Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет28/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
25 дәріс жоспары:

  1. З.Бабырдың түркі тарихындағы орны. Өмірі мен қайраткерлігінен мәлімет.

  2. Ғұламаның түркілердің рухани өміріне байланысты жаңашылдық бастамалары.

  3. Бабырдың кемел мемлеке құру талпыныстары, олардың нәтижелері.

25 дәріс жоспары:

  1. Бабыр – тарихшы. “Бабырнама” тарихи шежіресі.

  2. Бабыр – әдебиетші.

6. Бабыр поэзиясының тақырыптары, лирикалық шеберлігі.
Дәріс тезистері:
ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, артында өшпес із қалдырған түркі халқының ұлы перзенті – Захириддин Мұхаммед Бабыр Үндістанда 300 жылға жуық билік құрған Ұлы Моғол империясының негізін қалаған патша, даңқты қолбасшы, ғұлама ғалым, дүние жүзіне танымал “Бабырнама” атты әдеби-тарихи шығарманың авторы. Сонымен қатар – түркі поэзиясының көрнекті өкілі. Сөз зергерлері ақынның өнерін жоғары бағалай келе, оны шығыс жырының дүлдүлі, ұлы Әлишер Науаиден кейінгі ірі тұлға деп санайды.
Ақсақ Темір әулетінен тараған Омар Шейх мырзаның үлкен ұлы Бабыр жастайынан өз заманының дәстүріне сай мұсылмандарша тәлім-тәрбие алып, әкесінің өліміне байланысты ел билігіне ерте аралсуға мәжбүр болады. Терең білімді, көкірегі ояу, түркішіл, әл Фараби мен Жсіп Баласағұни жобалап кеткен кемел мемлекет құру идеясын көкірегене түйген қайраткер, оны жүзеге асыру жолында біраз талпыныстар жасайды. Алдымен болашақ түрік мемлекетінің рухани жетілу жақтарын қарастырып, біршама реформалар жасамақшы болады (түркілердің төл жазуын жасау, халықты ана тілінде сауаттандыру, діндарлар билігін тежеу және т.б.) Бабырдың *Мауераннахрда бір орталыққа бағынған Ұлы түрік мемлектін құру идеясына көшпелі өзбектер кедергі жасайды. Ақыры елден қуылады. Ұлы мақсатын орындауда табандылықтың, қажырлылықтың үлгісі болған Бабыр, ойлаған идеясын өз отанында емес, Үндістан жерінде Ұлы моғол империясын құрып, практикалық түрде жүзеге асырады. Ол туралы Джавахарлал Нерудың жазбаларынан білуге болады.
Ғұламаның “Бабырнаманы” жазғандағы шебер жазушылығы, білікті шежірешілігі, болған оқиғаларды боямасыз жазатын шынайылығы, көркем, бейнелі тілі туралы студенттер Н.Келімбетов оқулығынан толық танысады,
Жоғарыда айтылғандай жан-жақты білім алған, түркі тілімен қатар араб, парсы тілдерін де жақсы меңгерген, әсіресе, сан ғасырлық тарихы бар Шығыс әдебиетін құмарта оқып, өзі де өлең жазуға әуестенген. Бабыр өлеңдерінің тақырыбы әр түрлі. Алдымен өлеңдерінен байқалатыны – байлық та, тақ та Бабырды шын мәнінде бақытты ете алмаған секілді. Жат өлкенің сұлу табиғаты да, мол байлығы да туған жердің бір уыс топырағына татымайды. Осыдан келіп ақын өз өлеңдеріне өз еліне, туған жеріне деген сағынышы мен махаббатын өзек етеді. Оны мына: “Кезбеліктен еш рахат көрмедім, Елімді аңсап, сағыныштан шөлдедім” деген жолдардан аңғаруға болады.
Шығыс поэзиясында дәстүрлі тақырыптың бірі – сүйіспеншілік. Бабыр да осы дәстүр ізімен махаббаттың қуанышы мен шаттығын, өкініші мен қайғысын жырлайды. Қалыпты сөз тіркестері мен теңеулерді пайдалана отырып, лирикалық қаһарманның ішкі жан дүниесін, жүрек тебіренісін әсерлі де, әсем жырлай білді.
Ал ақынның достық пен бақталастық, қайырымдылық пен зұлымдық, өмірдің мәні туралы фәлсапалық ойға жетелейтін өлеңдері өз алдына бір төбе. Бабырдың лирикаға толы шығармаларын оқи отырып, ақынның ішкі жан дүниесін, арманы мен үмітін сезінесің, өзімен бірге толғанып, бірге жылап, бірге қуанғандай күй кешесің.
З.М.Бабыр – өзіне дейін өмір сүріп өткен Фирдоуси, Жәми, Сағди,, Омар Хаям, Хафиз, Науаи секілді поэзия жұлдыздарының ізбасары. Түркі тілінде өлең жыр жазып,, ол тілдің мүмкіндігі мен құдіретін таныта білген талантты ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені