Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы



бет12/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
9 дәріс жоспары:

    1. Ислам мәдениеті, өркениеті туралы түсінік.

    2. Әл Фараби өмірі, дәуірі, ғылыми еңбектерінің әр салалығы.

    3. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” еңбегіндегі әлеуметтік-қоғамдық, этикалық көзқарастары.

10 дәріс жоспары:

    1. Философиялық көзқарастары. Абаймен сабақтастығы.

    2. Әл Фараби – әдебиетші.

    3. Әл Фарабидің ақындығы.

Дәріс тезистері:
1. Орта ғасырда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалды. “Мұсылман мәдениеті” феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Сол өркениетті жасаушылар ішінде ежелгң қазақ жерін мекендеген ру-тайпалар да бар. Өкінішке қарай, кеңестік жүйе кезінде Ислам мәдениеті деген ұғымды жоққа шығарумен болды. Ғылым, өркениет – бәрін діннен бөліп тастағаннан кейін көптеген тарихи құбылыстарды дұрыс түсінуге мүмкіндік болмай қалды. Мысалы, Әл Фараби жасаған дәуірдегі ғұламалар еңбегін діннен бөліп ала алмаймыз. Олар өз еңбектерін араб тілінде, ислам философиясының негізінде жазды. Олардың көзқарасын ислам мәдениеті аясында ғана дұрыс түсінуге болатын еді. Мұсылман мәдениеті көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқылы Еуропалық оянушылықтың негізін жасады.. Еуропа елдері философия, математика, астрономия, медицинаны мұсылман өркениеті арқылы білді.
2. 870 – 950 жылдар арасында өмір сүрген атақты жерлесіміз Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан бин Ұзлақ әл Фараби туралы есімінен тарқатылатын мәлімет. Ұлы ғұламаның ғылымның алуан саласынан 160-қа жуық трактат жазғандығы, солардың ішінде философия мен социологияның, этика мен эстетиканың, әдебиет пен музыканың үлкен орын алғандығы. Әл Фараби шыққан Сыр бойы ежелден көне мәдениеттің ошағы болды. Отырарда Ніл сағасындағы Александриядан кейінгі бай кітапхана болғандығын Птоломей жазып кетсе, кезінде әл Фараби деңгейінде оннан астам философтары бар Сыр бойы орта ғасырлардағы философтардың “Меккесіне” аналғаныда қазір көпшілікке белгілі бола басатады. Осылардың ішінде қазақ тіліне негізгі еңбектері аударылып, Батыс пен Шығысқа танымал болған Әбу Наср әл-Фарабиді ХХ ғасырдағы немістің ұлы ойшылы “Закат Европы” кітабының авторы О.Шпенглер ұлы неміс философтары Гегель мен Канттардан жоғары қойып, түркі ғылымы мен мәдениетінің жетістіктерін өте жоғары бағалаған [10, 11]. Фарабидің қоғам, этика, эстетика жөніндегі пікірлері мен философиялық концепцияларының қалыптасуына ықпалы болған үш жағдай: 1) көне грек ұлы ойшылдары; 2) туған жері Қазақстан мен Орта Азия бай ауыз әдебиеті, төлтума мәдениеті; 3) Таяу Шығыс пен Орта Шығыс гуманистік идеясы.
3. Әл Фарабидің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы” атты шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өміре келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі, т.б. мәселелер көтереді. Оның пікірінше халық бақытқа жету үшін елді әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді,жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін әкім басқаруға тиіс. Фараби болашақ қоғамды адамдардың емін-еркін азат өмір сүретін, мүшелерінің бәрі тең, бірін бірі құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Утопист ретінде ол феодализм жағдайында қайырымды мемлекет, барша халықтың бақыты туралы армандады. Ал ұлы гуманист ретінде ол феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін қантөгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқығын қорғауға әрекет жасады.
4. “Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында” деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны ”потенциалды интеллект”, “актуальді интеллект”, “жүре келе дарыған интеллект”, “әрекетшіл интеллект” сияқты философиялық категорияларға” бөліп талдайды. Ал “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздеріеңбегінде Әл Фараби “жүре келе дарыған интеллект” те адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің бәрі де жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отырады, “Өнер біткеннің бәріне бейім болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес” бірақ “қайырымдылықпен (арқасында) немесе жаман қылықпен (кесірінен) (әлгі) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін” деп түйеді.
Әл Фараби интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын араға 9 ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпен жалғастыра түсті. Фараби тұжырымын Абай “Он тоғызыншы сөзінде” а) “Адам ата-анадан туғаннан есті болмайды...” (2,173) деп, ә) Әл Фарабидің ғылым-білімді меңгерудегі интеллект жайында “ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденгендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады” (2, 189) деп қостайды. Әл Фараби сол еңбегінде “жан қуаты” жөнінде қолданған ұғымдар мен терминдер сол қалпында Абайдың 7, 17, 27, 38, 43-сөздерінде қайталануы кездейсоқ емес. Фараби “Қайырымды қала...” трактатында “Қайрат”, “Ақыл”, “Жүрек” сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп,: “Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес” (7, 289), – дейді. Бұл философиялық тұжырым Абайдың “Он жетінші сөзінде” өзінің логикалық жалғасын табады. Бұл сөзінде үшеуі айтысып, “ғылымға” келіп жүгінеді. Сонда “ғылым” (Абай) бәрін де “Жүрекке” билет деп шешеді. Әл Фарабидің әлгі пікірін Абай “Әсемпаз болма әрнеге” өлеңінде де зор шеберлікпен жеткізеді. Сөйтіп, Абайдың “нұрлы ақыл” жайындағы тұжырымының қайнар бастауы Әл Фарабидің интеллект туралы ілімінде жатқаны аңғарылады.
5. Әл Фараби өзі ақын болумен бірге өлең өнерінің сыры туралы зерттеу жазған. “Өлең өнерінің қағидалары туралы” трактатында Аристотельдің поэзия саласындағы ойларын дамытқан. Онда ақындарды а) табиғи дарыны бар, бірақ өлең өнерінің сипатымен онша таныс емес; ә) өлең өнерін меңгерген, бейнелеу құралының қайсысына болса жетік келетіндер; б) поэзияның сыр-сипатына қанық емес, алғашқы екі топтағы ақындарға еліктейтіндер.
Әл Фараби ақындық шеберлік пен табиғи икемділіктің іздену, поэзияның қыр-сырын меңгеру арқылы жететіндігін, нағыз ақындықтың жолына түсу үшін еңбектену керек екендігін айтқан. Әр ақынның өзі төселген, білетін нәрсесін жазу керектігін, оны зорлауға болмайтынын жазады. “Ғажап поэзия еркіндікте тумақ”, – дейді. Сонымен бірге өлең мен сурет өнерін салыстыра келіп: “Өлең өнері – сөзбен, ал сурет өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек, ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына әсер етеді”, – деген.
6. Әл Фарабидің ғылымдар саласында ғажайып жаңалықтар ашуының негізгі бір себебі өмірге ақын көзімен, қиял көкірекпен қарай алғандығында болар. Әл фарабимен бірге Сайф ад-Дауле сарайында болған атақты ақын Әбу-Фирастың “Поэзия – алтын түйе болса, оның басы Әбунасыр Мұхаммедке, өркеші – Әбу Нувасқа, иығы Омар ибн Рабиаға, кеудесі – Әбу Тамамға тиеді, қалғаны – ішек-қарын, оны екеуміз бөлісіп отырмыз”, – депті сарай жыршысына. Бұдан жерлесіміздің өз тұстастарының “ақындардың – ақыны” деп бағалауы оның айрықша талантын танытса керек.
Ақынның бізге жеткен біраз өлеңдері арабша кітаптардан қазақшаға белгілі ақын Аян Нысаналиннің аудармалары. Ақынның “Қашықтасың туған жер – қалың елім” деп басталатын, біз “Туған жерге сағыныш” деп алған өлеңінде ақынның аңсары – туған жерге деген сағыныш, өмірдің өтпелілігіне өкініш айқын сезіліп тұр. Фараби туған жеріне бір оралып, келіп кетіпті. Бұхара өкілі Нұх Самани шақыртып,, жалпы ғалымдардың негізі жөнінде кітап жазып беруін өтінген. Әл Фараби сонда “Екінші оқулық” (“Тағлым-әс-Сани”) атты еңбек жазыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені