Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет22/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
19 дәріс жоспары:

  1. Алтын Орда мемлекеті құрылу тарихы, мәдени-экономикалық өмірінен мәлімет.

  2. “Алтын Орда дәуірінің әдебиеті” ұғымының ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, құрамы, басқа әдебиеттермен байланысы жағынан жіктелісі.

  3. Бұл дәуір әдебиетіңдегі Нәзира әдісінің орны.

  4. Нәзира үлгісіндегі діни-мистикалық бағыттағы әдебиет. “Қисса-сул-әнбия”, “Кодекс куманикус” жинақтары.

20 дәріс жоспары:

  1. Аударма-нәзира үлгісіндегі Алтын Орда – Мысыр қыпшақ әдебиеті.

1) Құтыб. “Хұсрау уа Шырын” (1342).
2) Сайф Сараи шығармашылығы (“Гүлстан бит-түрки”, “Суһаил уә Гүлдерсін”).
3) Құсам Кәтиб. “Жұм-жұма сұлтан” дастаны.
Дәріс тезистері:
Алтын Орда мемлекетінің тарих сахнасына шығуы тікелей моңғол шапқыншылығына, одан кейінгі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы үлесіне тиген ұлан- ғайыр Дешті Қыпшақ даласында аты моңғол болғанмен заты түркі мемлекетінің құрылуына байланысты екендігі. *Студенттер әдебиеттер тізімінде көрсетілген материалдардан Шыңғыс хан туралы орыс зерттеушілерінің теріс пікірлері мен оған деген қазіргі жаңа шынайы, обьективті көзқарасты және Алтын Орда мемлекетінің мәдени-экономикалық өміріне байланысты мәліметтерді ортаға салады.
Алтын Орда дәуірінде жасалған әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Оның бастысы бұл дәуір әдебиетінде нәзира, нәзирагөйлік үрдістің басты орын алғандығы. Нәзирагөйліктің негізгі ерекшелігі шығыста бұрыннан тараған сюжеттерді бәсеке түрінде өз көзқарасы негізінде қайталай жазу. Бұған Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген әдебиеттің нобайысын, тіпті түгелге жуығын жатқызуға болады. Алма Қыраубаева пікірінше бұған қосылмайтын, тыңнан жазылған, “Махаббатнаманы” ғана атауға болады.
Нәзирагөйлік тәсілмен өнер жарыстыруға көбіне Шығыс әдебиеттеріне ортақ ге Құран хикаялары сюжеттері, әулие-әнбие оқиғалары, “Мың бір түн”, “Тотынама”, “Шаһнама” тақырыптары алынған. Бұрыннан белгілі сюжеттерді қайта жырлау, өткенге жаңаша үңілу, тарихи тамырларды іздеу -- өткен тақырыптарда сөз болған Оянушылықтың белгісі болса, оның әдебиеттегі көрінісі ретінде нәзирагөйлікті айтуға болады.
Қисса-сул-әнбия” (“Қиссас-ул әнбиа”) шығыс ертегі аңыздарының, мифтік сюжеттердің, шағын әңгіме-повестердің, өлеңдердің жинағы ретінде Алтын Орда заманында жазылған. Аталған жинақтағы пайғамбарлар туралы мадақ сөздерін діни уағыз деп санап, қазақ әдебиетшілері соңғы кезге дейін ешбір жинаққа енгізбей, мүлде елеусіз қалдырып келді. Ал сөл кезде өзбек әдебиетшілері Рабғузи еңбегін тиісінше бағалап, 1959 жылы өздерінің көптомдық әдебиет тарихының І томында толық жариялады. Қазақ тілінде қиссаның кейбір әңгімелері ғана 1967 жылы жарық көрді. “Қисса-сул-әнбияның” авторы, зерттелуі, қисса мазмұнын құрайтын он бір аңыз әңгіме сюжеттері, көркемдігі туралы керекті мәліметтер оқулықтарда толық берілген.
Қазіргі түркология ғылымы “Кодекс куманикусты” түркі халықтары тілінің даму жолдарын, арғы тегін, әр кезеңге сай өзгеріске ұшырау заңдылықтарын, басқа халықтар тілімен қарым-қатынасын ажыратуда маңызы бар мұра екендігін жан-жақты танытып отыр. “Кодекс” тілі – қазіргі қыпшақ тілдерінің тарихи даму көзі” – деп көрсетеді “Куманша-қазақша жиілік сөздік” авторлары. Лингвистикалық маңыздылығымен қатар “Кодекстің” әдебиет тарихы үшін мәні бар екенін кітаптың екінші бөлімінің белгілі дәрежеде көркем шығарма жинағы деп бағалаудан байқалады. Онда қыпшақ тілінде айтылатын аңыздар, өсиет, нақылдар, насихат жырлары, діни уағыздар, жұмбақтар мол келтірілген. Әсіресе, қазіргі қазақауыз әдебиетінде бар көптеген жұмбақтардың кітаптан жеткілікті орын алатынын дәлелдеп, мысалдар келтірілген. “Кіші лағым көгенде семіреді” (қауын), “Әне барады өзі, көрінбейді ізі” (қайық), және басқа жұмбақтардың қазіргі қолданылу түрімен өзгешелігі жоқтың қасы.
Бесінші баптағы осы дәуірдегі аударма-нәзира үлгісіндегі Алтын Орда – Мысыр қыпшақ әдебиеті туралы оқулықтарда белілетін мәліметерді қайталамай соңғы кезде зерттеу материалдарында кездесе бастаған “Алтын Орда – Мысыр мәмлүк-қыпшақ әдебиеті” деген ұғымға тоқтала кеткен жөн. ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы түркі қыпшақ әдебиеті алтынордалық жәдігерлермен ғана шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар, Мысыр (Египет), Хорезм, Шам (Дамаск), Кіші Азия (Қазіргі Түркия), Мауранаһр (Сыр, Амудария аралығы) жерлерінде де барынша дамыған. Түркі ұлыстары өз еншілерін алмаған ХҮ ғасырға дейінгі әдеби шығармалар жалпы түркі жұртына ортақ мұра екендігіне қазір ешбір түркі жұрты дау туғызбайды. Қыпшақ даласынан жырақта жатқан Мысырда түркі- қыпшақ тілінде жыр жазған Сайф Сараи, Мәуле Қазый Мухсин, Мәуләна Исхақ, Ахмед Қожа әс-Сараи, Хорезми, Берке Факиһ, Шариф Амиди сынды ақындар шығармаларының қазақ әдебиетінің тарихына қосар үлесі зор. Аталған түркі-қыпшақ ақындары араб, парсы поэзиясының классиктерін өздеріне үлгі ете отырып, олардың теориялық тәжрибесін түркі өлеңімен қабыстыра білген. Мысыр жерінде түркі-қыпшақ ақындары шығыс мұсылман поэзиясына кең тараған аруз өлшемінің негізінде мәснауи, ғазал, қыйта, қасыйда, рубаи жанрларымен қоса, тек түркі өлеңіне ғана тән *тұйық өлшемін де қолданған. Шығармаларында махаббат пен ерлікті, әділдік пен даналықты жырлаған олар тәлім-тәрбиеге мән бере отырып, дидактикалық сарында қалам тербейді. Демек, ел басындағы сұлтандар қалай болу керектігі жөніндегі ақыл-кеңестерден бастап, еңбектеген балаға тәлім-тәрбие беру әдебіне дейінгі аралықта үгіт-насихатты жазып қалдырған мәмлүктер кезіндегі түркі-қыпшақ әдебиеті қазіргі таңда өз құнын жоғалтқан жоқ.
Мәмлүктер билігі тұсындағы түркі-қыпшақ әдебиетінің өкілдері қолынан туындаған шығармалар алтынордалық әдебиетпен тығыз байланысты. Ендеше, Алтын Орда дәуірінен жеткен әдеби мұраларды зерттегенде, Еділ бойымен дипломатиялық қатынас орнатқан Ніл жағасындағы қыпшақтардың әдебиетіне де көңіл бөлу, ондағы түркі-қыпшақ әдебиетінің шығу төркінін, дамуын, әдеби өкілдерін, шығармаларының көркемдігін, дәстүрлі түркі өлшемдерінің сақталуын және әдеби жәдігерлердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты қарастыра отырып, қазіргі қазақ әдебиетіне қатыстылығын айқындау қазақ әдебиеттану ғылымындағы кезек күттірмес мәселелердің бірі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені