Кіріспе. Білімді ақпараттандыру


-дәріс. Тақырыбы: АКТ құралдарын қолданатын ашық білім беру жүйесін басқару жүйесі



бет14/16
Дата02.01.2022
өлшемі195 Kb.
#147496
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістер

14-дәріс.

Тақырыбы: АКТ құралдарын қолданатын ашық білім беру жүйесін басқару жүйесі

Жоспар.

Ашық білім беру мекемесінің қызметін әкімшілік басқаруға бағытталған АКТ құралдарын жасауды, әдетте, элекронды кітапхананы, студенттерді жинауды, оқытуды қалыптастырудың өзіндік әдістемесін жүзеге асыра отырып және өзіндік әкімшілік басқару саясатын өткізе отырып оқу орнының өзі жүргізеді. Сонымен қатар, оқу орындарының көпшілігінің ұйымдастыру-басқару іс-қызметін ақпараттандыру бағыттарының сараптасы көрсеткендей, АКТ-ның ұйымдастыру-басқару құралдар жүйесін құрастыру үшін, оның құрамына ақпараттық және телекоммуникациялық ресурстардың нақты бір жинағын қосқан дұрыс, олардың қатарында:



  • қосылатын жүйе тармақтарының өзара әрекеті мен бабына келтіруді, барлық санаттағы қолданушыларды тіркеуді, ашық білім беруді ақпараттандырудың өзге жүйе тармақтарының жүйелік модулдерімен байланысты қамтамасыз ететін жүйелік модуль;

  • барлық санаттағы және ашық білім берудың нақты жүйесіне қатысы бар қолданушылардың жеке істерін құру мен енгізуді қамтамасыз ететін кадрлардың электронды есебі;

  • ақпараттық ресурстарды қолданушылардың өкілеттіліктеріне сәйкес жинақтау, сақтау және ұсынуды қамтамасыз ететін электронды кітапхана;

  • ашық қашықтық оқу үрдісін ұйымдастыру мен өткізу бойынша әкімшілік функциялардың кең жинағын қамтамасыз ететін электронды деканат;

  • бухгалтерия мен материалдық есепке алу топтарына тән қызмет түрлерін ақпараттандыруға жауап беретін материалды-қаржылық жүйе тармағы;

  • ашық білім беру мекемелері мен оның бөлімшелерінің жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді жинауды, қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз ететін статистика жүйе тармағы;

  • түрлі құжаттарды қағаз тасымалдағышта шығаруды қамтамасыз ететін құжаттау модулі.

АКТ-ның сәйкес құралдарын құруға қойылатын басты талартардың бірі барлық қолданушыларды бірнеше негізгі санаттарған міндетті үдемелеу болуы керек, олардың ішінен мыналарды бөліп алған жөн:

  • оқу мекемесін әкімшілік басқару,

  • авторлар мен АКТ құралдарының қызметкерлер,

  • оқытушылар,

  • студенттер,

  • ата-аналар және өзге де ынталы тұлғалар,

  • оқу мекемесіне тікелеу қатысы жоқ қоғам.

Қолданушылардың жоғарыда тізімделген санаттарының әрқайсысына ұйымдастыру-басқару, сондай-ақ ақпараттық білім беру ортасының өзге де құрамдары ретінде сервистік мүмкіндіктер мен ақпараттық ресурстардың өзіндік жинағына жол ашық болуы тиіс.

Білім беру бағытындағы АКТ-ның ұйымдастыру-басқару құралдары негізіне сақтауды, жылдам кіруді және ұйымдастыруға, басқаруға және оқытуға қатысты фактілік мәліметтерді іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған мәліметтер базасын қалыптастыру және өңдеу ұстанымдары жатуы керек. Бұндай мәліметтерге ашық оқу мекемесінің кадрлық құрамы туралы ақпарат, студенттік контингент пен үлгерім, материалдық-қаржылық қамтамасыз ету және білім беру үрдісін ұйымдастыру туралы мәліметтер жатады.

Айта кету керек, ұймдастыру іс-қызметін автоматтандырудың жоғарыда аталған ақпараттық құралдарының болуы әрбір студентке ашық оқыту үрдісінде сервистік қызмет жинағын қолдануға мүмкіндік береді, атап айтқанда: электронды кітапханаға кіру, оқытушымен компьютерлік коммуникативті технологиялар көмегімен сөйлесу, оқу мекемесі (электронды деканат) әкімшілігінің электронды хабарландыру тақтасына кіру, өзінің жеке ісіне және жұмыс хаттамасына кіру, т.б. Бұдан қоса, әрбір пән бойынша оқуды аяқтағанда студентке оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасы, ашық оқу үрдісін ұйымдастыру, оқытушы жұмысы туралы электронды анкета толтыру мүмкіндігі берілуі мүмкін. Осындай анкеталарды сараптау негізінде әкімшілік оқытушы рейтингі, нақты бір пәнді оқыту деңгейі, бүкіл ашық оқу мекемесінің жұмыс тиімділігі туралы деректер алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді