Кіріспе. Білімді ақпараттандыру



бет10/16
Дата02.01.2022
өлшемі195 Kb.
#147496
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Дәрістер

10- дәрістер.

Тақырыбы: Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдануды пән мұғалімдерін дайындау

Жоспар. Болашақ мұғалімдердің АКТ құралдарын пайдалана білуі

Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.

Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.

Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған.

Негiзгi мақсаты: бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру.

Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау.

Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру.

Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асьш, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблемаларының оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді Қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.

Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.

Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда.

Адамдарды әр түрлі әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындау үшін білім беру ісіндегі шығармашылық бастауды (креативтілікті) арттыру (дамыта білім беруді қамтамасыз ету), қазіргі білім беру жүйесіндегі академиялық жұртшылық білім беру жүйесін дамытудың маңызды және перспективалык, акпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде кашықтықтан оқыту әдістерін кеңінен енгізу керек екенін мойындап отыр.

Қашықтықтан оқыту болашақ 12 жылдық мектеп үшін елеулі білімдік мәні бар бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болып отыр;

Жедел (кеңістіктегі және уақыт ішіндегі кедергілерді жеңу, өзекті тың ақпарат алу, жедел кері байланыс);

Ақпараттық (арнайы салалардағы білім ауқымының кол жетімділдігі артады, тұтынушыға интерактивті веб-арналардьң көмегімен жеткізіледі; телеконференцияларда, жөнелту тізімдерінде және интернет желісін басқа да кұралдарында жарияланады);

Коммуникациялау (бір-бірімен электр желілерінің көмегімен жедел байланысатын оқуға қатысушылардың окушылардың, педагогтардың, мамандардың саны өседі; интернет сабақтарды. жобаларды, олимпиадаларды өткізуге қойылатын шектеулер алынады.);

Педагогикальқ (қашықтықтан жүргізілетін телекоммуникацилардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқыту бұрынғыдан гөрі интерактивті, технологиялық және дәлелді бола түседі, дараландырады; оқушылар жұмыстарының желідегі жариялымдары, оларды сараптау мен бағалау жеңілдетіледі.);

Психологиялық (оқушынын өзін танытуы үшін дәстүрлі эмоциялық-психояогиялық жағдайлармен салыстырғанда анағұрлым жағдайлар жасау; психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу, ауызша сөйлеудің кемшіліктерін жою);

Экономикалық (көлік шығыстарын, үй жайын жалға алуға кететін шығындарды үнемдеудің есебінен оқуға жұмсалатын шығындар 40 пайыз шамасында кемиді. Қағазбен іс жүргізу, оқу кұр'алдарының таралымы азаяды.);

Қашықтықтан оқыту - адам білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білІм беру жүйесі нысандарының бірі.

Қазақстанда қашықтықтан білім берудің рөлін өзекті ететін әлеуметтік саяси прогрестер:

Білім беруге жаңа талаптар коятын экономикалык реформаларды дамыту. Халықаралық байланыстардың оның ішінде білім беру саласындағы байланыстардың өсуіне ықпал ететін саяси өзгерістер;

Білім беру қызметін көрсетулердің әлемдік рыногында бәсекелестіктің артуы кезінде білім беру

Ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері

Ісіндегі халықаралық ықпалдастықты күшейту.

Білім беру процесіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың сапалық тұрғыдан жаңа техникалық құралдарының пайда болуы және олардың жедел дамуы.

Халықтың білім берудің мазмұны мен технологияларына қатысты жаңа сұраныстарын қалыптастыру. Қашықтықтан білім берудің әлеуметтік функциялары:

- халыктық әлеуметтік және кәсіби жұмылуын оның кәсіпкерлік әлеуметтік белсенділігін арттыру;

- елдің сапалы даярланған білікті мамандарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;

- отандық жоғары мектепте жинақталған білімді кадрлық және материалдық әлеуметті сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу.

- қоғамның білімділік деңгейін және білім сапасын арттыру

- халықтың әр түрлі білім беру қызметтеріне деген, өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Икемділік. Білім алушылар лекциялар, семинарлар түріндегі күнделікті сабақтарға қатыспайды. Өздеріне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында және ыңғайлы қарқында сабақ оқиды. Әркім оқу курсының белгілі бір пәнін меңгеру үшін өзіне қанша кажет болса, сонша оқиды.

Модульдік. ҚО бағдарламасының негізіне модульдік принципі алынған. Оқушылар меңгерген әрбір жекелеген пән (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі бір пәндік салаға барабар. Бұл тәуелсіз (бірақ, әрине, логикалық жағынан өзара байланысты) оқу курстарының жиынынан жеке немесе топтық қажеттіліктерге жауап беретін оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Оқушы өзі үшін өзінің жеке ұйғарымдарын білдіретін іс жүзіндегі жеке оқу жоспарын жасағанда, әзірше білім алудың дәстүрлі нысандарына тән емес, оңтайлы мүмкіндік туады,

Қосарлылық. Оқыту негізі кәсіптік қызметпен, тіпті оқумен ұштастырыла, яғни «өндірістен қол үзбей» жүргізіледі.

Қашыктықтағы әрекет. Білім алушының тұратын жерінен білім беру мекемесіне дейінгі қашықтық тиімді білім беру процесі үшін кедергі (байланыс сапалы жұмыс істегенде жағдайда) болып есептелмейді.

Оңтайлылығы. Оқу процесінде білім беруші мен білім алушы қашықтықтан оқыту технологиясын уақытқа қарамастан, яғни әрқайсысына ыңғайлы сабақ кестесі немесе жұмыс кестесі бойынша іске асыра алады.

Қамту немесе «бұқаралық». Білім алушылардың саны сыни тұрғыдағы өлшем болып есептелінбейді. Олардың барлық үлгідегі оқулықтар мен анықтамалық көздеріне (электронды кітапханаларға, ақпараттық деректер қорына) қолдары жетеді, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен теле-коммуникациялық желілер және байланыс құралдары арқылы хабарласа алады.

Рентабельдік. Бұл - ҚО-ның жоғары экономикалық тиімділігі. Шетелдік және отандық мамандардың бағалауы көрсеткендей, ҚО білім алудың басқа нысандарына қарағанда шамамен 1,5-2 есе арзанға түседі.

Оқытушы. Әңгіме оқытушының жаңа рөлі және өзіндік функциялары туралы болып отыр.

Білім алушылар. Нақтырақ айтсақ, білім алушының жаңа рөлі және іс-әрекеті.

Жаңа ақпараттык, технологиялар. Ақпараттық технологиялардың барлық түрлері, бірақ та көбінесе жаңа ақпараттық технологиялар (компьютерлер, компьютерлік желілер, мультимедия жүйелері, т.с.с.) пайдаланылады.

Әлеуметтілігі. ҚО тұрғыдан жеріне, жағдайына және белгілі бір дәрежеде материалдық жағдайына қарамастан, білім алудың баршаға бірдей мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік кикілжіңді азайтады.

Интернационалдығы. ҚО білім беру қызметін экспорттауға және импорттауға қолайлы жағдай туғызады.

Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері, оның ішкі жеке басының өсуіне сәйкес келеді. Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web - ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен вертуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттық қол жетімділдігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді. Сондықтан болашақ 12 жылдық мектепте қашықтықтан оқыту нысандарын бірыңғай ашық білім беру кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы ретінде лайықты орын алатыны анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді