17. Стартап қызметіне қажетті ресурстар
Стартап бұл – дамуы мен өсуіне қолдауды қажет ететін жаңадан бастау алып келе жатқан жаңа бизнес жоба немесе жас компанияны атаймыз. Стартап қызметіне арналған қажетті ресурстарды төрт топқа бөлуге болады: - материалдық; -қаржылық; адами; зияткерлік және уақытша.
Қаржы ресурстары - бұл бизнес иелері жинаған немесе банкте немесе басқа ұйымда кредитке берілетін ресурс.
Зияткерлік ресурстар - бұл сіздің қызметкерлеріңіздің білімі, біліктілігі, білім деңгейі, жаңа технологиялар, лицензиялавторлық құқық, бағдарламалық касақтама, нарық, бәсекелестік туралы білім және т. б. сондай-ақ зияткерлік ресурстарға мыналар жатады: сауда маркалары - яғни тауарлардың белгілері - сөздік немесе графикалық, өнімдердің брендтері, логотиптер, слогандар: авторлық құқықтар - сіздің шығармашылықызметіңіздің нәтижесінде құрғаныңыз бағдарламалар, фильмдер, музыка, веб-сайттар және т. б.
Ресурстардың келесі түрі - адами, бизнестің уақытша ресурстары немесе резервтері өте шектеулі. Резервтері өте шектеулі: оны жинақтау мүмкін емес. оны жұмсауға немесе пайдалану кезеңін созуға болмайды.
18. Кәсіпорын персоналын басқару кезеңдері
Персоналды басқару – іс әрекеттің атқарымдық функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынға қажетті уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада персоналмен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру,оқыту және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйым игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады. Персоналдарды басқару ісінің негізін құраушы, басты элемент – кәсіпорынның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын деңгейіндегі қызметкерлер, жалпы алғанда адам ресурстарын нәтижелі жоспарлау, бөлу және кәсіби дамыту. Оның негізгі элементтерін саралай келе біз қызметкерлерді басқару ісінің бөлінісі құрылымын және ұжымдық жүйедегі көрінісін байқай аламыз.
Кәсіпорын персоналы бір мезетте басқару объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік үрдістің бір бөлігі болып табылады. Сондақтан өндірісте адам ресурстарын жоспалау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық – заттай элементтерін басқаруға ұқсас болып келеді
• Персоналды жоспарлау
• Персоналдарды іздеу және іріктеу
• Персоналдар санын реттеу
• Жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімдеу
• Персоналдардың кәсіби маңызды қасиеттері мен біліктілігін бағалау
• Оқыту мен дамытуды ұйымдастыру
• Еңбек нәтижелерін бағалау
• Еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастыру
• Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қолдау
Достарыңызбен бөлісу: |