Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы


Далалық өркениет алып жатқан аймақ картасы



бет2/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
  1. Далалық өркениет алып жатқан аймақ картасы


  2. Далалық өркениеттің тұрмыс-тіршілік, шаруашылық белгілері кестесі

  3. Далалық өркениеттің мәдени-рухани белгілері кестесі

  4. Ежелгі сақ-ғұн-түркі заманы әдебиетінің айдыны кестесі

  5. Көрнекіліктің электронды нұсқа: № 1 слайд

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қирабаев С. Әдебиет. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т. 1. Алматы, «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 1998, 627-628 бб.

  2. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. «Ана тілі», 1991, 5-11 бб.

  3. Ғаббасов С. Ұлы дала – адамзат өркениетінің бесігі. (Оған үш дәлел және олардың ғылымдағы көріністері). “Жалын”, № 3, 2008, 9-13 бб.

  4. Сембай М. Өркениетімізді әлем мойындады. «Егеменді Қазақстан». № 141, 20.06.1991.

2 дәріс


Тақырыбы: Қазақ әдебиеті тарихы: зерттелуі, жүйеленуі.
Дәріс мақсаты: Қазақ-түркі жазба әдебиетінің бастауы туралы пікірталаспен, даму кезеңдері, зерттелу деңгейімен таныстыру.
Кілт сөздері: «Қазақ әдебиеті тарихы» пәні, пікірталас, кезеңдері
Дәріс жоспары:

  1. Қазақ жазба әдебиетінің даму тарихы.

  2. Қазақ әдебиеті тарихының пәні: мақсаты, зерттеу объектісі, кезеңдері.

Дәріс тезистері:
Қазақ әдебиетінің даму жолы – халық ауыз әдебиеті (фольклор), ақын жырау поэзиясы, жазба әдебиеті. Әдебиет салаларындағы дәстүр жалғастығы белгілері мен айырмашылықтары.
Қазақ әдебиетінің басталу кезеңі туралы әдебиеттану ғалымындағы пікірталас. Бұл мәселе жөніндегі Қ.Жұмалиев пен Б.Кенжебаевтың және кейінгі ғалымдар көзқарастары. Қазақ әдебиетінің ежелгі сақ-ғұн-түрік әдебиетіне қатыстығы турасындағы негіздемелер. Заманымыздан бұрынғы қаһармандық жырлардың түркілік жазба әдебиетіміздің бастауы болғандығы.
Қазақ әдебиеті тарихының пәні, мақсат-міндеттері. Қазақ әдебиеті тарихының әдебиеттану ғалымының құрамдас бөлімі ретінде әдеби шығарманың туылуын, әдеби бағыттар мен көркем бейнелеудің даму белестерін, әдебиеттің даму процесін қамти зерделеуі. «Мәдени мұра» бағдарламасы – көне әдеби мұраны зерттеудегі жаңа белес.
Қазақ әдебиеті тарихын кезеңдерге жүйелеуде қазақ халқының қалыптасу кезеңдері мен көркем әдебиеттің өз заңдылықтары факторларының ескерілетіндігі. Әдебиет тарихын кезеңдерге бөлудегі хронологиялық және саяси-әлеуметтік принциптер.
Кезеңдерге жүйелеудің хронологиялық тәртібінің Ә.Марғұлан қолдаған реті: а) Ерте замандағы көшпелі тайпалар (сақ, ғұн, үйсін) әдебиеті, ә) Түрік дәуірінің әдебиеті, б) Қыпшақ әдебиеті, в) ХҮІ ғ. басталатын қазақтың төл әдебиеті. Б.Кенжебаев ұсынған жүйе: а) Ежелгі әдебиет, ә) Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет, б) Қазақтың ХІХ ғ. жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті, в) Қазақтың ХХ ғ. басындағы әдебиеті, г) Қазақ халқының Қазан төңкерісінен кейінгі әдебиеті. Осы хронологиялық бағыттағы соңғы зерттеулерге сүйене отырып Н.Келімбетов, А.Қыраубаевалардың әдебиет тарихын дәуірлеу нұсқасы алдымен тәңірлік және ислам дәірі әдебиеті деп бөлінеді. Тәңірлік дәуір а) сақтардың қаһармандық дастандары, ә) ғұндар дәуірінен жеткен дастандар б) түрік қағанаты тұсындағы ерлік жырлар. Ислам тарағаннан кейінгі дәуір әдебиеті а) Қайта өрлеу немесе ислам дәуірі (Х-ХІІІ ғғ), ә) Алтын Орда дәуірі, б) тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелерден тұрады.
М.Мырзахметов ұсынған жүйе хронологиялық пен саяси-әлеуметтік принципті қатар пайдаланып, алдыңғысының Алтын Орда дәуіріне дейінгі әдебиет тарихының кезеңдерін сол күйінде қабылдайды. Көрші империялардың әсіресе Ресейдің отаршылық саясатына қарсылықтан туындаған құбылыстар болғандықтан қалған дәуірді «отаршылдық дәуірдегі қазақ әдебиеті» деп қарастыруды жөн санайды да оны 3 кезеңге бөледі. а) Ғасырға жуық (1731-1822) қазақ елін билеу жүйесі вассалдық түрдегі хандарды бекіту жолымен сыртын империя, ішін хандардың өздері билегенімен отаршылықтың шырмауына түскен заман әдебиеті (көрнекті өкілі - Бұқар жырау). ә) Хандық жүйе жойылып, патша үкіметі тарапынан сұлтан правительдік (кіші жүз), аға сұлтандық (орта жүз), датқалық (ұлы жүз) билік жүйе енгізілген кезең әдебиеті (1822-1867). Осы саяси хал-ахуалды, мыс., Мәди ақын дөп басып суреттеді. б) Отаршылдық дәуірі шырмауындағы қазақ әдебиеті тарихының үшінші кезеңі (1867- ж. *«жаңа низамнан» жер отары күшейген ғасыр аяғына дейігі кезең).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені