Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет26/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Дәріс тақырыбы: Мұхаммед Хорезмидің “Махаббатнама” дастаны.
Дәріс мақсаты: Алтын Орда заманының төл туындысы, түркі қазақ поэзиясының шоқтығы биік поэзиясы үлгісінің идеялық – тақырыптық, көркемдік жүйесінің өзіндік қырларын, кейінгі қазақ поэзиясымен үндестігін ұғындыру, қамтыған проблематиксының ерекшелігін таныту.
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
23 дәріс жоспары:

  1. “Махаббатнама” дастанының тілі, көшірмелері, аудармалары.

  2. Дастанға Иассауи сопылық поэзиясының әсері.

  3. Нама жанры туралы.

24 дәріс жоспары:

  1. Шығармадағы ренессанстық белгілер.

  2. Дастанда қолданылған араб-парсы поэзиясынан келген өлең түрлері туралы.

6. “Махаббатнаманың” “Хикаят” аталатын шағын бөлімі туралы.
Дәріс тезистері:
“Махаббатнама” – 1353 жылы Сыр бойында түркі тілінде туған, хат түрінде жазылған тамаша жазба ескерткіштердің бірі. Дастан екі тілде жазылған, 8 хаты түркі (қыпшақ-оғыз) тілінде, 3 – сол кезде шығыс әдебиетінің тілі болған парсы тілінде. Хорезми деген лақап атпен белгілі авторы жөнінде дерек жоққа тән. Шығарманың ұйғыр және араб әріптерімен жазылған көшірмелерінің екі аудармасы жасалған: А.Қыраубайқызы (1983) және Ө.Күмісбаев пен М.Жармұхамедовтікі (1985).
Хорезми туындысы туралы Н.Келімбетов оқулығында біршама талдау берілген. Біз соған қосымша ретінде кейбір тасада қалған, немесе толық ашылмаған мәселелерге тоқталмақшымыз.
Алдымен, дастанның Ахмет Иассауидің сопылық поэзиясының әсерімен жазылғандығын айтқан жөн (Қыраубаева, Асқаров). Енді осы мәселеге кейбір уәждер. “Махаббатнамадағы” сопылық дәстүр он бір хаттың өне бойында белгісіз бір қызға ғашықтығын баяндауынан байқалады. Қыздың есігінің табалдырығын мұсылманның басын қояр сәждесіне теңейді. Кірпігі түрік мергенінің оғындай, қасы – ай, көзі – күн, маңдайы – көк айдын деп суреттеледі. Мұсылманның ең қасиеттісі – сәждені қыз үйінің табалдырығына балауы – бұл жердегі әңгіменің түпкі мәні Жаратушыны тану екендігінде. Сопылық поэзиядағы сүю – Жаратушыны тану жолындағы әрекет. Қыздың тал бойындағы мінсіздікті суреттеу – Алланың шеберлігін мадақтау болып табылады. Адам өз болмысын тану арқылы Алланың құдіретін таниды. Жырда сопылық поэзияға тән отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл, т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі.
Нама жанры турасында мынадай екінші қосымша мәлімет ұсынуға болады. Хорезмиге дейін бұл жанрда дастан жазу түркі поэзиясында болмаған. Әсіресе жауаптасу-хат түріндегі наманы автор “арнау хат” арқылы байытқан. Наманың шығысқа белгілі үлгілері араб әдебиетіндегі “тарассульден” тарайды. Тарассуль – арабтың “хат”, “арнау” деген мағынаны білдіреті “рисала” сөзінен шыққан. Бұл жанр ХІІІ ғасырда араб мемлекетінде ресми іс-қағаз стиліне мұқтаждық туған кезде пайда болған. Бірақ ол ресми стильмен шектеліп қалмай, ғылыми, тарихи, әдеби арнаулармен байыды. Тарассульдің негізгі белгісі – біреуге немесе көпшілікке арнау ретінде жазылады. Ұйқасты әрі ырғақты қара сөз – *“саж” өрнегімен орындалады. Өлең, мақал-мәтел, Құран мен Хадистен үзінділер көп қолданылған. Тарассульдің негізін салушы омеялық халиф Маруан ІІ-нің хатшысы, парсы текті араб жазушысы Абд әл-Хамид әл-Иахия болған (лақап аты – әл-Кәтиб). Тарассульде әсірелеу, шабытты қызыл сөз мол болады. Бұл жанр араб әдебиетінде мол дамыған. Хорезми намасына тарассульдің үлкен ықпалы болған.
Хорезми шығармасына қатысты үшінші қосымша айтылатын мәселе – бұл ренес-санстық белгілер хақында. Соңғы 3-4 тақырып бойынша айтылып келе жатқан Орта Азиялық (Түркі) Қайта Өрлеу белгілері бұл туындыда әрі қарай жалғасын тапқан. Олар мыналар. Біріншіден, туындыгердің өз ана тілін құрметтеуі, сол заманда поэзия тілі парсы тілі болғандығына қарамастан, өзі сол тілді жетік білсе де, өлеңді ана тілінде жазуы. Екіншіден, грек ойшылдарын өзіне пір тұтып, оның кейіпкері әрбір қиын жағдайдағы өз халін сол ұлылармен салыстырып бағалайды: “Қадірімді өлсем білер, таңданар, Ғашықтық басқа түскенде Аплатон да жынданар” (281-бәйіт). Үшіншіден, кейіпкердің жан дүниесін, сезім толқуын нәзік суреттеуі. Төртіншіден, дастанда “шарап культі” жырланады. Шығыс поэзиясындағы “шарапқа мас болу” ұғымының мәні тереңде. Шарап – бұл жерде символдық нышан ғана, Алланы жүрекпен ұғып-білуге ұмтылған, Аллаға ғашық, жаны пәк адамның жан рахатын сіміргендей күй кешуі, сезім күйі ғана. Мас болу – Алланы сүюден жан рахатына бөленгенін елестететін нышан.
Келімбетов оқулығында сөз болмаған, біз төртінші деп белгілеп отырған қосымша – дастанда жиі қолданылатын *бәйіт, ғазал, мәснәуи, қыта, фард сияқты араб-парсы поэзиясының түрлері туралы. Жалпы алғанда аруз өлшемімен жазылған лирикалық дастан деуге болады. Аруз өлшемі түркі өлеңіне Баласағұни мен Қашқари арқылы ене бастаған болатын.
Ең соңғы бесінші қосымшамыз “Махаббатнаманың” “Хикаят” аталатын негізгі мазмұнынан бөлектеу, 29 бәйіттен тұратын өз алдына шағын шығарма деуге болатын бөлімі туралы. Қысқартып айтқанда айтар ойы – азға қанағат тұту, дәстүрлі әдет-салтты сақтау, ақыл-парасатты материалдық құндылықтардан артық қою. Бұл ойлар Хорезмиден бұрынғы ақындарда (М.Қашқари, А.Жүйнеки, Ж.Баласағұниде) айтылып келген. *Бұл бөлімді студенттердің өз бетімен талдауына ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені