Кәсіпорын пайдалылығы жоспар кіріспе Негізгі бөлім Пайдалылық және оны арттыру жолдары

Loading...


Дата25.03.2020
өлшемі200.5 Kb.
Кәсіпорын пайдалылығы
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Пайдалылық және оны арттыру жолдары

1.1. Кәсіпорынның қызметінің пайдалылығы

1.2. Кәсіпорын пайдалылығы арттырудың негізгі жолдары

2. . Кәсіпорын пайдалылығы есептеу және қаржылық талдау

2.1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы.

2.2. Пайда - кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы.

2.3. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы.

2.4. Пайдалылықты есептеу

2.5.Қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Мазмұны


КІРІСПЕ

Бизнестің кез – келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым – қатынасын тәуелді екені белгілі.Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз.Шығындар жөнінде басқаша – оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне ,өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көріп тұрғандай , оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.

Өндірістік , инвестициялық және қаржылық іс- әрекеттер түрінде байқалады.

Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект өз алдына дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шарушылықпен айналысатын субъект өз алдын дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады.Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда , тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауарды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс – әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды анықтайды.Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектісінің басты мақсаты: нарық жағдайында табу болып саналады. Бұл мақсат қоғам қажеттілігін өзінің тұтыну қажеті бойынша қамтамасыз ететін тауарды шығарғанда ғана іске асыруға болады.Қоғамға теңгелік балама қажет емес, оған нақты тауарлы- материалдық құндылықтар қажет. Егер өндірілген өнім өткен болса, онда оны қоғам қабылдады деген сөз.Өндірілген және өткен тауар үшін алынған табыс пайданың табылғандығын көрсетеді.Қаржылық нәтижені анықтау үшін тауарды сатқанан түскен табысты өндіріске және сатуға кеткене шығындардан көп болса, онда қаржылық нәтижесі пайда алынғанын көрсетеді.Егер табыс пен шығындар тең болса,онда пайданың болғаны, соның себебінен шаруашылық субъект залал шекеннін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін.



Курстық жұмыстың мақсаты нарық қатынаста шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарлы нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден –бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа, сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.

Қазіргі жағдайда пайданы көбейтудің бірден – бір көзі болып иновациялық іс – әрекет жатады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің, жұмыстың және қызметтің тұтыну қасетін тұрақты дамытып отыру керек.


Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді.Ол қайта жаңғырту цикілінің барлық сатысында өндіріледі, алайда өзінің ереукше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.

Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.

Ішкі ортаға факторлар көбінесе белгілі және оларды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасалынады.Ішкі факторларға шаруашылықты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбек ақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.

Курстық жұмыстың озектілігі пайда қаржылық іс – әрекет нәтижесі түрінде белгілі бір функцияларды орындайды.Пайда щаруащылық субъектісінің іс- әрекеті арқасында алынған экономикалық нәтижені көрсетеді.Ол шаруашылық субъектісінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып саналады. Осыдан барып, қайта жаңғырту , ынталандыру және бөлу функциялары туындайды. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсіпорынның қаржылық сәттілігін сипаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайырым деңгейі сипатталады.

1. Пайдалылық және оны арттыру жолдары
1.1.Кәсіпорынның қызметінің пайдалылығы.

Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар :



  • Кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы ;

  • Кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстар мен салыстырылады. Пайданы шығындары мен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығына пайдалылық мөлшерін білдіреді.

Практикада пайдалылық мөлшері өлшеу екі нұсқа пайдаланады. Бұл пайданың ағындығы шығындар мен қатынасы немесе аванстық жұмсау. Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:


П м = Ө (Б – Қ)

Н қ + Ақ


Мұнда : Ө – өнім көлемі ;

Б – өнім өлшемінің бағасы;

Қ - өзіндік құн;

Н қ- негізгі өндірістік қорлардың құны;

А қ - айналмалы қаражаттың көлемі ;

Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.



  1. Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; Баланстық пайда жөнінде – өнімді сатудан алынған түсім ; Таза пайда жөнінде – өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінде түсінік береді.

  2. Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдықорташа құнына қатынасы.Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.

  3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептеледі. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың балансы арқылы есептелінетінін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.

Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі :



  • Басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;

  • Құнды қағаздардан түскен табыстар;

  • Алынған айыппұлдан асып түсу , өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әртүрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгенінің ғана емес , оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің былай қойылуы мынаны аңғартады: Шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп , кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге , өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек. Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып , пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса , онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден , негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.

Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты - еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқада біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарлары көтеріңкі бағамен сата алады.


1.2. Кәсіпорын пайдалылығы арттырудың негізгі жолдары

Еліміз нарық экономикасының орнауы әртүрлі тауарлар мен қызметкерді өндіру, сату және тұтыну процестерін реттейтін механизмдердің пайда болып, дамуына жағдай жасайды. Экономикалық іс – әрекеттің төлем қабілеті сұранысы мен талаптарына сай келетін, өндірістің оңтайлы инфрақұрылымын құру, ұлттық нарық пен өзгеріп отыратын нарық жағдайларына байланысты тауар өндіріп, қызмет атқаратын кәсіпорындар мен экономика секторларының жағдайлары нарықтың тұтыну құрылымына, оның бағытынағ оны бағдарлау мүмкіншіліктеріне байланысты.

Республиканың « Мемлекеттік өнеркәсіп саясатының 1999 – 2003 жфлдар аралығындағы негізгі бағыттарына» сәйкес, өнеркәсіптік саясат өндірістің тиімділігін арттыруға жолында мақсатқа жетуде, жаңа жұмыс орындарын ашуға тауар нарықтарында ұлттық өнеркәсіптің үлесін арттыруға бағытталған.

Қазірзі Қазақстан экономикасының бір қалыпсыз дамуы, өндіру , сату көлемдерінің ауытқуы, өндіріс қарқынының төмендеуі жағдайында, кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы мынадай тактикаларды кездестіруге болады:



Қорғаныс тактикасы – оеративтік қорғану шараларын жүргізуге бағытталған, негізгі нышаны – өндіріс пен сатуға негізгі қорлар мен персонал ұстауға кеткен шығындарын азайтуға, сонымен бірге ішкі резератерді анықтау, кадрлар ауымтыруды жүргізу , тәртіпті нығайту, кемшілктерді жою және т.б. шаралар. Бұл тактика бүкіл экономикалық жүйенің бір қалыпсыз даму жағдайында, көптеген кәсіпорындарға тән. Бірақ сонымен бірге бұл тактика, өйткені қорғаныс тактикасын жаппай қолдану ұлттық экономиканы кризиске ұшырытуы мүмкін, себебі көп жағдайларда кризистік ситуацияллардың себептері кәспіорыннан тыс болады.

Ал басып алу тактикасы тиімдірек саналады. Мұнда стратегиялық шаралар жүргізіледі – маркетингтік зерттеулер сатудың жаңанарықтарын табу, жоғарырақ баға қою , модернизациялау арқылы өндірістің дамыту шығындарын көбейту, негізгі қорларда жаңарту жаңа технологияларды енгізу.

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болып ғылыми – техникалық прогресс саналады. ҒТП – ның бағыттары:


  • жаңа прогресивті – мембрандық, плазмалық, лазерлік, жоғары қысымды технологияларды кеңінен игеру;

  • өндірісті автоматтандыру – робот техникасын, роторлық , роторлы – конвейерлі линияларды, актоматтандырылған жүйелері қолдану;

  • металл өнімдерінің, пластмассаның, мателл ұнтақтарының, керамиканың және басқа да прогрессивті конструкциялық материалдардың жаңа түрлерін шығарып, қолдану.

Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың келесі бір факторы – үнемдеу режимі, яғни материал, шикізат отын, энергия ресурсатыр, еңбек қаржы ресурстарын үнемді қолдану, жоғары тиімді аз қалдықсыз технологиялық процестерді қолдану.

Сонымен қатар, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын факторларға –



  • өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;

  • экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық саясат;

  • ұйымның – экономикалық факторлар;

  • басқару;

  • өндірістік әлеуметтік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту;

  • өнімнің сапасын арттыру және т.б. жатады.

.

2. . Кәсіпорын пайдалылығы есептеу және қаржылық талдау
2.1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы.
Табыс – төтенше таралған , кең түрде қабылданатын, сонымен қата түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез – келген ақша қаражатының сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез – келген ақша қаражатының түсімі немесематериалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте ( ұлттық табыс), кәсіпорындар (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табысы ) болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен , мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі.Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айтуға болады :


  • Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

  • Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өні7 өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)

ОТ= ЖТ/К.

  • Шекті табыс (ШТ) – бұл өнім өлшемінің сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі.

ШТ= ЖТ/К.

Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайтуға мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.


Кәсіпорынның онымен қамтамасыз етуілуі логистиканың компоненті ретінде өндірістік менеджменттің жүйесін қамтамасыз ете отырып, дайын өнім өндіруде жүйеге енуде сапасын анықтайды.
Материалдық – техникалық ресурстар құрамына: шикізаттар, материалдар, комплектеуші бұйымдар, сатып алынатын технологиялық құрал – жабдықтар және технологиялық (кесуші немесе есептеуші құрал), жаңа көлік құралдары, жүк тиеу мен жүк түсіру жабдықтары, есептеуші техника және басқа жабдықтар, сонымен қатар сатып алынатын жанар – жағар май, энергия, су т.б. Басқа сөздермен айтқанда кәсіпорынға заттай немесе энергиялық түрде түсіндіретін барлығы өндіріс материалдық – техникалық қамтамасыз ету элементтері жатады.
Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз етудің мақсаттары:
- кәсіпорын бөлімшелерін қажетті сапа және көлемде ресурс түрлерімен қамтамасыз ету;
- ресурстардың тиімді пайдалану өндірісті еңбекті жақсарту, қор қайырымдылығы, өнімді өндірудің ұзақтық циклын қысқарту, айналым қорларының айналымдылығын азайту, қайталама ресурстарды толық пайдалану, инвестицияның тиімділігін арттыру;
- өндірістің ұйымдастыру техникалық деңгейінің анализі және шығарылатын өнімнің сапасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Материалды – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымы мынадай блоктардан тұрады:

- ресурстарды жеткізу маркетингі;

- өндірісті ресурспен қамтамсыз етуді нормалау және жоспарлау;
- запастарды басқару;

- жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасызету;

- ресурстарды тиімді пайдалануды басқару;

Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз етудің нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына, ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасына және басқа да факторларымен анықталады. Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін ескеру қажет. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және басқаларды белгілеп алу керек.
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі тағайындалған өндірісті энергияның барлық түрімен қауіпсіздік техникасын қолдана отырып үзіліссіз жабдықтау, энергия ресурстарының сапалық және үнемдеу талаптарын орындау.

Энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, жылылық және қаттылық, сұйық және газ түрінде, химиялық энергия буы энергиясы және жылы су, механикалық энергия.

Транспорттық шаруашылық кәсіпорынның материалдық ағыммен байланыстырушы негізі болып табылады. Транспорттық қызмет көрсетудің сапасы кәсіпорынның қалыптылық тиімділігін көрсетеді. Транспорттық операциялар өндірістік операцияның маңызы құрамдық бөлігі болып табылады. Жүк тасымалдауда жүк айналымын қысқартады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, еңбектің өнімділігін арттыруға әкеледі.
2.2. Пайда - кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы.

Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез – келген коммерциялық мекемелер қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру.

Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда , пайда – өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез – келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігін ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда , пайда құрайтыны осыдан келіп шығады .Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да , сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп , ешқандай пайда келтірмесе , кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не ?

Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты ? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып оның сапасын жақсартып , ассортиментін кеңейтсе , егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек , бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз. Пайда байланыстық және есептеулік болып бөлінеді.

Жалпы байланыстық пайда мынадан құралады :



  • Тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;

  • Тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түсек пайда немесе зиян;

  • Сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік пайда- бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.

Пайда жоспары бағалар мен келісім шарттар, тырмалы және қазыргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістермен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау – өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

Пайда белгілері бір нысандарды орындайды.

Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды. Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.

Үшіншіден, пайда бюджетінің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқада табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

Нарық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмытылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.

Кәсіпорынның пайдасы әртүрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізі жинақтық элементтері болатындар.


  • Өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;

  • Негізгі қорларды сол сияқты басқада кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;

  • Өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.

Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы – сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңның әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

Кесте №1




Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі

Жалпы пайда =жалпы табыс - өндіріс шығындары

Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық шығындары

Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары

Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда – өндірістің анық шығындары

Таза пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер

Қалыпты пайда = капиталға нормативті қайтарым – кәсіпкерлік табыстың мөлшері

Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда

Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар

Кесте №2



Пайда

  • Өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады

  • Ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үйлестірудің оңайлығын сипаттайды

  • Инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру



2.3. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы.

Пайданы үйлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үйлестіруді пайданың бірі бөлінген бюджетке жолдау деп түсіндіруге болады. Пайданы үйлестіру заңдылығы – салық және басқада төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау , кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзыретіне жатады.

Пайданы үлестірудің принциптері :


  • Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорының арасында бөлінеді ;

  • Мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес.Салықтың құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді.

  • Салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;

  • Кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Кәсіпорынның қарауында қалған барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі – тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталатын барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.

Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және оны өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықталған, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді. Кәсіпорында пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.


2.4. Пайдалылықты есептеу
Кәсіпорын іс - әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі пайдалылық болып саналады. Пайдалылық бұл – өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіші. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың еңбегі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Кәсіпорындарда табыстылық деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келесілер жатады:

  • Өндірілген өнім көлемінің өсуі;

  • Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;

  • Өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уақытының қысқаруы;

  • Пайда көлемінің өсуі;

  • Қорлардың дұрыс пайдалануы;

  • Құрал – жабдықтарға , ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі;

  • Материалдық ресурстардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерін дұрыс анықтау және оны тиянақты ұстап тұру;

  • Жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру;

  • Еңбек ресурстары мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану;

Сынау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын табыстылығы Тбөнд және өнім табыстылығы Тбөндболып екіге бөлінеді.Бірінші көрсеткіш пайданың П өндірістік негізгі қорлар НҚ мен айналым қаражаттарының АҚ орташа жылдық құнына қатынасын білдіреді:

Тбөнд= П×100/(НҚ + АҚ ), %

Екінші көрсеткіш пайданың П өнімнің өзіндік құнына ӨҚ қатынасын көрсетеді:

Тбөнд= П×100/ӨҚ , %

Табыстылықты анықтайтын әдістер көрсетіп отырғандай, табыстылықтың деңгейі және оның өзгеруі өндіріс өнімдерінің бағасына тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. Сондықтан бағаны қалыптастыратын жүйенің шынайы болғаны көп жағдайда табыстылықтың деңгейін дәлелді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның өзгеруі өнімнің бағасына байланысты болады. Сөйтіп , табыстылықты анықтау және жоспарлау әдістерінің дәлелдігі баға қалыптастыру жүйесімен тығыз қарым – қатынаста болады. Пайда көлемі , сонымен қатар, табыстылық деңгейі де ең алдымен өнімнің бағасы мен өзіндік құнның өзгеруіне байланысты.

Өндіріс табыстылығының түсінігінде көбінесе өнім дайындау үдерісінде қалыптасқан жинақтау осы кәсіпорынға алғашқы бөлеген өндірістік қормен салыстырылады. Өндіріс табыстылығы кәсіпорын қарамағындағы болатын мүліктердің тиімді пайдалануын көрсететін өлшеуіш болып табылады.

Табыстылықтың экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғимарат, құрылыс, құрал – жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады.

Өндіріс табыстылығын жоғарылату үшін әртүрлі қаражаттар қолданылады. Өндіріс табыстылығының өсуінің бірден бір басты көзі ретінде кәсіпорын тапқан пайданың көлемі болып табылады. Өткізілген өнімнің әр түріне келетін пайданы сақтай отырып, алынған пайданың жалпы сомасын көбейту арқылы бұл өсу өндіріс шығынын азайтуы, өндірілген өнімнің құрылымының өзгеруі, осыған байланысты өндіріс ауқымы өзгеруі арқылы қол жеткізіледі.

Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады. Алайда пайданың көлеміне әсер ететін басқа да бірнеше факторлар бар, олар : өнім бағасының өзгеруі, өткізілмеген өнімнің қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс құрылымы және т.б.

Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс, сондай – ақ тауарлы – материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардың және көрсетуден қызметтерден алынады; Олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасына немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып , олардың (мәміленің ) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан кеін түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде қана табыс деп саналады; Табыс сомасын жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарапта мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; Мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, ол әдетте өнім берілген кезден басталады, ал егер стаушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс болыпта танылмайды;Мәміле бойынша күтілетін шығын бойынша мүмкіншілігіне қарай ең төмен деңгейдегі бағалауды қажет етеді.

Көрсеткен қызметтен және орындалаған жұмыстан алынған табыстар , мына жағдайларды қоспағанда тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:


  • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықталса;

  • мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығындары да , мәмілені аяқтау үшін қажет шығындары да жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Егер ол мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы және оның тәсіліне, күтілетін өтіліміне әрбір тараптың ықпалында қатысты мәселелер бойынша ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізе алатын болса, онда субъект барынша жоғары дәлдік деңгейде табысын анықтай алады. Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірі пайдаланады:

  • белгілі бір күнде жалпы мәміле бойынша жасалған төлемдердің пайыздық қатынасы;

  • белгілі бір күнде жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;

  • орындалған жұмысты талдау .

Алдын – ала төленген төлемдер , яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.

Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде жоғары деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда табыс жұмсалған шығын мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығынның орнын жабады.



Жылдық жиынтық табысқа келесілер кіреді:

  1. Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) сатудан түскен табыс.

  2. Үйлерді , ғимараттарды, құрылыстарды, сондай – ақ амортизацияға жатпайтын активтерді сатқандағы бағаның өсуіне түскен табыс.

  3. Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табыс .

  4. Күмәнді міндеттемелердің орындалмауына байланысты түскен табыс.

  5. Мүлікті жалға беруден түскен табыс.

  6. Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасалған провизиялардың мөлшерін азайтудан түскен табыстар.

  7. Қарызды талап етуді басқа біреуге тапсырудан түскен табыс.

  8. Кәсіпкерлік іс – әрекетті шектеу немесе тоқтатуға келіскеннен түскен табыс.

  9. Ішкі топтағы құндық тілдестігіндегі бағада істен шыққан активтердің бағасына жоғары болуынан түскен табыс.

  10. Кен орындарын игергенде пайда болған зардаптарды жою үшін кеткен нақты шығындар сомасынан оны жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар.

  11. Орта меншікті бөлгендегі табыс.

  12. Бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсіппұлдар және жазалау шаралардың (санкциялардың) басқа да түрлері, егер бұрын осы сомалар шегеріліп тасталмаған болса.

  13. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтілімнен түскен табыс.

  14. Тегін алынған мүлік орындалған жұмыстар , көрсетілген қызметтер.

  15. Дивиденттер.

  16. Пайыздар түріндегі табыс.

  17. Он бағамдық айырмасының теріс бағымдық айырма сомасынан асып түсуі.

  18. Ұтыстар.

  19. Роялти.

  20. Табыстың әлеуметтік саладағы нысандарды пайдалануа кеткен шығындардан артық түсуі.

  21. Басқа да табыстар.

Нысаны табыс пен шығындарға шолу жасау.Қаржылық шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады.

  • Өнімді, жұмысты, қызметті сатудың түскен табыс.ҚКС акциялар және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегерілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;

  • Өнімнің,жұмыстың қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

  • Жалпы табыс – өнімді , жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

  • Кезең шығындары – өнімнің , жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығындар: жалпы және әкімшілік шығын, сату бойынша шығыны, пайыздарды төлеу бойынша шығындар;

  • Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) – жалпы табыс пен кезең шығындарының айырмасы;

  • Негізгі емес қызметтен түскен табыс – кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысты (негізгі капиталды, материалдық емес активтерді,құнда қағаздарды сатқаннан, жәрдемнен және т.б. түскен табыстар).

  • Салық салынғанға дейінгі негізгі қызметінен алынған табысы – негізгі және негізгі емес қызметтерін қосқаннан алынған табыс;

  • Табыс салағы бойынша шығын – 11 БЕС бойынша соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығыны;

  • Салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметінен алынған табысы (зияны ) – салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салағы бойынша шығынын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);

  • Төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) – есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың қалдық нәтижесі;

  • Таза табыс (зиян) – есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.

Тұрақтылықтың әрбір түрінің мазмұнын жеке-жеке 1- сурет бойынша қарастырайық:

- ішкі тұрақтылық - қызмет етудің жоғары нәтижелігін қамтамасыз ететін ұйым жағдайы, яғни өндіріс құрылымы мен қызмет көрсету жағдайы және олардың динамикасы немесе кәсіпорын қызметінің тұрықты жоғары табыстылығын қамтамасыз ететін ұйымның жалпы қаржылық жағдайы. Оған жету негізінде шаруашылық орта өзгерісінен белсенді әсер ету жатыр;

- сыртқы тұрақтылық - мемлекет шегінде сәйкесінше басқару жүйесімен жүзеге асырылатын, ұйым әрекет ететін экономикалық орта тұрақтылығын білдіреді;

- «мұраланған» тұрақтылық - кездейсоқтықтан және сыртқы жағымсыз, тұрақсыз факторлардың шұғыл өзгерісінен сақтап тұратын, бірнеше жылдар аралығында қалыптасқан ұйымның қаржылық тұрақтылығының белгілі бір қорларының болуының нәтижесі;

- жалпы тұрақтылық - инвестициялық жобалардың тиімділігін; материалдық-техникалық қамтамасыз етілу дәрежесін, өндіріс, еңбек, басқаруды ұйымдастыру деңгейін көрсетеді; пайда алуды қамтамасыз ететін және өндірісті тиімді дамытуға мүмкіндік беретін ақша ағымының қозғалысын болжайды;

сыртқы

ішкі


тұрақтылық




жалпы

қаржылық

«мұраланған»

1сурет - Кәсіпорынның тұрақтылығының түрлері

- қаржылық тұрақтылық - табыстың шығыстан тұрақты жоғарлауын және ұйымның ақша - қаражаттарын еркін қолданылуын қамтамасыз ететін, оларды тиімді қолдану арқылы өндіріс пен өткізу, кеңею мен жаңарудың үздіксіз үрдісіне мүмкіндік беретін ресурстардың жағдайын бейнелейді. Ол меншікті және қарыз капиталының қатынасын, ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызмет нәтижесінде меншікті капиталдың жинақталу қарқынын, ұйымның мобилді және мобилді қаражаттарының қатынасын, меншікті көздермен қорлардың жеткілікті қамтамасыз етілуін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады.

Қаржылық талдау келесілер ден тұрады:

- бастапқы талдау;

- қаржылық тұрақтылықты бағалау;

- теңдестіктің абсолютті өтімділігін талдау;

- қаржы коэффициентін талдау;

қаржылық нәтижелерді талдау;

- табыстылық пен іскерлік белсенділігінің коэффициенттерін талдау.

Кәсіпорынның іс - әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау мына бағыттарда жүргізіледі:

- пайда көрсеткіші динамикасын бағалау;

- пайданы бөлудің дәлелдігін талдау;

- пайданың өсу факторларын талдау;

- табыстылық пен іскерлік белсенділікті бағалау.
Кесте 1 – Табыстылық пен іскерлік белсенділіктің негізгі коэффициенттері

Коэффициент

атауы


Нормативтік мәні

Есептеу реті

Сипаттамасы

Автономия

0,5 –

тең артық



МК/А

Коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі артқандығын көрсетеді. Міндеттемелерді орындау кепілдігін арттырады.

Меншікті және айналмалы қаражаттарының арақатынасы

Ең көп

мәні


(МКҰН)/МАК

Коэффициенттің өсуі қарыздық капиталдың оларды жабатын меншікті көздерден артықтығын көрсетеді

Ептілігі




(МАК – А1)/МК

Коэффициент мәнінің жоғарлауы – кәсіпорынның жақсы қаржылық жағдайын көрсетеді

Запастар мен шығындарды меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілуі

1

(МАК – А1)/МК

Коэффициент мәні нормативтен төмен болуы кәсіпорынның қорлары мен қаржысының меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеуін білдіреді

Өтімділік

0,8-1

А3 / (П2-ҰН)

Кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айырысқан жағдайда болжамдық төлемдерін көрсетеді.

Абсолюттік өтімділік

Ең аз мәні 2

ӨЖА/ (П2-ҰН)

Кәсіпорынның жуық арада қандай қысқа мерзімді қарыздарын өтей алатындығын көрсетеді

Төлем қабілеттілік

Ең аз мәні 2 ІӨК>НӨК

Іс жүзінде (А23) / (П2-ҰН), нормативтік (А23-ҰН) / (П2-ҰН)

Кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айырысып, дайын өнімді табысты түрде сатылған жағдайымен қоса, қажет болса, өзге де айналмалы капитал элементтерінің сату кезіндегі төлем қабілетін сипаттайды

Өндірістік маңызы бар мүліктің нақты құны

Ең аз мәні 0,5

(НК+ӨЗ+АӨ)/А

Коэффициент кәсіпорынның өндірістік маңызы бар мүлік нақты құндық үлесін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді де сапалы энергиямен қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілерінің және қосалқы станцияларының жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторларды қамтиды:

- электр энергиясын өндіру;

- электр энергиясын беру;

- электр энергиясымен жабдықтау;

- электр энергиясын тұтыну;

- электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

Энергия объектілерінің, жекелеген энергия қондырғыларының құрылысы мен іске қосу жөніндегі қызметтер және электр энергетикасы нарығы субъектілері үшін мамандандырылған жөндеу қызметтерін көрсету қызметін құрылыс монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары жүзеге асырады.

Өндіру және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін жаңа тиімді энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологияларын енгізу проблемасын шешуімен ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу институттары айналысады.



Энергия өндіретін ұйымдар да, электр желілік компаниялар мен тұтынушылар да (Қазақстан Республикасында электр энергиясы мен қуаттың көтерме нарығына қатысушылар) Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының мүшелері болып табылады.

2.5. Қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру.

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорынның шаруашылық іс – әрекетін біршама мұқият әрі жүйелі түрде талдауды және оның даму стратегиясын құруды талап етті. Осы кешенді талдау жоспарлау алдындағы зерттеулердің негізі болып табылады. Тек талдау қорытындысына сүйене отырып қана кәсіпорынішілік жоспарлау үдерісін кейінгі түрде ұйымдастырып, кәсіпорынның даму мақсатына қол жеткізуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау келесілерден тұрады:

  • Бастапқы талдау;

  • Қаржылық тұрақтылықты бағалау;

  • Теңдестіктің абсолютті өтімділігін талдау;

  • Қаржы коэффициентін талдау;

  • Табыстылық пен іскерлік белсенділігінің коэффициенттерін талдау.

Бастапқы талдаудың қорытындысы ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беріледі және теңдестік құрылымның жарамдылығымен төлем қабілеттілігі анықталады. Кәсіпорынның қазіргі жағдайының себептерін, даму болашағын анықтау үшін кәсіпорын қызметіне тереңіне, жан-жақты және кешенді талдау жасалады. Теңдестіктің жалпы сомасының өзгеруін, пассивтер мен активтер құрылымы, айналмалы капиталды қалыптастыру көздері, қаржылық іс-әрекет нәтижелері және т.б. талдаудан өтеді.

Белгілі бір кезең ішінде теңдестік жалпы сомасының азаюы – бұл, негізінен, өндіріс көлемі төмендеуінің нәтижесі болады. Ол төлем қабілетсіздіктің басты себептерінің бірі болып саналады. Пассивтер құрылымын талдау кезінде әдетте келесі бағыттар қаралады:


  • Кәспорынның меншікті және несиеге алған қаражаттарының ара-қатынасы (несиеге алған капиталдың меншікті үлесінің жоғары болуы кәсіпорын іс-әрекетінің тәуекелді екенін көрсетеді, демек ол төлем қабілетсіз болуы да мүмкін деген сөз) және меншікті қаржыландыру көздерінің ара-қатынасы анықталады;

  • Кәсіпорын шығындары мен запастардың меншікті капитал көздері мен қамтамасыз етілуі, сонымен қатар алынған несиелік ресурс ескеріле отырып, анықталады. Бұл сараптама қорлармен қамтылу жөнінде толық түсінік береді;

  • Несиелік қарыздардың пайда болу себептері қаралады, оның меншікті үлесі, өзгеру бағыты, құрылымы, мерзімі өтелмеген қарыздардың үлесі де ескеріледі.

Қаржылық тұрақтылық түріне және оның өзгеру бағытына қарай кәсіпорынның төлем қабілеттілік тұрғысынан сенімділігі жайлы баға беруге болады. Қаржылық тұрақтылықты талдау оның осы жайлы мәнін бейнелейтін көрсеткіштерден басталады. Ұзақ –және орта мерзімді несиелердің негізінен өндірісті дамытуға, қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтауға жұмсалатынын ескеретін болсақ, төлем қабілеттілік шартын орындау үшін запастар мен шығындарды меншікті айналмалы капиталдың көлеміне сәйкес келетіндей етіп шектеуді қажет етеді.

Запастар мен қаржының меншікті және несиеге алған қаражаттар көздерімен қамтамасыз етілуіне қарай қаржылық тұрақтылықтың келесі түрлері болады:

  • Кәсіпорынның абсолютті қаржылық тұрақтылығы (меншікті айналмалы капиталы өндірістік запастар мен шығындардың көлемін қамтамасыз етеді);

  • Қалыпты орнықты қаржылық жағдайы (запастар мен шығындар көлемі мен меншікті айналмалы капиталымен және ұзақ мерзімді несиеге алған көздермен қамтамасыз етіледі);

  • Тұрақсыз қаржылық жағдайы (запастар мен шығындар меншікті айналмалы капиталымен және ұзақ мерзімді несиелермен, қағаздармен қамтамасыз етіледі);

  • Дағдарыстық жағдайы (запастар мен шығындар қаражат көздерімен қамтамасыз етілмеген, яғни кәсіпорын банкротқа ұшырау шегінде тұр деген сөз).


Теңдестік өтімділігін талдау кәсіпорынның несие қабілеттілігін, яғни оның өз міндеттемелерін орындай алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономикада қаржылық жағдайдың бет алысын анықтау қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынға өзіндік қаржы стратегиясын құру қажет.Қаржы стратегиясы – бұл кәсіпорынның жалпы стратегиясының құраушы бөлігі болып саналады. Ол кәсіпорынды қаржы ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс – амалдардың бас жоспарын мен оның іске – асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс – жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зерттейді, кәсіпорынның жаңа ортада тіршілік ету , даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: қаржылық жағдайды талдау, кәсіпорын мүлкін оңтайландыру, табысты бөлу және қолма – қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты құнды қағаздар саясаты.

Қаржы стратегияларын басты және оралымды, басты стратегиялық мақсат және жекелеген стартегиялық міндеттерді орындау стратегиясы деп бөлінеді. Басты қаржы стратегиясы деп кәсіпорынның ұзақ мерзімді кезеңге арнай қаржылық іс – әрекетін айтады.

Қаржының басты стратегиялық қызметі – кәсіпорынды оның мақсатын орындауға қажетті әрі жеткілікті қаржы ресурстары мен қамтамасыз ету.

Қаржылық стратегия басты стратегиялық мақсаты қол жеткізетін тәсілдер мен іс – әрекеттерді қамтиды, атап айтқанда : қаржы ресурстарды құру және оны орталықтан стратегиялық тұрғыда басқару; шешуші бағыттарды анықтап, ресурстарды сонда шоғырландыру; мақсаттарды дәрежесіне қарай бөліп, оларға кезең – кезеңімен қол жеткізу; қаржылық іс –әрекетпен кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын шынайы түрде ескеріп отыру ; стратегиялық резервтер құру және даярлау; кәсіпорынның және бәсекелестерді экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін есепке алу; бәсекелестерінен жоғары дәрежеге қол жеткізу үшін күресу және әдіс – амалдар қолдану.

Демек, кәсіпорынның қаржылық іс – әрекеттегі табысы қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесін ұштастырғанда, сонымен бірге, қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі.Нарықтық экономикада қаржы жайлы ойластыру кәсіпорын іс – әрекетінің бастапқы бастау шегі мен соңғы нәтижесі болып табылады. Қаржы ресурстарынсыз бизнес жасау мүмкін емес, бірақ қазір елімізде қаржы ресурстарын тарту үлкен қиындықтар туғызып отыр. Кәсіпорынның қаржы менеджменттінің басты мәселесі – қаржы ресурстарын тиімді түрде жұмылдыра білу.

Қорытынды.


  • Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады, яғни өндірістің және айналымның қаржы қорытындысын білдіретін кәсіпорын жұмысының нәтижелі көрсеткіші. Сонымен, пайда

дегеніміз – өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалынған шығындардың айырмасы.


  • Пайда өндіріс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру қорын жасау және пайдалану үдерісі кезінде кәсіпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелерінің арасында , сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын білдіреді.

  • Өндірісті басқарудың жаңа жағдайында ішкі шаруашылықтың күрделі қаржыны қаржыландырып, негізгі табыстырды құру және өзіндік айналмалы құралдарды толықтыру ісінде бюджеттік қаржы емес, кәсіпорынның өз табысы негізгі қаржылық көзге айналады.

  • Жоспарлы пайданың жалпы мөлшерін кәсіпорындардың өздері белгілейді. Кәсіпорындар пайдасының жалпы мөлшеріне мыналар жатады : олардың өнімдерін сатудан түскен пайда, көмекші, қайта өңдейтін өндірістен және олардың салаларынан , қызмет көрсетуден алынатын кіріс, сатуға жатпайтын кірістер.

  • Кәсіпорындардың және олардың бөлімшелерінің белгілі бір мерзімінде атқарған жұмысының тиімділігі өндірістің пайдалылығымен айқындалады. Пайдалылық дегеніміз – кәсіпорынның пайдамен және табыспен жұмыс істеуі. Экономикалық категория ретінде пайдалылық кәсіпорынның тек қана ағымдағы өндірістік шығындарды өнімдер сатумен қызмет үшін ақшалай өндіріп алынған қаржымен өтеу қабілеттілігін ғана емес , сонымен бірге өндірісті ұлғайтуға және дамытуға , еңбекшілердің мәдени – тұрмыс дәрежесін арттыруға қажетті пайда ала алатындығын да көрсетеді.

  • Өндірістік бағыттарға жататындар – ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары. Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

  • Өндірістік емес өндіріске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өзгертуге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді. Бұған тұрған үй, мектеп, кітапхана, аурухана, т.б жатады.

  • Пайдалану үдерісіне негізгі өндірістік қорлар табиғи және апалық жағынан тозады, сөйтіп, кәсіпорынды едәуір ысырапқа ұшыратады.

  • Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми- техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен болады.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы»Заңы. Алматы. 2004

  2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы»Заңы. ЛЕМ 2005.

  3. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа кезең – жаңа экономика». Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004.

  4. Попов Н.А. Экономика сельскохозяйственного производства, Учебник. Москва. 1999 г.

  5. Г.Ы. Бекенова. Аграрлық экономика. Оқу құралы. Алматы. 2008 ж.

  6. Керімова У.К., Елтаева Қ.Е. «Ұйымда персоналды басқару». Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2009 ж.

6. Абдильдин С.А. Социально-экономическое планирование. – Алматы, Агроуниверситет, 1999 ж

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Алматы, «Юрист», 2009 ж.

  2. Абдильдина Л.И., Абдильдин С.С. «Экономика предприятия». Алматы.2004 г.

  3. Ниязбеков Р.Қ., Рахметова Б.А., Байнеева П.Т. «Персоналды басқару». Алматы, «Экономика», 2007 ж.

  4. Бельгибаев К.М., Алшынбай А.М., Қайырбаева А.Е., Бекенова Г.Ы., Итекеева Г.К.. Экономика селького хозяйства. Практикум, Алматы, 2003

  5. Бельгибаев К.М. «Экономика аграрного сектора».

  6. Учеб.пособие.2001ж

  7. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері» - Алматы 2012


Мазмұны

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Пайдалылық және оны арттыру жолдары

1.1. Кәсіпорынның қызметінің пайдалылығы

1.2. Кәсіпорын пайдалылығы арттырудың негізгі жолдары

2. . Кәсіпорын пайдалылығы есептеу және қаржылық талдау

2.1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы.

2.2. Пайда - кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы.

2.3. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы.

2.4. Пайдалылықты есептеу



2.5.Қаржылық талдау және кәсіпорынның қаржысын үйлестіру.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.





Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...