19.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні мен қажеттілігі
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – бұл кәсіпкерліктін
дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік
әдістер мен шаралар. Мемлекет кәсіпкерлікті қолдау арқылы бірқатар маңызды міндеттерді
шешеді. Олардын ішінде:
- Жаңа жұмыс орындарының ашылуы және жұмыссыздықтың азаюы;
- Ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету;
- Бизнес-идеяларды жүзеге асыру мен инновацияның дамуы;
Салықтық түсімдердің өсуі және т.б.
Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау экономика және қоғам үшін өте
қажетті.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi
бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жеке кәсiпкерлiктi реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнаманы
жетiлдiру;
- жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнесинкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық
аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының
басқа да объектiлерiн құру және дамыту;
20. Кәсіпорын персоналы және оның құрылымы
Персонал– ұйымдағы барлық адамдар ресурсатының жиынтығы.
Кәсіпорын персоналы деп оның тізімдік құрамына кіретін барлық жұмыскерлердің жиынтығын айтамыз.
Кәсіпорынның барлық персоналдары кәсібі, мамандығы және біліктілік
деңгейі бойынша бөлуге болады
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс жасайтындарды 2 топқа бөлуге болады :
Өнеркәсіптік– өндірістік персонал;
Өнеркәсіптік – өндірістік емес персонал;
Өнеркәсiптiк - өндiрiстiк персоналдарға өнiм өндiрiсiмен айналысатын жұмысшылар жатады.
Өнеркәсiптiк емес топтар персоналдары өнiм өнiдiрiсiмен тiкелей қатынасы жоқ қызметкерлердi қамтиды.
21. Кадр саясаты және оның түрлері
Ұйымның кадр саясаты– бұл, ең алдымен, қызметкерлермен жұмыс жасаудың басты бағытын анықтайтын, қызметкерлермен жұмыс істеу саласында саналы түрде меңгерілуге және қалыптасуға тиіс қағидаттар мен әдістердің, қағидалар мен нормалардың жиынтығын қамтитын құжат.
Кадрлық саясаттың мақсаты– ұйымды компанияның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін жұмыскерлердің сапалы және сандық құрамымен қамтамасыз ету болып табылады, ол компания персоналының дамуы мен қызметіне байланысты барлық салаларды қамтиды.
Кадр саясатының түрлері
1. Пассивті (енжар)
2. Реактивті
3. Превентивті
4. Активті (белсенді)
Пассивті (енжар) кадр саясаты.Мұнда кәсіпорын басшылығының персоналға қатысты нақты бағдарламасы жоқ және кадрлармен жұмыс кадр жағдайының диагностикасы,персоналды бағалау арқылы негативті салдарларды жоюға бағытталады.
Реактивті кадр саясаты. Басшылық дағдарыстың даму жағдайын білген кезде,жоғары өнімділікті еңбекке мотивация болмағанда,сондай-ақ персонал жұмысындағы негативті жағдайдың туындау себептеріне бақылау жасай алған кезде жүргізіледі.
Превентивті кадр саясаты. Кәсіпорын басшылығы қалыптасқан жағдайды дамытудың негізделген болжамдарын иеленген кезде ғана қолданылады.
Активті (белсенді) кадр саясаты. Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып бағдарламалардың орындалуына түзетулер енгізуге мүмкіндігі болған кезде қолданылады.
Кадр саясатын қалыптастыру кезінде сыртқы ортаға қатысты ашықтық дәрежесіне және персоналға бағытталуына байланысты ашық және жабық кадр саясаты болып бөлінеді.
Ашық кадр саясаты. Кәсіпорын кез-келген деңгейде әлеуетті қызметкерлер үшін ашық болған кезде қолданылады.
Жабық кадр саясатында кәсіпорын жаңа персоналды төменгі лауазымдық деңгейден ғана қабылдайды, ал бос лауазымдарға тек өзінің қызметкерлерінің ішінен ғана орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |