Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет14/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Дәрістің мақсаты: Студенттерге орта ғасыр дәуіріндегі қазақ жерінде жергілікті салт-дәстүрді ислам діні талаптарымен үйлестіріп, адамгершілікке негізделген исламдық қағидаларды поэзия тілімен жеткізген ұлы теолог бабамыздың әдеби, философиялық, діни көзқарасын түсіндіру арқылы әртүрлі үстірт діни ағымдарға қарсы тұра алатындай таным қалыптастыруға негіз қалау.
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
11 дәріс жоспары:

      1. Хазрет сұлтан дәуірі, өмірі, көзқарас танымы.

а) ХІІ ғасырдағы Сыр бойы, Шауғар-Иасы-Түркістан.
ә) Иасауи тегі туралы пікірлер, ұстаздары мен шәкірттері.
б) Сопылық ілім: шығу тарихы, негіздері.
в) Қожа Ахмет Иасауи – түркілік сопылық негіздеушісі.
г) Қожа Ахмет Иасауи кесенесі.
12 дәріс жоспары:
2. Иасауи шығармашылығы.
а) “Диуани хикмет” жазылу-таралу тарихы, зерттелуі, аудармалары.
ә) “Диуанидің” басты идеясы, құрылысы, тақырыптары.
б) “Диуанидің” көркемдігі.
в) Хикметтердің кейінгі түркі-қазақ әдебиетіне ықпалы.
Дәріс тезистері:
І. Йасы – Түркістанның ежелгі заманғы және орта ғасырлардағы атауы. ҮІІ-ХІІ ғғ Иасы төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ХІІ ғасырдың бірінші ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Йасының өлке орталығына айналады. Қожа Ахмет Йасауи осында келіп қоныстанып, қайтыс болғаннан кейін басына мазар салынып, оның Сыр бойындағы қасиетті мекенге айналуы. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы сауданың дамуына, өлкенің өркендеуіне ықпал етуі. Қала Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болып, сол кезден бастап Иасы Түркістан деп атала бастауы.
Ахмет Иасауидің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулетінен. Оның туысы Маулана Сайфуддин Қойлақының “Насабнама” (ХІІІ ғ.) көне шежіресі бойынша Йасауидің арғы аталары Ысхақ баб Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің ұрпағы Әбдірахым Әбдіжалилмен бірге ҮІІІ ғасырда бұл өңірге әскерлерімен жаулап алуға келіп, осы Оңтүстік Қазақстанда қалып қойған. Иасауидің әкесі Ибраһим шейх осы Ысхақ бабқа 12 атадан қосылады. Иасауи алғашқы білімді әкесінен, одан кейін Арыстан бабқа шәкірт болады. Кейбір деректерде (“Диуани хикмет”, аңыздарда) Арыстан баб ұстазы емес, оған Мұхаммед пайғамбардың аманатын тапсырушы болған. Иасыдан кейін Иасауи Бұхарда Жүсіп Хамаданидің шәкірті болады. Ал Иасауи шәкірттері ішінен белгілілері – Арыстан бабтың ұлы Мансұр ата, Сайид ата Хорезми, үшіншісі – Сүлеймен Бақырғани, тағы бір шәкірті – Мұхаммед Данышменди сопы. Зерттеуші Фуат Көпрулу “Хорасан мен Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы Иасауи тарихатынан” дейді.
Сопылық бастапқыда (ҮІІІ ғ.) әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің күшеюіне қарсы бағытталған, артық ішіп-кимейтін, жүннен тоқылған жұпыны шекпенді ғана қанағат ететін мұсылмандық аскетизмді ұстанатын жандар болған. Кейін осы сияқты өз нәпсісін тыйып,, Алла жолына берілген адамдардарды “суффи”, сопы деп атап кеткен. Сопылық – исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, ислам дінінің дүниетанымдық, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім.
Ортодоксалды ислам дінінде тек бір Алла мен Мұхаммед пайғамбарға мойын ұсынса Иасауи мұсылман дініндегі түркі халқын бір Аллаға ғана сыйынумен бірге әулиелерді, ата-баба рухын құрметтеуді үйретеді. Ахмет Иасауи “Құран” мағынасын өзінің “Диуани хикметінде” түркілердің ұғымына сай етіп аударып қана қойған жоқ, сонымен бірге ислам діні мен түркілердің бұрынғы наным-сенімдерінің арасындағы қайшылықты жойып, біртұтас діни сенімге айналдырды. Сондықтан Қожа Ахмет Иасауи түркілік сопылықтың негіздеушісі ретінде бағаланады.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі – Әмір Темір бұйрығымен Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына салынған ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – қабірхана ортасында Қожа Ахмет Иасауиге құлыптас қойылған. Кесене құрамында қос қабат күмбезі бар мешіт, Аллаға құлшылық етуге арналған жер асты ғибадатханалары бар. ХҮІ ғасырдан кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Есім хан, Жолбарыс хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр) жерлене бастады. 1989 жылы ҚР Үкіметінің шешімімен “Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы” ұйымдастырылды. 2003 жылы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.
ІІ. “Диуани хикмет” ХІІ ғ. сақталған түркі тілді халықтардың әдеби мұрасы. Кітаптің түп нұсқасы сақталмаған. Шығарма ескі түркі (шағатай) тілінде, араб емлесімен жазылған. 1900-02 жылдары Стамбул, Ташкент, Қазан баспаларынан түрік, өзбек, қазақ, татар тілдерінде басылым көрген. Бұлардың ішінде Маңғыстау Тыныштық ұғылының Қазанда басылған нұсқасы әрі толық (159 хикметі), әрі қазақ тіліне өте жақын. Ал ақынның “...төрт мың, төрт жүз хикмат айттым, хақтан пәрман” деген сөзіне қарағанда хикмет саны әлде қайда көп, бірақ бізге жетпеген.
“Диуани хикмет” сөздерінің түйіні – хақ жолына ақ ниетпен қызмет ету, дүниеге қызықпау, қиянат жасамау, дін парыздарын, бес уақыт намазды қаза етпеу, медреседе оқып білім алу. Діни тұрғыдан болса да автор өз кезіндегі зорлық-зомбылықты, кейбір дін иелерінің нысапсыздығын сынайды, гуманистік көзқарас білдіреді, тағылық пен опасыздыққа қарсы шығып, адамдар арасындағы достықты, бірлікті жырлайды. Жинақта Иасауидің өмір жолы да баяндалған. Кейбір бәйіттерде ақын табиғатты, қоғам өмірін, тіршілік жайларын толғайды.
Хикметтер ақыл-кеңес, өсиет-нақыл түрінде, дидактикалық мәні басым, түркі халықтарының ауыз әдебиетіне, сал-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне, яғни көшпенділердің жүрегіне жылы тиетін жатық және бейнелі жыр жазудың жақсы үлгісін жасап берді. Сөйтіп, өзіне дейінгі әдебиетте үстемдік етіп келген араб , парсы тілдерімен жарыса жазып, түрікше көркем туынды тудырудың мол мүмкіндіктерін ашып дәлелдеді. Насихаттық сипаттың басым болуына орай жақсы мен жаманды (адамгершілік пен зұлымдықты, ізгілік пен қараниеттілікті, сақилық пен сараңдықты, дарқандық пен іштарлықты, имандылық пен дінсіздікті) қарама-қарсы қою арқылы шендестіру тәсілін барынша жиі қолданады. Шығармада метафора түрлері эпитеттер, теңеулер жиі қолданылады. Жинақ өлеңдері құрылысы жағынан силлабикалық үлгіде, 7, 11, 12 буынмен жазылған. Шумақтары 2, 4, 6, 8, 10 жолды және көп жолды, ұйқастары көбінесе ерікті, ақсақ ұйқас болып келеді.
Иасауидің өз тұсындағы әдебиеттегі орны ірі-ірі үш нәрсемен өлшенеді. Бірі сопылық идеяны түркі әдебиетінде негіздеу болса, екіншісі – ол кездегі поэзиының тілі парсылық болғанына қарамастан, өлеңді түркі тілінде жазуы, сол арқылы түркі тілінің дамуына, ұлтымыздың ілгерілеуіне ұйтқы болғаны. Үшіншісі, Иасауидің сопылық поэзиының негізін салушылардың бірі болғаны. Сопылық идея, сопылық поэзия ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясында жалғасын тапты. “Кітаби ақындар” атанған Жүсіпбек Шайұссламұлы, Шәді Жәңгірұлы, Кашафутдин, Ақылбек Сабалұлы, Мәулікей Жұмашұлы, Нұржан Наушабайұлы, Мәшһір Жүсіп, тіпті Мұхамеджан Сералин, Сұлтанмахмұт, әсіресе, Шәкәрім шығармаларындағы дағдылы дәстүрлер жалғастығы, тұрақты бейнелеулер соны айғақтайды. Жалпы алғанда, Иасауи дәстүрі қазақ әдебиетіндегі мазмұнды да мағыналы арнаның негіздері. Иасауи имандылығының тамыры терең, жапырағы жайсаң, алып бәйтерек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені