10. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру және қаржыландыру көздері
Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру үшін ең алдымен ол кәсіп қаржыландырылатын болады.
Қаржыландыру – ақшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісі.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру – жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету шарттары мен қағидаларының нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Кәсіпорындардың, түрлі деңгейдегі бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың, жекеше инвесторлардың қаражаты, басқа қаржы көздерінің есебінен қаржыландырылады. Қаржыландыру көлемі жоспарланған шығыс пен онын қамтамасыз етілу көздері негізінде айқындалады.
Кәсіпкер қаржыландыру көзінің қайсысын таңдайтындығы туралы шешім қабылдамастан бұрын, меншікті капиталы арқылы осы мәселені шешуге мүмкіншілігінің бар не жоқ екендігін анықтап алуы тиіс.
Кәсіпкерге бизнесті бастау үшін 300000 теңге қажет делік. Ол бұл қаржыны несие алу арқылы немесе өз қаржы көздерін жұмылдыру арқылы қамтамасыз етуі мүмкін. Осы мәселенің шешімі көбіне кәсіпорынның бизнес түріне, қаржы тұрақтылығына және жалпы экономикалық жағдайға, мысалға, банктік пайыз мөлшерлемесіне, сондай-ақ, кәсіпкердің өзіне және оның несие алуға деген көзқарасына байланысты.
Қаржыландырудың келесі маңызды қайнар көзі – коммерциялық банктер. Банктік несиенің берілуінің барлық кезде артықшылығы болғанымен оның кемшіліктері де бар, соның ішінде жоғарғы %-дық өлшем, белгілі бір мерзімде несиені қайтару қажеттілігі, төлемді алдын ала анықталған график бойынша жүзеге асыру, соңында жеке кепілдіктер беру сияқты.
11. Кәсіпкерлік тәуекелдердің мәні және жіктемесі
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |