Кіріспе. №1 дәріс Тақырыбы


Тақырыбы: Қорқыт ата. Қорқыт ата туралы аңыздар. “Қорқыт ата кітабы”



бет10/33
Дата22.11.2022
өлшемі115.5 Kb.
#360878
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
лекция
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, 2 ежелгі силлабус
Тақырыбы: Қорқыт ата. Қорқыт ата туралы аңыздар. “Қорқыт ата кітабы”.
Cабақтың мақсаты: Түркі дүниесінің ірі қоғам қараткері, ойшылы, сазгері және жырау поэзиясының бастауында тұрған ұлы жерлесіміздің атымен байланысты аңыз-әфсаналары мен жазба әдебиетіміздің “Қорқыт ата кітабы” сияқты бірегей мұрасының танымдық және тәрбиелік мәнін жеткізу.
Кілт сөздері: авторлық туынды, Йоллығтегін, Тоныкөк – жырау
7 дәріс жоспары:
1. Қорқыт туралы тарихи мәліметтер мен аңыздар.
2. Қорқыт ата дүниетанымы.
8 дәріс жоспары:
3. «Қорқыт ата кітабы»:
а) нұсқалары, зерттелуі, аудармалары.
ә) құрылысы, сюжеті, идеясы, басты бейнелері.
б) кітаптың, жеке жырлардың идеясы, Қорқыт тұлғасы және басқа тақырыптары, көркем-дігі, қазақ эпостарымен үндестігі.
Дәріс тезистері:
№ 7. Қорқыт ата шамамен ҮІІІ-ІХ ғғ. Сыр бойында туып-өскен. Кейбір деректер бойынша туған мекені оғыздар астанасы Жанкент. Қорқыт ата – ақын, күйші, аңыз кейіпкері. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыттың анасы қыпшақ, ал әкесі Қарақожа оғыз тайпасынан. Сондықтан ол оғыз бен қыпшақтың бірдей кемеңгері болып өткен. Ұлы данышпанның дүниеден өткен жері де Сыр бойы. Оның мазары соңғы кезге дейін Сыр жағасында сақталып келеді. Қорқыт ата жайлы тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер қатар өріліп, ел арасында ертеден таралған.
Жазба деректерден Қорқыттың 95 жасап, өз өмірінде Сыр, Жетісу, Торғай өлкесін, Арқа мен Алтайды билеген Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа хандарға уәзірлік қызмет атқарғаны белгілі. Қорқыт осы хандар тұсында әлеуметтік жора (заң) негізін жасап, оны ата-баба жасаған мекенді ұйық деп білу, оны жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазалау сияқты салаларға бөлген. Сондай-ақ халық әскерді сапқа тұрғызғанда ортасын алқа-қотан етіп, екі қанатын оң қол, сол қолға бөлу, жиналыстарда тәртіппен отыру, ас-той үстінде мүше беріп, шүлен таратқандығы тәртіптердің бәрі де Қорқыт жасаған аталық заңға (жораларға) жатқызады.
Аңыз-мифтігі басым әңгімелердің бірі – оның туылуына байланысты: анасы оны үш жыл бойына құрсағында көтеріп жүріпті, анасын жылына бір рет толғақ қысады екен. Қорқыт жарық дүниеге келер алдында бүкіл дүниені үшкүн, үш түн сұрапыл дауыл соғып, қараңғылық басып, түнге айналған күн-қорқыныш ол туылған соң ашық күнге айналып, сәбиді соған “Қорқыт” деп атапты. Қорқыт десе дегендей, туыла тілі шығып, елін ол тағы қорқытыпты. Бірақ сөйлеп кеткен Қорқытқа ел кейін әбден қуанады.
Ел аузындағы аңыздардың бір тобы Қорқыттың күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән-кү
й өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші-сазгер болғандығын ел ішінде сақталған, белгілі фольклоршы Мардан Байділдаев жинастырған, “Қорқыт күйі”, “Қорқыт сарыны” және тағы басқа оншақты музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала жырларында Қорқыт аты олардың ұстазы ретінде жиі аталады.
Қорқыт ата туралы аңыздардың үшінші бір парасы оның өлімнен қашуы туралы, бірақ оларды біз жырау дуниетанымымен байланыстырып, өз алдына мәселе етіп қарастырамыз. Бұл аңыздарда Қорқыт желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Бірақ оның алдынан шыққан көк майса “қуарып солдым” деп, аспенмен тірескен асқар тау “Бұрын сәулетті едік, мыжырайып біттік” депмұңаяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол қайда барса да, көр қазып жатқандарға кездеседі. Қорқыт ата дүниедегі ең ыстық – туған жер екенін сезіп, жер кіндігі – Сыр жағалауына қайта оралады. Су толқындары үстіне кілем жайып, өлмеуді, мәңгілік өмірді қобыз үнінен іздейді, бірақ одан да ештеңе шықпай, су жыланы шағып өлтіріпті. “Бүкіл әлем менікі!” – деген байлар, бектер, батырлар қайда? Оларды өлім алды, жұтты, солай болған, бола береді екен деген тұжырымға келеді. Қорқыт ата аңызының қорытындысы: өмір барда өлім бар, даму бар, өзгерулер жалғасады, өлмес өмір жоқ, бәрі өтеді, өзгереді, ұмыт болады. Тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істелген, жасалған игілікті істер нәтижесі дегенді байқатады. Негізінде өлімге қарсы күрес ислам дінінің жораларымен сыйыспайды. Сондықтан аңыз Қорқыт атына байланысты айтылғанымен оның шығу, таралу тарихы түркі халықтарына ислам діні тарамай тұрған кезге саяды. (Салыстыруға: өлімге қарсы күрес суреттелетін шумерлердің “Гильгамеш” дастаны мен сібір түркі халықтарының “Ерлікхан” әңгімесі.)
№ 8. а) Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты түркі халықтарының әдеби мұрасы “Қорқыт ата кітабы” . Оның екі қолжазба нұсқасы біздің заманымызға дейін сақталыпты. “Китаби дедем Коркут ала лисани тайфаи огузан” деген қолжазба Дрезденде сақталған. Ол қолжазба он екі жырдан – он екі оғыз-намеден тұрады. Ватикандағы Аристолика кітапханасында алты жырдан құралған “Қорқыт ата кітабының” “Хиқаят оғыз-наме Қазанбек уа Ғайри” деп аталатын екінші қолжазбасы сақталған.
“Қорқыт ата кітабын” зерттеу және Еуропа тілдеріне аудару ісі ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан шетел, орыс ориенталистері В.В.Бартольд, Этторе Росси қолға алып, түрік ғалымдары Абдулқадыр Генан, Рашид Эддген ол кітап туралы құнды пікірлер білдіріп, Қорқыт аңыздарын В.В.Вельяминов-Зернов, П.А.Фалеев, И.А.Кастанье, К.А.Иностранцевтер зерттеп, қазақ ғалымдарынан “Қорқыт ата кітабын” зерттеу, аудару, насихаттау жұмысына әйгілі акад. Ә.Марғұлан, профессорлар Ә.Қоңыратбаев,Қ.Жарқынбаев, Әйгілі О.Сүлейменов, танымал ғалымдар Б.Ысқақов, С.Ақатай, Н.Келімбетов, Ғ.Есім, үлестерін қосты.
б) “Қорқыт ата кітабындағы” жырлардың оқиғасы тұтастай да, жекелеген түрінде де түркі тілдес халықтардың фольклорында жанрлық құрамы жағынан әртүрлі болып кездеседі. Жалғыз көзді Төбекөз дәуге байланысты оқиғалардағы өлімнен қашу мотиві қазақ арасына аңыз, әпсана, хикаят түрінде айтылса, үшінші жырдың сюжеті толығымен Алпамыс эпосы түрінде көне заманнан бері жырланады. Осыған байланысты 12 жырдың да эпосқа айналып, біртұтас жүйеге келтіріп, циклдық топ құрау кезеңі анықтауды қажет ететін мәселе. Жырлардың барлығы да жеке-жеке ауызша орындалып келгенімен, олардың бәрінің жинақталып, циклдану процесі аяқталмай тұрғанда қағаз бетіне түсірілген. “Қорқыт ата кітабының” топтануы типологиялық жағынан қазақ эпосына ұқсас. Оғыз қаһармандарының жиналатын жері Байындар ханның ордасы. Оғызнамалардың басым көпшілігінің қаһармандары ортақ, бірінде олардың жеке ерлік істері баяндалса, екіші бір жерде оқиғаға жалпы қатысушы ретінде айтылады. Барлық жырды саналы түрде топтастырп тұрған Қорқыт. Ол эпос оқиғаларының ара-арасында ең жауапты қиын кезеңдерге қатысады. Оғыз жырларын жазбаша құрастырушы Қорқыт бейнесін оның атымен жай топтастыра салмаған. Ендеше жырлардың Қорқыт атымен жинақталып, циклдана бастауы қағаз бетіне түсуден сәл бұрынырақ, бірақ бұл процесс сол кезде әлі аяқталып болмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені