Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет30/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Дәріс тезистері:
Қазақтың жалайыр тайпасынан шыққан тарихшы-ғалым, белгілі би, қоғам қайраткері Қадырғали Қосымұлы Жалаиридің өмірі туралы мәлімет өте аз. Бізге белгілісі – ол хан ордасының қағазын жазып, жас сұлтандарға тәлім-тәрбие беру ісін басқарып, ханның қарашысы (кеңесшісі) болғандығы. “Жылнамалар жинағында”: “Менің аталарым Оразмұхамед сұлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхамедтің атасы Ондан сұлтанға қызмет еттім, одан соң Оразмұхамедтің қасында болдым” деп жазады. *Студенттер Келімбетов оқулығынан оның қазақ сұлтандарымен бірге Борис Годунов патшалығы кезінде орыс тұтқыныа түсіп, Ока өзені бойындағы Қасымов хандығындағы қызметі туралы танысады. Біз негізінен қысқаша оның шежіресінің оқулықта жоқ зерттелуіне ғана тоқталамыз.
Жалаири “Жылнамалар жинағында” қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайларын, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, бектер, т.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркі тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-диннің парсы тіліндегі “Жами ат-тауарих”шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғыс хан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады.. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХІІІ-ХҮІ ғғ аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында да деректер бар. Қ.Жалаиридің шежіресі – акад. Р.Сыздықтың зерттеуінше ескі қазақ жазба тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты молырақ деп жазған. Тарихнамада оның есімі Әбілғазы Бабыр, Бенаи сияқты ғұлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалаған.
Хиуа ханы болған Әбілғазы Баһадурхан туралы Н.Келімбетов оқулығында толық мағлұмат беріледі, сондықтан біздің қосарымыз көп емес. Біріншіден, Әбілғазының алғашқы 1661 жылғы шежіресі “Шежіре-и-тарахима” (“Түрікмен шежіресі”) деп аталып, оның негізінен оғыздар тарихына арналғаны белгілі. Бұл туындының қазақ жыраулар поэзиясының көкжиегін ХІІ-ХІІІ ғасырлардан ҮІІІ ғасырға дейін кеңейтуге үлкен қызмет еткенін айту керек. Қорқыт атаның жыраулық статусқа жақындап келіп, тек бір ғана талабына сәкес келуі ғана қалған болатын – ол жыраудың бірінші белгісі – толғауының болуы, оның біздің заманымызға сақталып кеуі болатын. “Түрікмен шежіресінен” сол кемшін тұсы табылды. Шежіредегі “Салор Қазан алыпты мадақтап айтқан жыр” атты толғау текстологтар зерттеу қорытындысы бойынша Қорқыттың толғауы деп танылды. Сонымен қазір Қорқыттың қазақ жырау поэзиясының атасы, бастаушысы екендігіне еш күмән жоқ.
Келесі сәл толықтыру Әбілғазының екінші шежіресі “Түрік шежіресіне” байланысты. Бұл шығарма – Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құрған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” – тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан шоқтығы биік тұрған шығарма. Ең соңғы айтарымыз – шығарма қазақ тіліне аударылған. Мұны тәржімалаған ҚР ҒА-ның профессоры Бабаш Әбілқасымов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені