Кіріспе. Білімді ақпараттандыру


-дәріс. Тақырыбы: Ақпараттық және телекомммуникациялық технологияларды білім беруде қолданудың оң және теріс аспектілері



бет3/16
Дата02.01.2022
өлшемі195 Kb.
#147496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістер
3 лекция ДООО
3-дәріс.

Тақырыбы: Ақпараттық және телекомммуникациялық технологияларды білім беруде қолданудың оң және теріс аспектілері

Жоспар.

Білім беру электронды басылымдары мен ресурстарын қолдану білім беру іс-қызметінің барлық салаларында да ақталды деген сенім қалыптасып қалуы мүмкін.

Әрине, көп жағдайларда дәл солай. Сонымен қатар білім беруді ақпараттандыру бірқатар кері аспектілерге ие болады.

Әрбір педагог білім беру электронды басылымдары мен ресурстарын қолданудың дұрыс және бұрыс факторларын біліп және практикалық жұмыста ескере жүруі қажет.

Мамандарды дайындау жүйесінде ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану оқу мекемесінің педагогикалық және ұйымдастыру іс-қызметін келесі мүмкіндіктермен байытуға әкеледі:


  • Білім беру мазмұнын іріктеу мен қалыптастыру әдістерін және технологияларын жетілдіру;

  • Информатикамен және ақпараттық технологиялармен байланысты жаңа мамандандырылған оқу пәндері мен оқыту бағыттарын енгізу мен дамыту;

  • Информатикамен тікелей байланысты емес дәстүрлі пәндердің көпшілігіне өзгерістер енгізу;

  • Оқыту тиімділігін жеке дараландыру мен саралап жіктеу, қосымша дәлелдік тетіктерін қолдану деңгейін арттыру есебінен жоғарылату;

  • Оқыту үрдісінде өзара әрекеттердің жаңа формаларын ұйымдастыру және оқытушы мен білім алушы іс-қызметтерінің мазмұны мен сипатын өзгерту;

  • Білім беру жүйесін басқару тетіктерін жетілдіру

Мультимедиалық құралдар белгілі бір пәндік салаларда ғана емес бірнеше пәндік саланың түйісіндегі пәндерде де оқыту процесін жетілдіру үшін қолданыла алады.

Білім беру жүйесінің нәтижелілігіне айтарлықтай дәрежеде оқу процесі өтіп жатқан орта да әсер етеді. Бұл ұғымға оқу процесінің құрылымы, оның шарттары мен қол жетерлігі (қоғам, кітапхана, мультимедиалық қорлар орталықтары, компьютерлік лабораториялар және т.б.) кіреді.

Осындай жағдайларда мультимедиалық басылымдар мен қорлар көптеген мүмкін оқу орталарының бірі ретінде қолданыла алады. Мұндай ортаны көптеген білім беру жобаларында пайдалануға болады, онда оқушылар зерттеліп отырған пәндік сала туралы ойлана отырып, құрбыларымен және мұғалімдерімен әңгімелесу арқылы, өзінің оқу барысын және нәтижелерін талдай алады.

Сонымен, қазіргі заманғы мультимедиалық құралдардың дамуы әр түрлі ақпаратты өңдей және ұсына алатын, алдыңғы қатарлы техникалық инновацияларды қолдана отырып, білім беру технологияларын түбегейлі жаңа деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде білім беру жүйесіне еніп отырған осы заманғы мультимедиалық құралдардың бірі модельдеу құралдары болып табылады және оларға сонымен қоса, «виртуалды шындық» деген атқа ие болған технологияларға негізделіп жұмыс істейтін құралдар да жатады.

Виртуалды объектілерге немесе процестерге өмірде бар немесе ойдан шығарылған объектілер мен процестердің электронды модельдері жатады. «Виртуалды» сын есімі қағаз немесе басқа материалдық тасымалдаушылар арқылы берілетін, білім беру және басқа да объектілердің электронды аналогтарының сипаттамасына ерекше көңіл аудару үшін қолданылады. Сонымен қоса, мұндай сипаттама электронды моделдік аналогтармен жұмыс істеген кезде, шынайы кеңістіктің қасиеттерін елестететін, мультимедиалық технологияларға негізделген интерфейстің бар екенін білдіреді.

Виртуалды шындық – ақпараттың дыбыстық, визуалдық, сенсорлық және басқа да түрлерін қолданатын және қолданушының стереоскопиялық түрде берілген виртуалды кеңістікке енуін және оның қозғалысын осы кеңістіктің объектілеріне қатысты көрсететін мультимедиалық құралдар жиынтығы.

«Виртуалды шындық» жүйелері адамның ортамен тікелей, тура байланысын қамтамасыз етеді. Олардың ең жетілдірілген түрлерінде қолданушы компьютердің жадында ғана өмір сүретін объектілерді қолына арнайы қолғап кию арқылы ұстауына болады. Тағы бір түрлерінде экранда бейнеленген бейнені айналдырып, оның арғы бетін көруіңізге де әбден болады. Қолданушы виртуалды әлемге «ақпараттық костюммен», «ақпараттық қолғаппен», «ақпараттық көзілдірікпен» және басқа да құралдармен қарулануы арқылы ене алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді