Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет20/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
17 дәріс жоспары:
1. М.Қашқаридің өмірі, шығармашылық жолы.
2.“Түркі тілдері жинағының” табылуы, зерттелуі, аудармалары, құрылысы.
18 дәріс жоспары:
3. “Диуанидағы...” әдебиет үлгілерінің құрастырылу, тақырыптық, мазмұн-сюжеттік ерекшеліктері.
4. Сөздіктегі әдеби үлгілер.
Дәріс тезистері:
Х-ХІ ғғ. қырықпышақ болған Араб халифаты, әлсіреген Иран мемлекеті түрік жұртын уысынан шығарып алады. Екі ғасыр езгіден мойыны босаған, араб-парсы мәдениетінің шұрайын бойына сіңірген Орта Азия жерінде енді “Қайта өрлеу дәуірі” басталды. Халықтың тұрмысы біршама жақсарды, ғылым-білім өркендеп дамыды. Түрк жұртының ұлтшылдық сезімі оянып, өзінің елдігін ерекше сезіне бастады. Міне, осы тұста өзінің ата жұртын, оның бар жақсылығын, жерінің кеңдігін, тілінің оралымдылығын, халқының тектілігін көрсету мақсатымен Махмұд Қашқари араб тілінде “Диуанын” жазып шығады. “Түрк тілі мен араб тілі жарысып бара жатқан жүйрік аттай көрінсін”, – деп жазады.
Есімі Шығыстың ұлы ғұламаларымен қатар аталатын Махмұд Қашқари туралы ауыз толтырып айтар мәлімет жоққа тән. Бар білеріміз – “Диуани лұғат-ит түрк” атты өз кітабындағы деректер ғана. Туған, өлген жылдары белгісіз. Ол тек өзінің кітабында: “Бұл еңбек өмірімнің ақырына жеткізді”, – деп ескертеді. Белгілісі – ол бұл еңбегін 1072-1074 жж. Бағдат қаласында жазып бітірген. Әкесі Хұсейін Баласағұнда әскери әкім – бек болған, сол кездегі Қарахан әулетінің әміршілерінің бірі Насыр ибн-Әлиге туыс болғаны. “Махмұд та осы Баласағұн шаһарында (не Барысғанда) туып-өскен, осында және Қашқарда білім алған” деген пікірге зерттеушілердің көбі қол қояды.
Махмұд Қашқари – *энциклопедист, әмбебап білімпаз, алдымен ұлы филолог, лұғатшы, тілші-ғалым. Оған қоса тарихшы, этнограф, астроном т.т. Ғалым “Диуанында” өзінің қаламынан туған “Жауаһир ән-нахуи фи лұғат ит-түрк” (“Түрк тілінің синтаксистік жүйесінің қағидалары”) атты еңбегі болғандығын да айтады.
“Диуанидің” қолжазбасы 1914 ж. Ыстанбұл базарынан табылады. Түрік ғалымы Білге Килислі Рифат 1915-17 жж. оның 3 томын бастырым шығарады. Сөздіктің зерттелуін сөз еткенде неміс ғалымдары Броккельман, Хаммел (1928) түрік ғалымы Аталайдан (1939-41) бұрын бұл еңбекті зерттеуді, қазақ арасында насихаттауды Халел Досмұхамедұлының қолға алғанын айта кету керек. 1923 жылы ол “Диуани лұғат-ат-түрк” деген атпен “Шолпан” журналында көлемді мақала жазғаны қазір белгілі болып отыр. *Жиырмасыншы жылдардағы түркілікті насихаттаған Досмұхамедұлының бұл ерлігі туралы дәріс дәптерлеріңізге Ә.Керімов мақаласынан туындайтын пайымдарды жазып алу ұсынылады.
Сөздіктің зерттелуі қарастырылатын тұста 80-90 жылдары алдымен “Диуанидегі” түрік жырларын теріп алып, Ф.Оңғарсынованың 1985 жылы “Жаз бен қыстың айтысы” атауымен қазақша аударғанын, Қ.Бекетаев пен Ә.Ибатовтың 1993 жылы сөздіктің Қазақстанға қатысты мәліметтерін теріп алып құрастырған “Түбі бір түркі тілі” деген атпен бастырған аудармасын айту керек. Ал 1997-1998 жылдары ақын, түрколог ғалым Асқар Егеубаев түріктер, өзбектер, және ұйғырлардан кейін, түркі халықтары арасында төртінші болып, “Диуаниді” үш том етіп, “Түрік сөздігі” деген атпен толық аударып, ғылыми түсініктерін жазып, үш мың таралыммен бастырып шықты.
Дәрістің үшінші сұрағы оқулықтарда толық жазылғандықтан және ондағы мәселелер жөнінде кейінгі зерттеушілер арасында ортақ пікір болғандықтан ол мәселе студенттердің өз бетімен дайындалуына қалдырылады. Практикалық және студенттердің өз бетімен жұмысын тексеру сабақтарында 3-сұрақ мәселелері толық қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені