Кім тапқыр, кім жылдам? (Сұрақ-жауап)

Loading...


бет1/4
Дата18.10.2020
өлшемі374.5 Kb.
  1   2   3   4
Кім тапқыр, кім жылдам? (Сұрақ-жауап)


  • Үш бұрышы бар геометриялық фигура қалай аталады? ( Үшбұрыш)



  • Барлық қабырғалары өзара тең тік төрт бұрышы бар фигура қалай аталады? (Шаршы)



  • Теңдеу деген не? ( Белгісіз мүшесі бар теңдік)




  • Көлемнің неше өлшемі бар? ( 3)




  • Көлемді қалай табады? (Енін, ұзындығын, биіктігін көбейтеді)




  • Периметрді қалай табамыз? ( Фигураның барлық қабырғасын бір- біріне қосамыз)




  • Ауданды табу үшін не істейміз?

(Енін ұзындығына көбейтеміз)


  • 5-2•2=? ( 1)




  • 9: 0 =? ( 0 )




  • Анельдің бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг балы бар? ( 60)



  • 10 санын он есе арттырып, оған 99-ды қос.

(199)

  • Жеті ондықты ата. (70)

Кім тапқыр, кім жылдам? (Сұрақ-жауап)

  • Тік төртбұрыштың ауданы 16см², ені 2 см . Ұзындығы неше? (8 см)



  • 1000 саны шығу үшін 555-ке қандай санды қосу керек? (445)




  • Қосуға қатысты теңдеудің шешімін қалай табамыз?

( Азайту арқылы)


  • Көбейтуге қатысты теңдеудің шешімін қалай табамыз? ( Бөлу арқылы)




  • Қалдық бөлгіштен қандай болады? ( Кем)




  • Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? ( 4 )




  • Әр жыл мезгілі неше айдан тұрады? ( 3 )




  • Бөлу амалының компоненттерін айт.

(Бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді)


  • Бөлу амалының компоненттерін айт.

(Азайғыш, азайтқыш, азайтынды)



  • Қосу амалының компоненттерін айт.

(Қосылғыш, қосылғыш, қосынды)



  • Көбейту амалының компоненттерін айт.

( Көбейткіш, көбейткіш, көбейтінді)






  • Қосуға кері амал ( Азайту)




  • Бөлуге кері амал (Көбейту)




  • Азайтуға кері амал (Қосу)




  • Қарама –қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?

(Тік төртбұрыш)


  • Ең кіші бір таңбалы сан (1)




  • Ең үлкен бір таңбалы сан (9)




  • Ең кіші екі таңбалы сан (10)




  • Ең үлкен екі таңбалы сан (99)




  • Ең кіші үш таңбалы сан (100)




  • Ең үлкен үш таңбалы сан (999)




  • Ең кіші төрт таңбалы сан (1000)




  • Ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)




  • 100 жылдың басқа атауы. ( Ғасыр)



  • Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын бес таңбалы қанша сан бар? (20000, 110000, 10100,10010,10001)




  • 3-ке, 37-ге бөлінетін бірдей үш цифрмен жазылатын үш таңбалы қандай сан? (111)




  • Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

(Азайтынды)

  • Сағаттың минуттық және сағаттық тіл сызықтары тәулік басында неше рет беттеседі? ( 22)




  • Бірден отызға дейінгі қатарда 7 цифрі неше рет кездеседі? ( 3)




  • Ондығы бірлігінен 4 есе артық болатын екі таңбалы сан. ( 82, 41)




  • Қосындысы 10-ға тең, бөліндісі 4-ке тең болатын сандарды тап. ( 8, 2)




  • Тік төртбұрыштың қабырғалары 5 см және 9 см болса, онда оның периметрі қанша? ( 28см)




  • 7 бірлік • 9 = ? ( 63)




( 2жүзд, 5 ондық, 8 бірлік)

  • 618 : 6 = ? (103)

  • 7 жүздік : 7 = ? (100)




  • 1 жүздік • 5 = ? (500)




  • 4 онд 8 бірлік : 6 бірлік =? ( 8 )




  • Бөлу мен көбейтудің амалын тез, қатесіз орындау үшін нені білу керек ? ( Ж: Дұрыс көбейту мен бөлу кестесін жақсы білу керек)




  • 5 - 2 • 2 =? ( 1)




  • 2 + 3 •3 = ? (11)




  • Тең қабырғалы үшбұрыштың бүйірі 4 см-ге тең болса, периметрі неге тең? ( Р= 12см)




  • Теңдік сол жағындағы теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қой. 3 3 3 3 3 3 = 1000

(Ж: 333•3+3:3=1000)


  • Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасында теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой.

4 4 4 4 4 4 4 4 = 500

(Ж: 444 + 44 +4 + 4 +4 = 500)




  • 92* жұлдызшаның орнына қандай цифрларды қойғанда шыққан сан 8-ге және 5-ке бөлінеді?

( Ж: 920 Өйткені 5-ке соңы 5 немесе 0-мен аяқталатын сандар бөлінсе, 8-ге жұп сандар бөлінеді)


  • 2*5, 46*, *14 жазуларындағы жұлдызшалардың орнына қандай цифрлар қойғанда шыққан сандар

3-ке бөлінеді?

( Ж: Берілген сандардың қосындысы 3-ке бөлінсе, сол сандар 3-ке бөлінеді) 225 (2+2+5=9:3)




  • Қай кезде бөлінгіш пен бөлінді өзара тең болады?

( 1-ге тең болса немесе бөлінгіш 0-ге тең болса)


  • 17-ні 21-ге көбейтудің қандай тәсілі бар?

(Ж: 17•2=34, оған 0-ді оң жағына тіркеп жазып, 340-қа 17-ні қосамыз, сонда нәтиже 357 болады)


  • Сынып оқушылары екі-екіден жұптасып сап түзеп келеді. Оқушылардың бірі алдына қарап 9 жұп санады. Артына қарап 5 жұп санады. Сапта барлығы қанша оқушы бар?

(Ж: 9 • 2 =18 алдында 5 • 2 =10 ортасында 1• 2 =2 өзі Барлығы 30 оқушы )


  • Санның оң жағына 6-ны тіркеп жазғанда ол 13 есе артты. Ол қандай сан ? *6: 13

(13 • 2 =26 )


  • Дінмұхаммед мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, онда қанша рет 9 санын жазу керек? ( 20 )




  • Бірдей 5 цифр арқылы 100 жаз.

( Ж: 5• 5• 5 - 5 • 5 =100)


  • Егер А мен В натурал сандарының көбейтіндісі 36 болса, онда олардың қосындысы ең үлкен болатын мәнін табыңдар? ( 13)




  • Теңдік сол жағындағы теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қой. 3 3 3 3 3 3 = 90

( Ж: 3• 3• 3 • 3 + 3• 3 = 90, 33• 3- 3 -3 • 3 = 90)


  • Жүздің жартысын екіге бөлгенде неше болады? (25)




  • Қандай екі санды бір-біріне көбейткенде олардың нәтижесі осы екі санның қосындысымен тең болады? ( 2+2=4 2•2=4 )




  • Қандай үш санды бір-біріне көбейткенде олардың нәтижесі осы үш санның қосындысымен тең болады? ( 1+2+3 = 6 1• 2 •3=6)




  • Ең ұзақ ай? ( Желтоқсан )




  • Цифр тұрған орынды қалай атаймыз? ( Разряд)




  • 246,462,642. Бірде ( 2,4,6 ) сандардан тұрса да, олар неге әр түрлі? ( Цифр тұрған орындағы разрядтарға байланысты)




  • Периметрді қандай әріптермен белгілейміз? ( Р)




  • Ауданды қандай әріптермен белгілейміз? ( S )




  • Көлемді қандай әріппен белгілейміз? ( V )

  • Бес қойда неше аяқ бар? ( 20 )




  • Кесіндінің ұзындығын өлшейтін құрал қалай аталады? ( Сызғыш)




  • Шаршының қабырғасы 7 см. Периметрі нешеге тең?

( 28см )


  • Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Бұл қандай сандар?

( 3 пен 5)

  • 1 км неше метр бар? ( 1000м )




  • 1т неше килограмм бар? ( 1000кг)




  • 1 тәулікте неше сағат бар? ( 24 сағ)




  • Миллионда неше ноль бар? ( 6 )




  • Жылдың неше айында 28 күн бар? ( Барлық)




  • Кубтың неше жағы, неше төбесі бар? (6 жағы,

8 төбесі бар)


  • 12 сағат 50 минут қанша минутқа тең? ( 770)




  • Бір ғасырдың оннан бір бөлігі қанша? ( 10)




  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

( Көбейткіштердің орнын ауыстырғанымен

көбейтіндінің мәні өзгермейді)

  • 50 санын 103-тен азайтқанда қаншаға тең? (53)




  • Цифрларының қосындысы 4 есе артық және цифрларының көбейтіндісінен 2 есе артық болатын екі таңбалы санды тап. ( 36)




  • Шығыс көшпенділері ерекше құрмет тұтқан геометриялық фигура. ( Шеңбер)




  • Геометриялық фигуралардың ішіндегі ең үйлесімдісі.

(Шеңбер)





  • Елорданың визитті карточкасы. ( Дөңгелек алаң)




  • 80 мен 20-ның қосындысын 3 есе арттыр. ( 300)




  • 0 мен 280-нің қосындысын 4 есе кеміт. ( 70)




  • 1000 мен 0-дің айырмасын 50 есе кеміт. ( 20)




  • Сабинаның 20 тауығы және одан 2-уі артық үйрегі бар. Сабинаның неше үйрегі бар? ( 22)




  • Ұлжан 16 үйрек балапанын және одан 2 есе аз қаз балапанын өсірді. Ұлжан қанша қаз балапанын өсірді? ( 8 )




  • 100-ді 10 есе арттыр да оны 1000 бөл. ( 1)

  • Дүкенге 180кг тауық еті және 90 кг қаз еті түсті. Тауық еті қаз етінен қанша артық? ( 90 кг)




  • Бір бөшкеде 90 литр, ал екіншісінде 30 литр сүт бар. Екі бөшкеде барлығы қанша литр сүт бар?

( 120 л )

  • Бір бумада 32 м мата қиылып алынғаннан кейін, онда әлі 49 м мата қалды. Бастапқыда бума мата қанша метр болды? ( 81 м )




  • Назерке әр қайсысы 2 кг 3 дорба ұн сатып алды. Ол барлығы неше кг ұн сатып алды? ( 6 кг )




  • 50 кг картоп және 25 кг сәбіздің 30 кг тамаққа пайдаланды. Неше кг көкөніс қалды? ( 45кг)




  • Бір себетте 27 кг шие, ал екінші себетте одан 13 кг артық шие бар. Екінші себетте неше килограмм шие бар? (40кг)




  • Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек. ( 9)




  • Екі санның арифметикалық ортасы 23, ал олардың айырмасының жартысы 5, үлкен санды тап.

( 28,18 )

  • Қарындаштың бірінші қорабында 12 қарындаш бар, ал егер оған тағы 8 қарындаш салса, екінші қораптағы қарындаштар саны бірдей болады. Алғашқыда екінші қорапта неше қарындаш болған?

( 20)

  • Қарақат 1 айдың ішінде 4 көркем әдебиет оқыды. Сонда Қарақат апта сайын неше кітап оқыды?

(Апта сайын 1 көркем әдебиет оқыған)


  • Ұста 32 г темір жұмсап, 4 шеге жасады. 400 г темірден осындай неше шеге жасауға болады?

( 32:4 =8г 400:8 =50 )


  • Екі таңбалы санның цифрларының орнын ауыстырса, берілген сан 27-ге артады. Цифрлардың айырмасын тап. (Ж: 3 Берілген екі таңбалы сан 47-нің орнын ауыстырсаң 74 болады. 74 саны 47-нің 27-ге артқанын көрсетеді)




  • Ең үлкен цифрлары әр түрлі үш таңбалы санды бөлетін санды табыңыз. (Ж: 3 Ең үлкен цифрлары әр түрлі үш таңбалы сан 987 санының қосындысы 9+8+7=24 24 бөлетін сан 3)




  • 12-ге бөлінетін екі таңбалы сандардың ең үлкені мен кішісінің айырмасын табыңыз. ( Ж: 84 Ең үлкені 96, ең кішісі 12 болса, онда 96-12 =84 )




  • Цифрлары әр түрлі ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандардың айырмасын тап.

( Ж: 987-102=885 )


  • Дүкенге 15л және 19л бидондармен 215 л сүт әкелінді. Барлығы неше литр сүт әкелінді? (Ж: 15л•8+19•5=215 120+95=215 8+3=11 бидон)




  • 640 санның сегіздіктер қосындысына бөлінетін 20-ға тең бөлу үшін 8 санының неше рет қосылғыш ретінде алу керек? ( Ж: 640:20=32 32:8=4 )




  • Әкесі баласынан 4 есе үлкен. 20 жылдан кейін ол баласынан 2 есе үлкен болады. Сонда әкесі мен баласының жастары қазір қаншада? ( Ж: Әкесі 40-та, баласы 10-да)




  • Мектепте бірдей бағамен сатып алынған қазақ батырларының 6 портреті және қазақ билерінің 4 портреті ілінді. Оларға барлығы 1960 теңге төленді. 4 портрет неше теңге тұрады? (Ж: 6+ 4 =10 1960 : 10=196 196 • 4=784 теңге )




  • Алихан үйлері 1-ден 34-ке дейін номірленген қысқа көшеде тұрады. Осы үйлердің номірлерінде 3 саны неше рет келеді? ( 4 )




  • Амина бір сан ойлады. Ол сол санға 5-ті қосты, кейін 3-ке бөліп, 4-ке көбейтіп, 6-ға азайтты да 7-ге бөлді. Нәтижесінде 2 саны шықты. Бастапқыда Амина қандай сан ойлады? ( 10 )




  • Сабина бір сан ойлады. Ол сол санды 7-ге азайтты, кейін 10 есе кеміткенде, бастапқы саннан 34-ке кем сан шықты. Бастапқыда Сабина қандай сан ойлады? ( 37 )




  • 120 мен 30-дың қосындысын 4 есе арттыр. ( 600)




  • Дінмұхаммед бір сан ойлады. Ол сол санды алдымен 52-ге көбейтіп, нәтижесін 5 есе кеміткенде өзінен 1974-ке көп болатын бастапқы санды тап деді. Ол қандай сан? ( 210 )




  • Ұлжан екі санның қосындысын 180, сол санның үлкенін кішісіне бөлгенде 5 шығады деді. Ол қандай сандар? ( 150 мен 30 )




  • Бір айда үш жексенбі күні жұп сандарға келді. Сол айда 20 саны аптаның қай күніне келеді? ( Бейсенбі)




  • Үш қораптың ішіне екі – екіден 6 гирь (1г,2г,3г,4г,5г,6г) салынған. Бірінші қораптағы гирлердің барлық салмағы – 9г, ал екінші қораптағы гирлердің барлық салмағы – 8г. Үшінші қорапта қандай гирлер жатыр? ( Ж: Бірінші қорапта 5 г және 4г, екінші қорапта 6г және 2г, үшінші қорапта 3г және 1г




  • Екі қорапта 30 дәптер бар. Егер бірінші қораптан 2 дәптерді алып, екінші қорапқа салғанда, бірінші қораптағы дәптер саны екінші қораптағы дәптер санынан екі есе кем болады. Әр қорапта неше дәптер болған? (Ж: 30 : 3 = 10 10 – 2 = 8 10 * 2= 20 20 + 2= 22 )




  • Кеше Омардың туылған күні болды. Ертең бейсенбі болады. Омардың туылған күні қай күні болды.

(Сейсенбі )

  • Басты көшенің бір жағындағы барлық үйлер 1-ден 19-ға дейінгі тақ сандармен, ал қарсы жағындағы барлық үйлер 2-ден 14-ке дейінгі жұп сандармен орналасқан. Бұл көшеде барлығы неше үй бар? ( 15 )



  • Түрлі – түсті бір- бір қораптан қалам алу үшін Каусардың 70 теңгесі Мөлдірдің 20 теңгесі жетпейді. Олар екеуі теңгелерін қосып еді ақшалары бір қорап қаламға да жетпеді. Сонда бір қорап қалам неше теңге тұрады? ( Бір қорап қалам 80тг тұрады)




  • Бірдей цифрлармен жазылатын сан шығу үшін 142 857-ні нолге тең емес қандай санға көбейту керек? ( 142 857 • 7 = 999 999)



  • Кодталған құлыптағы комбинацияны шеш, мұндағы:

  • үшінші цифр біріншіге қарағанда 3-ке артық,

  • екінші цифр төртіншіге қарағанда екіге артық,

  • барлық цифрларды қосқанда 17 шығады,

  • еінші цифр 3

Құлыптың коды неше? ( 5381)

  • Табақты таразыда массасы 47 г кесек мырышты мынадай бес гір тас жиынтығы көмегімен қалай теңестіруге болады: 1г, 3г, 9г, 27г,81г ?

(Ж: Таразының бір табақшасында 47г кесек мырыш және де 1г, 9г, 27г гір тастар. Таразының екінші табақшасында 3г, 81г гір тастар.)


  • Электрондық сағаттың таблосы 17:13 көрсетіп тұр. Келесі жолы сағат пен минуттың қосындысының мәні осындай болғанда электрондық сағат қандай уақытты көрсетеді? ( 18: 12)




  • Тура теңдік шығу үшін А және Б әріптерінің орнына қандай цифрларды қою керек?

АБ •А •Б =БББ

( Ж: А = 3, Б = 7



БББ = Б • 111= Б • 3 • 37 = 37 • 3 • Б )


  • Екі апалы – сіңлілердің жастарын қосса, 36 жас шығады. Егер біреуінің жасының ½-і екіншісінің жасының ¼-іне тең болса, әр қайсысы неше жаста?

( 12 жаста, 24 жаста )


  • Сыныпта 28 бала бар. Олардың 15-і ән айтуды, ал 12-сі би билеуді үйренетін үйірмеге барады және 5-еуі екі үйірмеге де қатысады. Осы сыныптағы неше оқушы ешқандай үйірмеге қатыспайды?

( Ж: 15+12=27 27-5=22 28-22= 6 бала

ештеңеге қатыспайды)


  • Пойыз вагонның терезесінен қарап отырған жолаушы телеграф бағандарын санай бастады. Ол 10 баған санады. Егер бағандардың бір – бірінен арақашықтығы 50 м болса, осы уақыт ішінде пойыз қандай қашықтықты жүріп өтті?

( 50 • 9 =450м )



  • Ауданы 12 см², периметрі 26см тік төртбұрыш сыз.

(Ж:Тік төртбұрыштың қабырғалары12см және 1см)


  • Егер шаршының қабырғасын 2 есе арттырса, оның ауданы неше есеге артады. ( 4 есе )




  • Төртінші разрядтың төрт бірлігінен құралатын сан, бірінші разрядтың төрт бірлігінен құралатын саннан неше есе артық? ( 4000: 4 = 1000 есе )




  • Хоккей командасы үш кездесу өткізгенде қарсыласының қақпасына 3 шайба енгізді және өз қақпасына 1 шайба жіберіп алды. Кездесудің біреуінде ол ұтты, екіншісінде тең ойнады, ал үшіншісінде ұтылды. Әр кездесу қандай есеппен аяқталды?

( Ж: Ұтылған кездесудегі есеп 0 : 1 ,

тең аяқталған кездесудегі есеп 0 : 0 ,

ал ұтқан кездесудегі есеп 3 : 0 .


  • Екі санның қосындысының мәні 715-ке тең. Сандардың біреуі нөлмен аяқталады. Егер осы нөлді бастыра сызса, онда екінші сан шығады. Осы сандарды тап. ( 650+65=715)




  • 1 сағат 25 минут қалып қойып, 1 сағат 50 минут уақытты көрсетіп тұр. Егер екінші сағат 15 минут алға озып кеткен болса, қай уақытты көрсетеді?

( Ж: 1 сағ 50 мин +25 мин =2 сағ 15 мин

2 сағ 15 мин +15 мин = 2 сағ 30 мин )


  • Барлық цифрлары әр түрлі ең үлкен алты таңбалы санды жаз. ( 987 654 )




  • Теңдік тура болатындай етіп жақшалар қой:

15 – 35 + 5 : 4 = 5

( Ж: 15 – (35 + 5) : 4 = 5 )




  • Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Олардың әрқайсысы бір – бірімен бір партиядан ойнады. Олар барлығы неше партия ойнады?

( Ж: 6 • 7 = 42 )


  • Тік төртбұрыштың ауданы 91см² . Оның бір қабырғасының ұзындығы 13 см. Тік төртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы неге тең? ( 40 см)




  • Егер Рамазан Жүнісбекке 300 тг берсе, олардың ақшалары теңеседі. Жүнісбектің ақшасына қарағанда Рамазанның ақшасы қанша артық?

( 600 тг артық)


  • Аулада тауықтар және ешкілер жүр, бірге есептегенде олардың барлығы 44 аяқ және 14 бас болды. Аулада неше тауық неше ешкі жүр?

( 8 ешкі және 6 тауық)


  • Қайсысы артық: 20-ның жартысының жартысы ма, әлде 80-нің ширегінің ширегі ме?

( тең болады)


  • Диана үйінен мектепке дейін 12 минутта жетеді, ал оның бауыры Қарақат 8 минутта мектепке дейін жүгіріп барып және кері қайтып келеді. Қарақаттың жылдамдығы Дианаға қарағанда қанша есе артық?

( 3 есе артық )


  • Пойыз сағат 20. 00 –де жүріп кетті. Мерей пойыз жүрерден жарты сағат бұрын вокзалға жетпекші болды. Егер ол трамвайға дейін 20 минут, трамваймен 15 минут және трамвайдан вокзалға 5 минут жүретін болса, үйден қай уақытта шыққаны дұрыс ? ( Ж: 18 сағ 50 минутта )




  • Екі залда 50 орындық бар. Залдардың бірінен 10 орындық алып шыққанда, екі залдағы орындықтар саны теңесті. Бастапқыда әр залда неше орындық болған еді?

(Ж: 1залда – 30 орындық, 2 залда 20-орындық)


  • Қосындының мәнін тап: 1+2+3+4+....+98+99+100

(Ж: 5050)


  • Үш таңбалы санның сол жағына 1 цифры жазылды. Сан қаншаға артты?

( Ж: 1000-ға )


  • Минуттың төрттен бір бөлігі неше секундқа тең?

( Ж: 15 )



  • Лимон салынған жәшіктің массасы 29 кг. Барлық лимонның жартысы сатылғаннан кейін жәшік таразыға қойылды. Таразы 15 кг көрсетті. Бос жәшіктің массасын тап.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...