27. Шарт бөлімдерінің құрылымы мен мазмұны
Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ келісімшартта көрсетілген мүлікті, ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат.
Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.
Кез-келген Шарттың құрылымы, әдетте, келесі қажетті бөлімдерді қамтиды:
- КІРІСПЕ (КІРІСПЕ бөлім)
- Шарттың мазмұны (немесе мәні)
- Шарттың қосымша талаптары
- Шарттың өзге де талаптары
Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;
ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;
б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.
28. Кәсіпкерлік мәдениетінің мәні мен маңызы
Кәсіпкерлік мәдениеті – кәсіпкерлік сферада әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесін сақтай отырып, іргелі қағидалары мен тәртіп үлгілері жиынтығын пайдалану арқылы экономикалық белсенділік формаларын сақтап жұмыс атқару.
Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне төмендегілер жатады.
- кәсіпкердің өзіне жүктелген міндеттемелер мен жауапкершілікті атқаруы;
- кәсіпкерлік оның субъектісінің қызмет етуімен тығыз байланысты. Яғни, өзінің қызмет етуінде адалдық таныту. Адамдарға, тұтынушыларға, әріптестерге, мемлекетке шынайы, адал қарым-қатынас көрсету – кәсіпкерлік мәдениеттің түп тұлғасы.
Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормалармен, фирманың этикалық кодексін, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерін, кәсіби этиканы енгізетін жиынтық элементтерді сақтауы маңызды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жалпы мәдениеттілік, тәрбиелік деңгейі, олардың қоғамдағы дәстүрлер мен дағдыларды сақтауы, заңды бизнес жүргізуге қажетті білім деңгейін меңгеруі де маңызды.
Кәсіпкерлік мәдениет құқықтық және этикалық нормалар критерилері ретінде келесілерді енгізеді: мемлекетпен, қоғаммен, жұмыскерлермен, тұтынушылармен, әріптестермен, бәсекелестермен және басқа да шаруашылық субъектілермен, сонымен қатар, кәсіпкерлікке жанама не тікелей әсер ететін қызмет етуші құқықтық актілер, ережелер, нормалар, стандарттарды сақтауы.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы келесідей факторлармен айқындалады:
- өркенниетті сыртқы кәсіпкерлік орта;
- қоғамдық және мемлекеттік менталитет;
- қоршаған ортаға байланысты құқықтық нормалар, ережелер, міндеттемелер;
- кәсіпкерлердің жауапкершіліктері;
- кәсіпкердің өзі және корпоративтік мәдениет.
Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне негізделеді және онымен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |