Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет16/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
13 дәріс жоспары:

  1. А.Иүгінекидің шығармашылық өмірбаяны: мәліметтер, зерттеулер.

  2. “Ақиқат сыйы” дастанының нұсқалары, құрылысы, жанры, тілі.

  3. Дастанның тақырыбы, көркемдігі.

14 дәріс жоспары:

  1. С.Бақырғанидің өмірі, дүниетанымы, әдеби мұрасы туралы мәліметтер.

  2. “Бақырғани кітабы ” жинағы: зерттелуі, жинақтағы лирикалық өлеңдер, көлемді қисса-толғаулар.

Дәріс тезистері:
А.Иүгінеки түркі тіліндегі орта ғасыр әдебиетінің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан ақындардың бірі. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар толық емес. Ол ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. бас кезінде өмір сүрген, қай жылдары екені белгісіз. “Ақиқат сыйының” Дад Испаһсалар бекке бағышталғаны, автордың аты жөні, әкесі Махмұдтың ақындық өнері бар білімді болғаны, Жүйнек деген жерде өмір сүргені, туғаннан көзінің көрмейтіні туралы ғана дастаннан қысқаша мәлімет табуға болады.
“Ақиқат сыйының” (“Хибат ул-хақайиқ”) түпнұсқасы табылмай, бізге көшірмелері ғана жеткен. Ең ескісі – Арслан қожаның ұйғыр әрпімен көшірген Самарқан нұсқасы. Екіншісі – 1480 ж. Шаихзада Абдурразақ бахши араб және ұйғыр жазуына түсірген, кім, қашан, қайда көшіріп жазғандығы туралы мәліметі жоқ Айя-София кітапханасындағы нұсқасы. Қазақ ғалымдары Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықов осы нұсқаны қазақ тіліне аударып жариялаған.
А.Иүгінеки шығармасы араб, парсы тілдері басым кезде түрік тілінде жазылған. Алайда Арыслан қожа Тархан көшірткен нұсқа қашқар тілінде, қарлұқ-ұйғыр диалектісінде жазылған, дегенмен оғыз-қыпшақ диалектісіне тән ерекшеліктер де кездеседі.
“Ақиқат сыйы” дастаны белгілі бір сюжетке құрылмаған, оның әрбір тарауы арнайы тақырыптарға бөлінген. Кіріспедегі Алланы мадақтау, Пайғамбарлар мен Испаһсалар бекке арналған таруларды есептемегенде негізгі бөлім 6 тараудан тұрады. Ақын білім, ғылым, тәрбие, жақсы мінез-құлық сынды мәселелерді кеңінен қамтиды. Ол жеке адамдардың қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстау, ақылдылық, сабырлылық тағы да басқа адамгершілік қасиеттерді өзінше жырлап, оны ислам діні тұрғысынан халыққа түсіндіруге тырысады. Сондықтан дастанда Құран Кәріммен үндесетін тұстары мол. Адамның өмірдегі мақсаты не? – деген сұраққа Әдиб Ахметтің жауабы – Алланы тану. Құрандағы: “Әр адамның мақсаты – Алланы тану” деген сөзді басты қағида етіп алып, оның құралын іздей бастайды. Ол – білім. Ақынның алғашқы сөзін оқы, біл, үйрен деп бастауы содан. Дастанның көтерген тақырыбы мен идеясы – халықты рухани тазалыққа шақыру, ақыл-кеңес беру, үгіт-насихат айту.
Оқу-білімге байланысты А.Иүгінеки қағидалары Ж.Баласағұнның, М.Қашқаридің, А.Иасауидің түркі тайпаларының ислам өркениеті ағымынан қалмау үшін оқып, білім алудың керектігі туралы айтқандарымен тоғысады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Иүгінеки сияқты оқырмандарын оқу-білімге шақырады, ақылды адамдарды жоғары бағалайды. Екі ақын да білікті мен білімсізді қарам-қарсы қойып салыстырады.
Дидактикалық тақырыпты толғаған бұл дастанда қоғамдағы адамдардың жақсы қарым-қатынаста болу үшін әдепсіздік, дөрекілік, екіжүзділік, надандық және тағы басқа теріс мінез-құлықтардан арылудың қажеттілігі түсіндіріледі. Ақын әдептіліктің басы тілге сақ болу, өсек-өтіріктен сақтану, дұрыс ойланып сөйлей білу деп тілге бір тарау арнаған.
Дастанда ақын Құдай берген аз күндік өмірде тойымсыз, ашкөздіктен біржола тыйылып, мәңгілік өлмейтін-өшпейтін ілім-білімді игеруге, төзімділікке шақырады. Автор жалған, тұрақсыз өмірді адамның жас кезі мен қартайған шағындағы кейпін суреттеу арқылы бейнелейді. Ақынның көтерген тағы бір тақырыбы – жомарттық пен сараңдық, кішіпейілділік пен тәкаппарлық.
Ақын өзі өмір сүрген тұста адал адамдар азайып, залымдар көбейгеніне қатты қапаланады. Адамдардан мейір кетіп,, мінез-құлық өзгерді, жаман әдеттер молайды, бір сөзбен айтқанда, ел өзгеріп, адамгершілік қасиеттер жоғалды дейді. Оның пайымдауынша ғалымның еңбек етуін қоюы, тақуа сыйынғанын тастауы, бас-басына би болған басшыларға тоқтау салатын ешкімнің қалмауы ақырзаманның белгісі. Ақынды толғандырған келеңсіз жайыттардың біздің заманымызға тура келетіні таңдандырады.
Ақын шығыс поэзиясын терең меңгере отырып, түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр үлгісін тудырған. Дастанның композициялық құрылымын қарастырғанда оның шығыстық үлгіге жататын жеті шартқа негізделіп жазылғаны анықталады. Иүгінеки туындысы негізінен төрт жолмен жазылған. Бұлар түркі халықтары арасында кең таралған төрт жолдық өлеңдерге ұқсас. Мұндай төрт жолдық өлең мазмұны, формасы жағынан рубаи жанрына келеді. Дастанның кейбір жерлерінде ақын шеберлігінің белгісі – *рубаидан басқа *қасида, *қыйта түрлері қатар пайдаланылған. Дастан негізінен *арузбен жазылғанымен шығарманы зерттеу барысында оның ішінде *бармақ өлшемімен өрнектелген өлең жолдары кездесетіні белгілі болды. Туындыда қазақ өлеңінің бұрыннан келе жатқан он бір буынды өлең өлшеміне сәйкес келетін де тұстары бар. Бүгінгі қазақ поэзиясының қайнар көзі көне түркі әдеби тілі болғандықтан дастанда қолданылған көркемдеуіш құралдардың қазақ поэзисындағылармен ұқсас келуі зңдылық деп қаралады.
Сүлеймен Бақырғанидың (Хакім ата) туған жылы дәл белгісіз болғанмен, оның 1136(86) ж. 82 жасында Хорезмдегі Бақырған қыстағында дүние салған деген дерек бар. Сүлеймен қазақтың қалың Қоңырат елінен шыққан, сопылық ағымның өкілі, ойшыл. Қожа Ахмет Иасауи мүридтерінің бірі болған. Сопылық поэзия үрдісін жалғастырып, түркі тілінде діни хикметтер жазған, ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген.
С.Бақырғани шығармашылығының басты идеясы – оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Сонымен қатар мұнда этика (әдеп), эстетика, тазару, адамның ішкі жан дүниесіндегі үйлесімділікке, Ақиқатты тану мәселелеріне айрықша назар аударылып, ол суфизм позициясы тұрғысынан қарастырылады. Ақын пікірінше Алла – шексіз, *абсолют сұлулықтың иесі, әрі өзін тану жолында ол махаббатты, оның ішінде өзіне деген сүйіспеншілікті жаратты. Сүйіспеншілік адамды рухани кемелденуге жеткізетін күш болып табылады. Алланың сұлулығы оның шексіз мейірімділігі мен рахымдылығында деп есептейді. Сүйіспеншілік (махаббат) суфизм ілімінде ақиқатқа жетудің жолы ретінде танылып, дәріптеледі. Себебі адам мен адам арасындағы осынау бір күшті тылсым сүйіспеншіліктің дәріптелуінің *гносеологиялық негізі болды. Сопылардың танымы бойынша әрбір зат, жан-жануар, адамдар сүйіспеншіліктің арқасында көбейеді, себебі сүйіспеншілікке Алла жаратушылық қасиет дарытқан.
Бақырғанидың ертеректе діни мектептерде оқулық ретінде пайдаланылып келген “Ақырзаман”, “Бибі Мәриям” дастандары кешегіге дейін жеке шығармасы санатында болғаны белгілі. Н Келімбетовтің соңғы зерттеулері бойынша әлгі дастандар “Бақырғани кітабының” тараулары болғаны, ал тұтас алғанда бұл жинақ бес бөлімнен тұратыны анықталып отыр. Бірінші бөлімі – көңіл-күй жырлары, екіншісі – сопылық идеяларын насихаттауға арналған дидактикалық-философиялық хикмет өлеңдері, үшіншісі – Алланы мадақтауға арналған жырлары (“Меғрожнаме”), төртіншісі – “Ақыр заман көріністері” дастаны, бесіншісі – “Бибі Мәриям” толғауы. “Ақырзаман” дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, *махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. “Бибі Мәриям” дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған.
“Бақырғани кітабын” ақынның төл шығармасы болып есептелмейтін “Хакім ата кітабымен” шатастыруға болмайды. “Хакім ата кітабы” ол туралы жазылған аңыз-хикаяттардың жинағы. Бұл – ақын жайлы тұңғыш баспа бетін көрген 20 беттік прозалық еңбек (бастырған Ф.Х.Амашев).
Бақырғани кітабы” жинағындағы ақынның өз хикметтері 1200 жолдан асады. Кітаптағы тоғыз дастанның екеуі (“Расул миғражы” мен “Исмайыл қиссасы”) С.Бақырғанидікі. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) қайтыс болуына байланысты дастандар Шәмсінікі, Мұхаммед пен Ибраһим жайлы дастан Ғұбайдұлланікі, “Ақтым қиссасы” Хытаидікі деп берілген, “Жарым алма хикаясы” дастанының авторы көрсетілмеген.
С.Бақырғани шығармаларының басты тақырыптары – сопылық ағым қағиддалары, Аллаға деген сүйіспеншілік, оны мадақтау, Аллаға құлшылық етуге, исламның шарттарын мүлтіксіз орындауға шақыру, т.б. Шығармада ежелгі дәуір әдебиетіне тән Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың өзі туралы мәлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Бақырғани шығармаларынан да байқалады. Ақынның имандылықты, ізгілікті жырлаған, білімділікке, сабырға, төзімділікке шақырған, нәпсіқұмарлықты, дүниеқоңыздықты, менмендікті, тәкәппарлықты сынаған өлеңдері мен өмірдің өткіншілігі жайлы ой-пікірлері кейінгі кезең ақындарының шығармаларында жалғасын тапқан. ХІХ ғас. соңында Е.А.Малов, Н.Малицкий, Ф.Катанов, М.Ф.Көпрулу, т.б. ғалымдар ақын еңбектерін зерттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені