55. Франчайзингтің мәні мен түрлері
Франчайзинг– лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет. Ал лицензиялық кешен деп бірқатар санаткерлік меншік объектілерінің құқықтарын айтамыз.
Жалпы мағынасында, франчайзинті – тауарлар мен қызметтерді өткізу, материалдық тән қаржылық ресурстарды кооперациялау негізінде нарықты жаулап алу және дамыту тәсілі ретінде, сондй-ақ шағын жәін орта бизнес интеграциясы ретінде қарастыруға болады.
Франчайзер мен франчайза арасындағы қарым-қатынас франшиза деп аталатын лицензиямен реттеледі.
Франшиза:
Біріншіден, франчайзерге тиесілі тауарлар мен қызметтердің айрықша атауын пайдалана отырып, франчайзиге келісілген кезең ішінде белгілі бір бизнеспен айналысуға рұқсат етеді немесе міндеттейді;
Екіншіден, франчайзерге бизнесті жүргізуді бақылауға құқық береді;
Үшіншіден, франчайзерге кәсіпорынды ұйымдастыру, персоналды оқыту, сатуды басқару, т.с.с. бойынша франчайзиге көмектесу міндетін жүктейді;
Төртіншіден, франчайзерге франшиза үшін бастапқы жарна мен жүйеі түрде аударымдарды (роляьти) төлеу франчайзидің міндеті болып табылады.
56. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары
АТАМЕКЕН ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының мынадай бағдарламалары бар:
1. Сервистік қызметтер (қаржылай емес қолдау)
2. «Аға сеньорлар» (шетелден маман тарту)
3. «Іскерлік байланыстар» (шетелдік компанияларда тәжірибе жинақтау)
4. Бизнес мектебінде оқыту және салалық семинарлар
5. SES бағдарламасы (Германиядан сарапшы тарту)
6. ЕҚДБ арқылы шығындарды өтеу бағдарламасы (Business advice support)
7. Ontustik Onimderi каталогінде және Infomob мобильді қосымшасында орналастыру
Сонымен қатар, бизнес кеңесші, бизнес өсу, жобалық оқыту сынды бағдарламалары бар.
«Даму» Қорының экспресс кепілдіктер, жеке кепілдіктер, Даму оптима сынды бағдарламалары бар.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында (Бизнестің жол картасы-2020, Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020) қаржыны еліміздің барлық өңірлерінде инженерлік коммуникацияларын тартқан райда, дайын жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен өнеркәсіптік бағыттағы құрылыстар түрінде шағын индустриалды аймақтар құруға бағыттау ұсынылып отыр. Ол жерде жалға алу шарттары бойынша шағын өндірістік кәсіпорындар орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |