Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет24/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
21 дәріс жоспары:

  1. “Жүсіп-Зылиха” сюжетінің түп негізі, шығу тарихы. Бұл сюжетке құрылған әдеби шығармаларға шолу.

  2. “Жүсіп-Зылиха” қазақтың кітаби ақындары жырлаунда.

  3. “Жүсіп-Зылиханың” Дүрбек нұсқасы.

22 дәріс жоспары:

  1. “Қисса Жүсіп” аталатын Хасан Әли нұсқасы, ерекшеліктері.

  2. Хасан Әли нұсқасындағы идеал әкім бейнесі.

Дәріс тезистері:
Әлемге кең таралған “Жүсіп-Зылиха” сюжеті біздің жыл санауымыздан бұрын ІҮ ғасырда болған екен. Негізінен Інжіл мен Құран Кәрімде баяндалатын Жүсіп пайғамбар туралы оқиғаға құрылған. Жақып пайғамбардың ұлы Жүсіп пайғамбардың өміріне Құран Кәрімдегі 111 аяттан тұратын Жүсіп сүресі арналған. Құран Кәрімде баян етілген Жүсіп оқиғасы кейін көптеген аңыздар мен жыр дастандардың өзегіне айналады. Е.Э.Бертельстің еңбектерінде Фирдоуси өзінің атышулы “Шах-намесінен” кейін 80 келген шағында “Жүсіп-Зылиханы” жырлағаны сөз болады, бірақ бұл осы күнге дейін әбден аяқталмаған пікірталас мәселе. Фирдоусиден кейін бұл сюжетке әр дәуірдің ақын-жазушылары жырға қайта оралып, кейбірі тыңнан толғап отырған. Солардың ішінде халық арасына кең тараған, әрі кемелденген нұсқасы -- Әбдірахман Жәми 1483 жылы жырлаған, 77 тараудан, 4 мың бәйіттен тұратын “Жүсіп-Зылиха” дастаны.
Қазақ арасына “Жүсіп-Зылиха” дастаны ерте кезден-ақ мол жайылған, ел ішінде ауызша айтылумен қатар, жазба нұсқалары да кеңінен тараған. Қазан төңкерісінен бұрын жырдың Жүсіпбек Шайхулисламұлы жазған нұсқасы “Қисса-и хазірет Жүсіп ғәләйһиссәләм мен Зылиханың мәселесі” деген тақырыппен 1893, 1901, 1904, 1907 жылдары Университет баспасында, 1913 жылы Домбровский баспасында шықты.
Жүсіпбек нұсқасынан бұрынырақ Жүсіп пен Зылиха сюжетіне Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдері Хасан Әли мен Дүрбек қалам тартқан. Кеңес кезінде өзбек ақыны деп саналған Дүрбек, ХІҮ пен ХҮ ғасырлар арасында өмір сүрген. Оны өзбек ақыны деудің еш қисыны жоқ. Себебі шығармаларын ол кейінгі орта ғасырлық түркі тілінде жазған ақын. “Жүсіп-Зылиханың” Дүрбек нұсқасы Н.Келімбетов оқулығында толық қарастырылған. *Студенттерге ол нұсқаны өз беттерімен танысуды ұсынамыз.
Біз бұл дәріс тезисінде Жүсіп пен Зылиха оқиғасының студенттерге бейтаныс болып келген “Қисса Жүсіп” деп аталатын Хасан Әли жырлаған нұсқасын әңгіме етеміз. Ол туралы алғаш мәлімет берген Захириддин Бабыр болды (бұл мәлімет әде де зерттеліп, анықталуы керек). Оның әйгілі “Бабырнамасында” Әли туралы: “Оның шын аты-жөні Құсайын Жалайыр, бірақ жұртқа Хасан Әли деген есіммен көбірек танымал-ды. ...Ол ақын еді, өлеңді жазғанда тахаллус есімді пайдаланатын” [8, 204].
Хасан Әли аталған дастанын 1212-1233 ж. аралығында жазып, Інжіл, Құран оқиғаларын алғаш түрік әдебиетінде тірілткен адам. “Қисса Жүсіпті” көбірек зерттеген татар ғалымдары (Тагирджанов, Усманов, Хисаманов) бұл ескерткішті ежелгі *бұлғар бойынікі дегенді тықпалайды. Ал неміс ғалымы К.Броккельман оны оғыздардың ежелгі мекені Арал, Сыр бойы екенін дәлелдеді.
Әлидің “Қисса Жүсібі” қарапайым, түсініктілігімен ерекшеленеді. Өйткені онда ежелгі “Иосиф” мифтерінен Иосиф пен Потифордың жұбайының оқиғасы ғана бөлек алынып,, басқалары осы фабулалық желінің айналасына жинақтаған Жәми үлгісі бойынша жазады. Сөйте тұра өзіне дейінгі парсы поэзиясының (Фирдоуси, Ансари) ықпалына берілмей, түрік өлеңінің формасымен төрт жолды өлең түрімен шығарады, әрі түрік фольклорын пайдаланады. Осылардың бәрі Әли шығармаларынан түрік Оянушылығының көріністері белгі береді.
Фирдоусиде, кейінгі нәзиралық үлгілерде, Жүсіп мифтерінен негізгі фабулалық жүйе ретінде әке мен бала махаббаты (Жақып пен Жүсіп) алынса, Жәмиден бастап, одан үлгі алған Әлиде өзекті мәселеге Жүсіп пен Зылиха махаббаты алынады. Әлиден кейінгі түрік ақындары Дүрбек, Науаи да осы ізбен жырлаған. Сонымен қоса Әли діни жағынан келе отырып, оның ішінен “әділ де айбарлы патша” желісін дамытады.
ХІІ ғасырда түрік әдебиетінде Әли “Қисса Жүсіп” дастанында негізгі кейіпкер Жүсіп бейнесі арқылы “әділ де қадірлі патша қандай болу керек?” – деген сұраққа жауап іздейді. Сөйтіп, мінсіз патшаның тұлғасын жасап шығады. Жүсіп – сұлулық нысанына айналған кейіпкер. Өйткені, Таурат, Құрандағы Жүсіптің бірінші қасиеті – сұлулығы болатын (Иосиф Прекрасный). Жүсіптің адам ретінде тағы бір жақсы қасиеті әкесімен қарым қатынасы арқылы көрінеді. Жүсіп бейнесіндегі адамгершілік қасиеттері анасы Рахилдің моласының қасынан өтіп бара жатып зар еңіреп жылауынан, еміреніп егілуінен байқалады. Қазақ ақыны Жүсіпбектің “Жүсіп-Зылихасында” Жүсіптің бойына 10 қасиет жазылады. Фарабидің “Қайырымды қаласындағы” ел билеушіде болатын туа біткен талап 10 қасиетті еске түсіріңіз. Сонымен Жүсіп бойынан байқалатын қасиеттердің бәрі оны идеал билеуші ретінде бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені