23. Коммерциялық құпияны жария еткені үшін қолданылатын шаралар
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, жария еткен немесе
пайдаланған адамдар келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына
сәйкес ӛтеуге мәнідетті.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 126 бабына сәйкес, үшінші жаққа белгісіз
болуына байланысты ақпараттың нақты немесе әлеуетті коммерциялық құны болып, онымен
заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға
шара қолданатын жағдайда, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат
азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен алған адамдар,
қызметшілер немесе контрагенттер қызметтік немесе коммерциялық құпияны жария етсе,
келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
24. Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі қазіргі кезде кәсіпкерлік сферасындағы заңдық жауапкершілік түрлерінің қатарына әкімшілік жауапкершілікті жатқызуға болады. әкімшілік құқық- бұзушылык ( азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке қол сұғуды көздейтін заңға қайшы әрекеттер) жасалған кезде. әкмшілік жауапкершілік туындайды. әкімшілік жауапкершіліктің іс- шаралары зан бұзушыға моральдық және материалдык ықпал етуді қамтиды
Қазақстан республикасының « әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде «кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық» деп аталатын арнайы тарау ( 14 - тарау) бар, онда кәсіпкерлік сферасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың 39 құрамы бар. атап айтқанда мысалы, 140 - бап. шикізатті, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын қазақстан республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу»; 143 бап. «заңсыз кәсіпкерлік»; 143-2 бап. «заңсыз банктік қызмет»; 144-1- бап. «көрінеу жалған жарнама»: және тағы басқалар.
Мысалы, 143 - бапта сәйкес, заңсыз кәсіпкелікпен айналысқан жағдайда жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға- келтірілген зиян сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының отыз пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілірі болып табылатын заңды тұлғаларға ету пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу, белгіленген адамның осындай қызметпен айналысқаны үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы- айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |