Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет



бет1/2
Дата14.11.2021
өлшемі36.86 Kb.
#115186
  1   2
Байланысты:
экономика-9
ыбырай алтынсарин — копия (2), ПИЗА ҚМЖ, Сертификат тест қорытынды Байтенов К.К., вторник

Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.

Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді.  Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.



Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы. 2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды.  Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген.

Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;

  • Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.


Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; акша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бүған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.

Мемлекеттік экономикалық саясатқа ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялық, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа қаржы және мемлекеттік институттарды қалыптастыру мен дамытуды талап етті.

Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеше алмас едік. Ал олар анық көрініс берді.

Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп түрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті.

Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарыққа өтудің табанды кадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске қосу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады.

Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылықты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалық әдістер бойынша күресу көмектеспеді.

Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде көсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бүл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды.

Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретте біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз тандау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқау ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар нысанына қайшы келетін.

Біз өз жолымызды тандадық, ол ұлттық валюта енгізуді көздеді. Қазақстан бүған бұрынғы Одақ елдерінің ішінде соңғысы болып барды, өйткені басқаларға қарағанда Ресеймен экономикалық байланыстары әлдеқайда берік еді. Бірақ біздің шыдамымыз шегіне жетті. Сөйтіп 1998 жылғы 15 карашадан бастап біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — ұлтгық валютамыз теңгеге ие болдық. Жуырда біз аса маңызды жетістігіміз болып, одан кейінгі ауқымды өзгерістерге кеңістік ашқан сол оқиғаның 10 жылдығын атап өттік. Бұл бізге 1999 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсендетуге, ал 2000 жылы оны екі таңбалы көлемге дейін түсіріп, инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.[19] (4- кесте)

4- кесте. Қазақстандағы 1998- 2007 жылдардағы инфляция



Тұтыну бағалары

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

20006

2007

1258

160

129

111

102

118

110

106

107

106,8

Өнеркәсіп

өнімдеріне

өндірушілердің

бағалары


 

2042


 

140


 

119


 

112


 

111


 

119


 

38


 

86


 

112


 

105,9


Тікелей тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет, салық және кеден жүйелерін құру мәселелері де шықты. Іс жүзінде оларды тақыр жерден түзуге тура келді. Бірінші кезенде сәйкес нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етілді.

Ескі жүйені қирату алғашқы жылдары мемлекеттік бюджеттің өте үлкен сәйкессіздіктеріне соқтырды, өйткені әлеуметтік кепілдіктер мелшері нақты экономикалық мүмкіндіктерден асып түрды. Мысалға, 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20 пайыздан артық болды.

Теориялық түрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі үлғайту орынды емес, өйткені бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті қаражат болмады.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 2000 жылы Президенттің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа ие болды. Салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен бірге инвестициялык-өндірістік қызметті ынталандырудың қүралы ретінде де қарастырыла бастады.

Енді экономикалық түрақтану кезеңі басталғаннан кейін салық жүйесінде біз екпінді өндіріс саласынан айналым саласына көшірдік. 2002 жылы ҚҚС ставкасын 16 пайызға дейін, әлеуметтік салықты 26-дан 21 пайызға дейін төмендетілді. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға дейін төмендеді, ал әлеуметтік салықты есептеу кезінде 20-дан 7 пайызға дейінгі регрестік ставка өрекет етеді.

Қазақстанда принципті түрғыдағы жаңа және осы заманғы екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, оны халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекеттік ақша-кредит саясатының тиімділігін кілт арттырды. Екінші деңгейдегі банктер даму серпініне ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы реформалар бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру жөніндегі белсенді күш-жігермен нығайтылды.

Бюджет жүйесін реформалау 2001 жылы «Бюджет жүйесі туралы» Заңның қабылдануымен басталды. Ел Үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық банк кредиттерін алу практикасынан бас тартып, қаржыландырудың инфляциялық емес көздерін пайдалануға көшті. Осы шаралардың бәрі мемлекеттік шығындарды қатаң шектеумен бірлесе келіп, макроэкономикалық түрақтанудың негізіне айналды.

Мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сондай-ак инвестициялық саясатқа байланысты мәселелерге жеке тоқталайық. Ақша массасының қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі бартер болды. Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер төнді.

Қарапайым қисын мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшудің мүмкін еместігін еске салып тұрды. Бүл қадам нарық субъектілерін құру түрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды.

Сондықтан да мемлекет ауқымды жекешелендіруге кірісті. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.

Біріншіден шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында үжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды.

Екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1998-2000 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді.

Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме- сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды.

Көтерме- бөлшек сауда, сауда- саттық және автокөлік бірлестіктері шағын жекешелендіруді жүргізудің алдында дербес заңды тұлғалар құру мақсатымен сегменттелді. Осының арқасында дүкендерді, мейрамханаларды, дәріхана желісін, автомайқүю станцияларын қоса алғанда қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды.

Нарықтық экономиканың негізгі субъектісі маркетинг пен менеджменттің прогресшіл де тиімді әдістерін пайдаланатын меншік иесі болып табылатыны белгілі болды. Купондық жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді, меншікті жайдан- жай бөліп, үлестіріп беруге болмайды. Жаңа меншік иесі капитал мен технологияларды тартуға қабілетті болуы тиіс.

Үшінші кезең 2000 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша каражатына жүзеге асырылды.

Шетелдік компаниялар өзімен бірге сондайлық қажетті инвестициялар, басқарудың озық тәжірибесін әкеледі деп білуіміз орынды екен. Нәтижесінде біздің кәсіпорындар өз дамуының жаңа серпініне ие болды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады.

1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты, сондықтан қазіргі төртінші кезеңде біз мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады.

Республикалық мемлекеттік және коммуналдык мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі үлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай- газ секторында — бұл «ҚазМұнайГаз», энергетикада — «КЕГОК», телекоммуникацияда — «Қазақтелеком», темір жолда — «Қазақстан темір жолы».

Қазір  бұл салаларды да реформалауға жеттік, Темір жол саласын қайта құрылымдау бағдарламасы басталды. Электр энергетикасы және телекоммуникация салаларын монополиясыздандыру міндеті қойылды.

Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 пайызға жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.

Экономикалық реформалар ІЖӨ қүрылымында жақсы байкалады. Мәселен, 1991- ден 2003 жылға дейінгі кезенде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2- ден 52,3 пайызға дейін өсті. ІЖӨ қүрылымының мұндай өзгерісі осы заманғы жалпыөлімдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ІЖӨ құрылымындағы қызмет көрсетудің үлесі Достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарысы (ТМД бойынша орташа 44 пайыз). Әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі шамамен 60- 73 % құрайды, атап айтқанда Жапонияда — 66% , Ұлыбритания мен Германияда — 71 %.

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік- құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру жене өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды.

2002 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.

Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз.

5 — кесте. Әлемде, елдер тобы бойынша және Қазақстанда тікелей шетел инвестициялары ағыны



Өңір/ ел

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Бүкіл әлем

100

116,4

144,1

181,1

327,5

418,3

246,4

204,5

168,6

Дамыған елдер

100

106,9

130,3

229,7

402,7

538,7

277,8

238,2

178,2

Дамушы елдер

100

136,5

170,7

173,4

207,3

225,6

196,4

140,9

153,8

Орталық Азия

100

156,5

232,3

182,1

151,7

114,2

213,9

272,1

367,0

Қазақстан

100

170,1

214,1

125,3

188,2

282,6

463,1

417,3

476,5

ОШЕ

100

95,0

134,0

170,4

185,9

192,8

184,8

218,9

147,0

Ресей

100

127,9

241,3

137,0

164,1

134,6

122,5

171,7

56,7

өзгерісінің динамикасы, 1998 — 2006 жж., %- бен.

Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары                                                               көрсеткіші (5-кесте) біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай- газ саласындағы ресурстарды     игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы    қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында   Қазақстанның   өзі   орасан   кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1998 жылы «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

Инвесторлардың мұнай- газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жүмыс істейді. Олардың арасында «Эксон Мобил», «Шелл», «Эни», «ШевронТексако», «Тоталь», «Бритиш петролеум», «Лукойл», Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың казақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.[12]

Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты.

Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақүрылым жасаудың маңызы бұдан кем емес болатын. Кеңестік кезенде ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба құбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді өту жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сенді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайраңдағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба құбырының құрылысы басталады.

Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады.

Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін көтерді. «Самсунг» және «Қазақмыс» корпорациялары саланың дамуына 1

833,5 млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат металдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті.

Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын- мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады.

Нақ осы салалар бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың бірі.

Алдағы кезде бюджет жоғары қосымша құны бар дайын өнімнің, шағын және орта бизнес пен өндеу салаларын дамыту түсімдері есебінен барған сайын көбірек толығатын болады.

Экономикадағы реформалар өздігінен қатардағы азаматтар тарапынан меншікке деген көзқарастың өзгеруі жағдайында ғана тиімділік бере алар еді, тұрғын үйді жекешелендіру кезеңінде осылай болды да. Меншікке ие ету тұрғын халық менталитетінің өзгеруіне әкелді. Мемлекетке иек арту, масылдык психология өткенге кете бастады. Енді өз тұрғын үйінің жауапкершілігі азаматтардың өздеріне көшті.

Тұрғын үй- коммуналдык шаруашылықты одан әрі өзгерту қажеттілігі пайда болды. Қасаң ТПК- лардың орнына халықтың пәтер иелерінің коопера-тивтері тұрпатындағы өз ұйымдарына екпін түсірілді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру