«Кәсіпкерлік және бизнес» пәні бойынша сұрақтар Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері



бет6/40
Дата20.05.2022
өлшемі1.25 Mb.
#256447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
КАСИПКЕРЛИК СЕССИЯ (копия) (копия) (1)
7 б, БӨЖ 6 КжБ
8. Өз ісін құрудың сатылары
Жалпы шарттар:
бастапқы капитал;
кеңсе, цех, т.б. жайлар;
нарықты сегменттеу;
персоналды қалыптастыру.
Өз ісін жүзеге асырудың сатылары:
Өзіндік бағалау;
Кәсіпкерлік идея;
Тәуекелдерді бағалау;
Қаржыландыруды тарту туралы шешім;
Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау;
Тіркеу.
9. Бизнес-жоспардың негізгі тарауларының мазмұны және сипаттамасы
Бизнес – жоспардың негізгі тараулары мынадай болып келеді:
1. қысқаша суреттеме
2. бизнес пен оның жалпы стратегиясы
3. нарық және маркетинг стратегиясы (маркетинг жоспары)
4. өндіріс пен пайдалану
5. басқару және шешім қабылдау процесі
6. қаржы жоспары
7. тәуекел факторлары
1. Қысқаша суреттеме.
Бұл тарау жоспардың маңызды тарауларының бірі. Қысқаша суреттеме жасауға арналған сұрақтардың бақылау тізімі: бизнес құрылу және өсу кезеңдерін суреттейтін қысқаша тарихы, бизнес пен бизнес жүргізілетін ортаның даму сапаларын қысқаша суреттеу; акциялар мен жауапкершіліктің бөлінісіне қысқаша суреттеме, стратегиялық шешімдер қабылдауда басшылықтың қатысуын қысқаша суреттеу (мәселен, қайта өңдеу және маркенг кезінде өнімнің қысқаша құны туралы көрсеткіштер); ұсынылатын бизнес-жоспарды қалай іске асыру қажеттілігін сипаттайды.
2. Бизнес пен оның жалпы стратегиясы.
Бұл тарау компанияға мұқият суреттеме беруді қарастырады. Бизнес пен оның жалпы стратегиясын суреттеуге арналған сұрақтардың бақылау тізімі: бизнес ұйымдастыруын, оған қатысу формасын, директорлар кеңесін суреттеу, жоғары кәсіби қызметкерлер құрамы мен басқару, бизнес мақсатын суреттеу, экономикалық артықшылықтары қандай болады.
3. Маркетинг талдауы мен маркетинг стратегиясы бизнестің алдын-ала болжанушы кірісіне баға береді.
Бұл тарау мыналардан құрылуы тиіс:
- өнеркәсіп секторын талдау, оның құрылымы бизнестің табысты болуына мол әсер етеді;
- тұтынушылар қажеттілігін талдау;
- күшті және нашар жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау.
4. Өндіріс пен пайдалану.
Бұл сатыда бизнес құру, кеңейту және құрылымын өзгерту бойынша шешім қабылданғандығы, жоспарды іске асыру үшін уақытша жуық кезең белгіленгендігі қарастырылады. Осы тарауда, өндіріс процесі мен жұмысты ұйымдастыру мұқият суреттелуі қажет, бағаға әсер ететін барлық факторларға көңіл бөлінеді.
5. Қаржы.
Бизнес-жоспардың қаржы бөлімінде келесі негізгі сәттер бейнеленуі тиіс: пайдалылық, қолма-қол ақша ағыны,жоспарлаудың ұзақтылығы.
6. Тәуекел факторлары.
Тәуекел әсерін басқару бизнесте жолығатын негізгі тәуекелдерді шынайы бағалаудан басталады. Тәуекелдің екі түрі бар. Техникалық тәуекел және қаржы тәуекелі. Техникалық тәуекел (шикізаттың болмауы, өнімнің төлем сапасы, мемлекеттік нормативтерді сақтамау, өндіріс технологиясы әсер ететін жаңа сыртқы тәуекел). Қаржы тәуекелдері: сезімталдық (бизнес көрсеткіштерінің кейбір өзгерістері тым сезімтал болса, компания басшылықтары оларды үнемі бақылап отыруы тиіс. Мысалы, электр немесе шикізат тұтыну бағасы 30 процентке өссе немесе сату бағасын немесе өнімді шығару көлемін 25 процентке төмендету сияқты.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру