

Жоспар. Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру

Ақпараттық технология белгiлi бiр объектiнiң, үрдiстiң немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу үшiн мәлiмет жинаудың, өңдеудiң және тара-тудың құралдары мен әдiстерiн пайдалану үрдiсi.

Ақпараттық қоғам - жұмыс iстейтiн адамдардың көпшiлiгi ақпаратты (оның ең жоғары түрi бiлiмдi) өндiрумен, өңдеумен және iске асырумен айналысатын қоғам.

Қоғамды ақпараттандыру ақпараттық қорларды дайындау және пайдалану негiзiнде жеке адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн өтеуге әрi жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасайтын әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдiс.

Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті техно-логияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне- оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпаратандыру бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып табылады.

Ақпаратандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпаратық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпаратық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.

Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңектерді саралай келе мультимедиа терминіне «ақпараттық орта» деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйым-дастырылған процесс деп қабыл-дауымызға болады.

Мультимедиа-компьютерлік графи-камен, суреттермен, қозғалыстағы бей-неқаптармен, анимациямен, мәтін дермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс іс-теуді қаматамасыз ететін итерактивті жүйе.

Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.

Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:

Электрондық пошта телеконференция:

· мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)

· гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)

· Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)

· видеоконференциялар

Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.

Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.

Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.

FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графАКТ iк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.

WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.

Оқыту ортасын дамыту құралдары

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

· компьютерлiк үйрету бағдарламалары

· электрондық оқу құралдары

· компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау

· электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

· аудио және видеоматериалдар

· Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы

Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу жүйесiн құрайды.

Интернеттiк ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді