Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет18/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Дәрістің мақсаты: Түркі Оянушылығының белді өкілі, араб-парсы поэзиясымен терезесі тең түркі тіліндегі поэзияны қалыптастырушылардың ілкі өкілі, Фарабидің ел билігі, идеалды билеуші және мемлекет идеясын жалғастырушы Ж.Баласағұнидің идеялары мен поэзиясынң маңызын ұғындыру.
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
15 дәріс жоспары:
1. Қарахан дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік жағдай, мәдениет, әдебиет. Түркі Оянушылығының (Ренессанс) белгілері.
2. Ғұлама өмірі туралы болжамдар.
3. “Құтты білік” дастанының зерттелуі, идеясы, жанры, тақырыптары.
16 дәріс жоспары:
4. Дастандағы көтерілген басты мәселелер:
а) Адам және оның кемелденуінің жолдары
ә) ел басқару, “кемел мемлекет” құру арманы.
5. Дастанның кейінгі түркі-қазақ әдебиетіне ықпалы.
Дәріс тезистері:
1. ХІ-ХІІ ғасырларда Шығыс Түркістан – Каспи теңізі аралығында екі орталығы бар (Баласағұн мен Қашқар) Қарахан мемлекеті өмір сүрді. Ол ҮІІІ-ІХ ғасырда тарих сахынасына шыққан Қарлұқ мемлекетінің заңды жалғасы деп қаралады. Қарахан мемлекетінің тарихы мемлекетке атын берген Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғра хан (915-955) билігінен басталады. Қарахан мемлекеті Ислам мәдениетін жасаушы, ғылымы, әдебиеті жоғары деңгейде дамыған, мейлінше гүлденген елдердің бірі болып саналған. Бұл түркі Оянушылығының белгісі болатын. ІҮ-ХІҮ ғғ. Қазақстан жеріндегі мәдениет өзіне тән өркениет дәуірін кешті. Қала мәдениетінің дамуы, әдебиет пен ғылымдағы ұлы тұлғалар шығармашылығы жан-жақты өсу үрдісінің болғандығын көрсетеді. Әдебиеттегі түркі Оянушылығы белгілері екі екі үлкен жаугершіліктен кейін көрініп отырды. Х-ХІІ ғасырда Баласағұни “Құтты білікте” державалық түрік мемлекетінің төрт құбыласы тең үлгісін жасағанда, Өтікен бектері, Білге Қаған, Күлтегін, Тоныкөктер құрған ұлы Түрік қағанатын елестете отырып жазса, Махмұт Қашқари түрік елінің бай мәдениетін, тілін жан-жақты сипаттап, түрік рухын ірілендіре түсті. Яғни, түркі әдебиетіндегі Оянушылықтың бастамалары осы туындыгерлерде жатыр деп білеміз.
2. Жүсіп Хас Қажыб 1010-1015 жж. шамасында Шудың бойында, Талас даласында Баласағұн шаһарында дүниеге келген. Ғұлама ойшылдың туған жылы, өмір сүрген дәуірінің хронологиясы туралы пікір, болжамдар әртүрлі. Зерттеушілер оны негізінен шығарма деректеріне, мәтіндегі мағына, меңзеулерге сүйеніп есептеп шығарған.
3. “Құтты білік” – ежелгі түркі тілдегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. Поэтикалық ойлау жүйесі, көркемдік нақыштары ерекше шебер үйлесімді, философиялық толғамдары терең, 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен және үш қосымшадан тұратын бұл ауқымды шығарма көркемдік танымының үздік үлгісі болып табылады. Бұл дастан туралы өз замандастарынан бастап, бүгінгі күн әдебиетшілеріне шейін қалам тартпаған зерттеушілер кемде-кем. Солардың бірі белгілі түріктанушы А.Н.Кононов дастанға: “Это философское произведение, в которм анализируется смысл и значение человеческой жизни и определяются обязанности и нормы поведения человека в обществе, при этом Юсуф не страшиться критиковать общество, в котором он сам живет” деп сипаттама береді.
4 а. “Құтты білікте” көтерілген негізгі мәселе: Адам. Оның кемелденуінің жолдары. Оның бастылары мыналар: 1) Баласағұни “Ақыл қайда болса, ұлылық толады, Білім кімде болса, сол білікті болады” деп адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы білім мен ақылда жатқандығын, ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы екендігін қадап айтады; 2) Тілдің пайдасы мен зияны бірдей екенін білу; 3) Ізгілік – адамзаттың ең қажетті екенін ұғыну. 4) Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір оында тұрмайды; 5) Әділеттің жолын қу, шыншыл бол; 6) Ажал есігі қашанда күтіп тұрады, сол есікті адамшылықты аттамай кір; 7) Нәпсіңді тый, сабырлы бол; 8) Шарап ішпе; 9) Ұл қызыңды тәрбиелі қылып өсір; 10) Сүюдің сырын көзден көрме, көңілден ізде; 11) Намысшыл ер бол; 12) Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын ойла.
Ежелгі шығыс ілімі бойынша әлемді төрт нәрсе ұстайды: жер, су, ауа, от. “Құтты білікте” қоғамдағы, өмірдегі үйлесім төрт кейіпкердің атымен берілген: 1) Күнтуды – Әділет бейнесі; 2) Айтолды – Әділ уәзір бақыт бейнесі; 3) Өгділміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесі; 4) Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесі.
4 ә. Дастандағы келесі бір өзекті мәселе – кемел мемлекет құру, әділ билік жүргізу, жақсы өмір сүру арманы. Ізгілікті қоғам құру мәселесі адамзат баласын өте ертеден-ақ, сонау ежелгі Грекия ойшылдарынан (Платон) бастап қызықтырған. Әл Фарабидің “Қайырымды қала...” еңбегінде қиялдағы мемлекет билігі туралы ойлары өткен тақырыптан таныс. Кемел мемлекет Жүсіп Баласағұнды да ойландырып, “Құтты білікте” әділетті қоғам үлгісін жасап, құттыт мемлекет, биліктегілер қандай болу керек деген саулдарға жауап іздейді. Баласағұн суреттеген қоғамда әр адамның (бек, елші, ақын, егінші, қақпашы т.б,) өз орны бар, өзіне лайық қадыр-қасиеті бар.
5. “Құтты білік” дастанының аталған басты мәселелер бойынша кейінгі түркі-қазақ әдебиетіне ықпалы жөнінде Хасан Әли (“Қисса Жүсіп”), З.Бабыр (“Бабырнама”), М.Жұмабаев (өлеңдері мен поэмалары), С.Торайғыров (“Адасқан өмір”) шығармалары арқылы ой жүгіртіп дәрісті өз беттеріңізбен толықтырып, дәріс сабағында пікір алысуға дайындалыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені